• image image image image
  • shape
    shape

    Хабарландырулар

    Blog Image

    Жас мамандар назарына!

    Қожа  Ахмет  Ясауи  атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Ректораты

    Жас мамандар назарына!

    Университетіміздің 76-ші Өкілетті Кеңес мәжілісінің 7-ші шешіміне сәйкес,  Өкілетті Кеңес Басқармасы тарапынан шәкіртақы тағайындалып, Түркия Республикасы университеттерінде “жоғары оқу орнынан кейін білім алуға,  медицина саласы бойынша кәсіби біліктілік арттыруға” жіберілетін білімгерлер мен мамандар үшін 2024-2025 оқу жылына берілген контингенттерге конкурс жариялайды: 

    Мамандық атауы

    Докторантура 

    Кәсіби біліктілік арттыру және мерзімі 

    1.  

    Басқаруда ақпараттық жүйелер (Yönetim Bilişim Sistemleri)

    1

     

    2.

    Электрик-электроника инженериясы (Elektrik-Elektronik Mühendesliği)

    1

     

    3.

    Ақпараттық жүйелер 

    (Bilişim Sistemleri)

    1

     

    4.

    Машина инженериясы 

    (Makine Mühendesliği)

    1

     

    5.

    Аударма ісі (ағылшын тілі) 

    (İngilizce Mütercim Tercumanlık)

    3

     

    6.

    Туризм менеджменті 

    (Turizm İşletmeciliği)

    1

     

    7.

    Білім беруде өлшеу және бағалау (Eğitimde Ölçme ve Değerlendirme)

    2

     

    8.

    Педагогика және психология (Rehberlik ve Psikolojik Danışmanlık)

    1

     

    9.

    Ортопедия  (Ortopedi)

     

    1 (1 жыл)

    10.

    Нейрохирургия (Beyin Cerrahisi)

     

    1 (1 жыл)

    11.

    Жүрек тамыр хирургиясы 

     (Kalp Damar Cerrahisi)

     

    1 (1 жыл)

    12.

    Балалар хирургиясы 

    (Çocuk Cerrahisi)

     

    1 (1 жыл)

     

    Жалпы 

    11

    4

    Үміткерге қойылатын талаптар мен қажетті құжаттар:

    1.    Университет ректоры атына өтініші;
    2.    Жеке куәлік көшірмесі; 
    3.  Магистратура немесе докторантура бағдарламасында білім алуға үміткер магистратура және докторантура  бағдарламасына сәйкес мамандық бойынша бакалавриат/магистратура бағдарламасын бітіруі 
    4.    Жоғары білімі туралы дипломы мен қосымшасы көшірмелерінің нотариалды куәландырылған болуы;
    5.    Магистратура бағдарламасына, медицина саласында мамандануда біліктілік арттыруға жолданатын үміткер ең соңғы алған дипломдағы орташа үлгерім ұпайы кем дегенде 3,40/4,00 немесе 85/100 және одан жоғары ұпай жинаған болуы; 
    6.    Докторантура бағдарламасына жолданатын үміткердің ең соңғы дипломдағы орташа үлгерім ұпайы кем дегенде 3.00/4.00 немесе 75/100 және одан да жоғары болуы; 
    7.    Докторантура бағдарламасында білім алуға үміткердің кем дегенде 1 (бір)  ғылыми мақаласының жарияланған болуы; 
    8.    Өтініш берілген күннен бастап соңғы 5 (бес) жыл ішінде Юнус Эмре институты Түрік тілі біліктілік емтиханынан ең кем С1 деңгейі сертификаты (ең кем 70 ұпай) иегері болуы; 
    9.    Тәртіптік шараға тартылмаған болуы;
    10. Магистратура бағдарламасында білім алуға үміткердің жасы 1-қаңтардан бастап 30-дан, докторантура бағдарламасында білім алуға үміткердің жасы 35-тен аспаған болуы қажет. 
    11.    Медицина саласында мамандануға жолданатын үміткердің маман сертификатының болуы; 
    12.  Оқуына кедергі болмайтын ауыр науқасқа немесе жұқпалы ауруға шалдықпағанын растайтын денсаулығы туралы анықтамасының болуы;

    Ескертулер:

    - Конкурс жарияланған мамандыққа сәйкес бакалавриат/магистратура бағдарламасын аяқтамаған үміткерлер өтініш білдірген жағдайда үміткердің құжаттары магистратура бағдарламасын 2023-2024 оқу жылының 20-маусымына дейін аяқтау шартымен қабылданып, конкурска қатыстырылады. Құжаттары шартты түрде қабылданған үміткер конкурс нәтижесінде жоғары ұпай жинаса, мамандыққа берілген контингентке қабылдану құқығына ие болады. Алайда, конкурсқа қатысып, жоғары ұпай жинап контингентке қабылдану құқығына ие бола тұра магистратура бағдарламасын аяқтай алмаған жағдайда үміткер докторантура бағдарламасына қабылдану құқығынан айырылады.

    - ХҚТУ-іне білікті оқытушы мамандарды даярлау мақсатында ЖОО-да білім алуын табысты аяқтаған үміткерлер жіберілетіндіктен екі елдің жауапты тұлғалары шеңберінде мұқият түрде базалық білім нәтижелері, түрік тілі біліктілік деңгейі және саласы бойынша жасаған ғылыми жұмыстары сарапқа салынады. Үміткерлер білім алуларын бастамай тұрып, университет Ректоратымен “Міндетті қызмет атқару” келісімшарты жасалады. Оқуын сәтті аяқтаған мамандар Түркияда қанша мерзім шәкіртақылы негізде білім алған болса (демалыс күндерін қосқанда) сонша мерзім көлемінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Қазақстандағы құрылымдық бірліктерінің бірінде міндетті қызмет атқаруы тиіс. Шәкіртақы тағайындалған тұлға түзілген келісімшарт талаптары негізінде міндетті қызметіне кіріспеген жағдайда немесе жұмыс мерзімі аяқталмай тұрып университеттегі жұмысынан өз еркімен босаған жағдайда білім алуы үшін жұмсалған (шәкіртақы мен басқа да төлемдер) қаражат барлығы заңды пайызымен есепке алына отырып, заңды пайызымен нақты немесе белгілі бір мөлшерін (белгіленген мерзімдер аралығында теңдей бөлшектерін жүйелі қайтару арқылы) Қазақстан Республикасының азаматтары Ректоратқа қайтаруға міндеттеледі.

    Конкурс жарияланатын контингенттерге өтініш білдіргісі келетін үміткерлер үшін қосымша хабарлама:

    - Юнус Эмре институтының 2024 жылдың 27 сәуір күні университетімізде өткізілетін емтихандары үшін өтініш білдіру мерзімінің соңғы күні  - 31 наурыз. Тіркелу үшін: sinav.yee.org.tr  ақпарат алу үшін:  tys.yee.org.tr. Емтихан бойынша қосымша ақпарат үшін: бас ғимарат, 320-бөлмеге келуілеріне болады.  

    Құжат қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 27- наурызы мен 10-мамыр аралығы.

    Қабылдау жұмыстарына байланысты ақпараттар туралы қосымша хабарлама беріліп отырады.

    Құжаттар Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, № 29,  Ректорат ғимаратының 3-қабаты, 304-бөлмесінде 10.00-17.00 ге дейін қабылданады. Түскі үзіліс 13.00-14.00 дейін

    Байланыс телефондары:  8 (725 33) 63601
    Ұялы тел: 8 702 498 06 65  Динара Зулпихарова