Факультеттің миссиясы:
(1).png)
Заман талабына сай сапалы білім беретін, бәсекеге қабілетті, сыни тұрғыдан ойлайтын, дін құбылысын ғылыми және бейтарап зерттейтін дінтанушы-теолог мамандар дайындайтын факультет болу.
Факультеттің даму перспективасы
Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу және іске асыру (24.02.2024ж) бойынша көрсетілген бағыттар негізінде сапалы білім беру және ғылыми әлеуетін дамыту арқылы университетіміздің түркі әлеміндегі алдыңғы қатарлы оқу орнына айналуына үлес қосу. Атап айтқанда төменде көрсетілген бағыттарда дамуға басымдық беріледі:
- Академиялық үстемдікке қол жеткізу: БББ нарық сұранысына қарай ұдайы жаңарту, ОПҚ біліктілігін арттыру, ОПҚ және студенттерге арналған шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту, Аккредитация.
- Ғылыми зерттеу: Ғылыми жарияланымдарды сандық әрі сапалық тұрғыдан арттыру, гранттық жобалар санын ұлғайту, әріптес ғылыми ұйымдармен ортақ зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
- Әлеуметтік-мәдени сала: Мәдени-рухани саланы дамытуға әсер беретін әртүрлі деңгейдегі конференция, семинар және т.б. іс-шараларды ұйымдастыру.