shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

САЛАУАТТЫ САНА ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін университетімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Салауатты сана» жобасы аясында жастармен  кездесу өтті.

 Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері мен құқық қорғау органдарының өкілдері, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.

Салауатты сана – ҚР Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзі негізіндегі қауіпсіз өмір сүру  үшін арылу керек әлеуметтік  кеселдермен күресу туралы  берген тапсырмасы негізіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының  Аналар кеңесі мен ҚХА  Хатшылығы жасақтаған жобасы. Яғни, нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресуге бағытталған жоба.

Айтулы жиында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы  Гүлсара Тоққұлова модератор болды. 

Іс-шарада сөз бастаған Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Жанар Қалабаева тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша ақпарат берді. 

Ал, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысының орынбасары Ерназар Баетов: 

«Жастар бүгінгідей іс-шараларда арнайы келген мамандардың берген ақпаратынан қорытынды шығаруы тиіс. Әр жиынның берер нәтижесі болғаны дұрыс. Көп болып, қоғамның ауыр дерттерімен күресу арқылы ғана оң нәтижеге қол жеткіземіз»,-деді.

Келесі кезекті, әлеуметтік-мәдени мәселелер вице-ректоры Еділ Төлегенов:

«Жастар – ел болашағы. Бүгінгі жиынға университетіміз бен мектептердің үздік жастары мен көшбасшыларын жинадық. Себебі, көшбасшы жастар осында айтылған құнды ойларды өз орталарына таратады деп сенеміз.

Нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін жастар тәрбиелі, сауатты болуы керек. Білім-ғылыммен айналысқан жастың жоғарыда атап өткен зиянды әрекеттермен ісі болмайды. Сондықтан, студенттер мен оқушыларды уақытты бос өткізбей, білім көкжиегін кеңейтуге шақырамыз»,-деді.

Тағылымы мол жиында отбасылық психолог Ақерке Мубарова, оқу ордамыздағы Аналар кеңесінің төрайымы  Балтагүл Оспанова мен Әкелер мектебінің төрағасы, ф.ғ.к, профессор Бекжігіт Сердәлі сынды өзге де тұлғалар тақырыпқа байланысты пікірлерімен бөлісті.

Жиын соңында жастарды қоғамның бес әлеуметтік дертіне қатысты төзімсіздікке тексеру эксперименті (ойын түрінде) ұйымдастырылды.