Тарих және жалпы ақпарат
Білім ордамыз Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1991 жылы 6 маусымда «Түркістан мемлекеттік университеті» болып, Түркістан қаласында ашылған. 1992 жылы 31 қазанда Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Үкiметтерiнiң екi жакты келiсiмi негiзiнде Түркі жұртының Пірі, ұстаз, ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің есімі беріліп оқу ордамыз «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» болып қайта құрылды. Университет Қазақ Мемлекетіндегі ең алғаш ашылған Халықаралық жоғары оқу орны, сондай-ақ Түркi тiлдес мемлекеттер арасындагы Халықаралық мәртебеге ие жалғыз бiлiм-гылым ордасы.
Қазақстанда дін саласы мамандарын ең алғашқы болып 1991 жылдан берi Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті дайындап келеді. Қазіргі уақытқа дейін Дінтану және Теология білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды Қазақстандық және Түркиялық білікті оқытушы-профессорлар, Дінтану және теология кафедралары аясында дайындап келеді. 2021 жылдың 01 қыркүйегінен бастап университетіміздің ректоры Жанар Амангелдіқызы Темірбекованың қолдауының арқасында «Дінтану және теология» кафедрасының канаты кеңейе келе, Теология факультеті болып құрылды.