shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Бүгін оқу ордамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы» жарлығы аясында дөңгелек үстел өтті.   

Басқосуға Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев бастаған зиялы қауым өкілдері және университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты.

Жиын Атом электр станциясын салу тақырыбына арналды.

Алғашқы сөз тізгінін алған Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев:

«Өздеріңіз білетіндей, Республикалық референдумға да аз ғана уақыт қалды. Осы тұста, халық арасында АЭС  салу қажет пе, жоқ па деген сұрақ туындағаны мәлім. Әрине, бізге АЭС қажет. Себебі, барлық дамыған мемлекеттерде, әсіресе, АҚШ, Франция, Ресей,  Қытайда Атом электр станциясы жетерлік. Кейде, Атом электр станциясы Қазақстанда ертерек салынуы керек пе еді дейміз?!»,-деді. 

Сонымен қатар, АЭС-ның елге тигізер пайдасы туралы тың ойларымен бөлісті. Халықты оң өзгерістер мен ел экономикасының дамуына бастайтын бұл істі қолдауға шақырды. 

Келесі кезекте, оқу ордамыздағы PhD доктор, Физика кафедрасының аға-оқытушысы Серік Полатұлы мен физика ғылымдарының докторанты Алмагүл Уәлихан АЭС салу бойынша өз баяндамаларын оқыды. АЭС салудағы қауіпсіздік Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бақылауында болатыны туралы айтты. АЭС арқылы қол жеткізетін пайдалы дүниелерді атап, ғылыми тұрғыда пікірлерін білдірі. Сондай-ақ, барлық қатысушыларды, облыс тұрғындарын 6 қазан күні өтетін Референдумға қатысуға шақырды.

Іс-шара соңында қатысушылар өзекті тақырыпқа байланысты өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.