shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ӨКІЛЕТТІ КЕҢЕСТІҢ 78-МӘЖІЛІСІ: ҚОС БІРДЕЙ ФАКУЛЬТЕТ ҚҰРЫЛАДЫ

Астана қаласында оқу орнымыздың Өкілетті Кеңесінің 78-мәжілісі өтіп, өзекті мәселелер қаралып, маңызды шешімдер қабылданды.

Жиынға Өкілетті Кеңес Төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек, Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Талғат Ешенкулов, Түркия тарапынан Өкілетті Кеңес мүшесі Ибрахим Калын, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, танымал ғалым және қоғам қайраткері Дархан Қыдырәлі, Түркия тарапынан Мәдениет және туризм вице-министрі Сердар Чам, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Қазақстанның Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры Жанар Алдасугурова және университет ректоры Жанар Темірбекова қатысты. 

Мәжіліс барысында Өкілетті Кеңес Төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек алғы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Бұдан әрі күн тәртібінде университеттің дамуы мен стратегиялық бағыттарына қатысты маңызды мәселелер қарастырылды. Атап айтар болсақ:

• Ректорат тарапынан атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды;

• 2023 жылғы қаржылық есеп ұсынылып, 2025 қаржы жылының бюджеті талқыланды;

• 2023 жылғы әкімшілік-шаруашылық және қаржы тексеру есебі, сондай-ақ 2022-2023 оқу жылына арналған академиялық тексеру нәтижелері қаралды;

• 2025-2026 оқу жылы Түркия Республикасынан, Түркі тілдес республикалар мен туыстас қауымдастықтардан және басқа мемлекеттерден қабылданатын студенттер контингентін, ТүрТЕП бағдарламаларына қабылданатын студент контингентін белгілеу туралы ұсыныстар талқыланды.;

• 2025-2026 оқу жылына шәкіртақы негізінде магистратура, докторантура және кәсіби біліктілікті арттыру мен тәжірибе алмасуға жіберілетін үміткерлердің санын және Ясауи атындағы докторантура бағдарламасының шәкіртақы контингенті мен мамандықтарын анықтау мәселесін қарастырды;

• Университет құрамында "Заң" факультеті мен "Өнер, медиа және дизайн" факультетін ашу туралы шешім қабылданды;

• Дайындық орталығында "Жалпы пәндер" бөлімін құру ұсынысы қарастырылды.

Күн тәртібінде, сондай-ақ, университеттің стратегиялық бағыттарын қамтитын басқа мәселелер де қарастырылды.

Өкілетті Кеңес мәжілісіне қатысушылар отырыс қорытындысында жиынның нәтижелі өткенін тілге тиек етіп, қабылданған шешімдердің жемісті болатынына сенім білдірді.