УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ЛИГАСЫ БАСТАЛДЫ
Студенттер лигасы аясында қатысушылар кіші футбол (футзал), волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, жүгіру және эстафета сынды спорт түрлерінен сынға түседі.
Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген университетіміздің әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов студенттерді жарыстың басталуымен құттықтап, бұқаралық спорттың тұлға болып қалыптасудағы маңызды рөлі туралы айтты. Сондай-ақ, қатысушы студенттерге әділ ойын мен сәттілік тіледі.
Студенттер лигасына Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі, Кентау институты (Дайындық орталығы мен Инженерия факультеті), Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Филология, Теология, Экономика, басқару және құқық факультеттерінің командалары қатысып жатыр.
Айта кетейік, бүгін спорт бәсекесі кіші футболдан (футзал) басталды. Қызу бәсеке 27 ақпанға дейін жалғасады.