(1).png)
ИНСТИТУТ БАҒЫТТАРЫ
• Жоғары беріктігі бар, коррозияға мен тозуға төзімді жабындар әзірлеу
• Балама және сутегі энергетикасында қолдану үшін жоғары сіңіру қасиетіне ие жаңа материалдарды әзірлеу
• Энергетика және электроникаға арналған наноқұрылымды және функционалдық жұқа жабындарды әзірлеу
• Жартылай өткізгіш материалдардың функционалдық және өнімділік сипаттамаларын жақсарту үшін жабындарды әзірлеу
ИНСТИТУТТЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
• Ғылыми зерттеулер жүргізу: Материалтану, информатика, математика, биология салалары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
• Материалдық-техникалық базасын дамыту: Ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын жаңарту, жаңа зертханалық құрал-жабдықтар мен технологияларды енгізу;
• Ғылыми кадрларды даярлау: жас ғалымдарды, зерттеушілерді, магистранттар мен докторанттарды даярлау және олардың ғылыми зерттеулеріне жетекшілік жасау;
• Жабындарды алу технологияларын және материалдардың бетін модификациялауды пайдалана отырып, сапалы және бәсекеге қабілетті өнім жасау;
• Зерттеу нәтижелерін Thomson Reuters, Web of Science, Scopus және т.б. халықаралық базаларда индекстелетін ғылыми басылымдарда жариялау.