«ОТТАН САҚ БОЛ» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
«Оттан сақ бол!» акциясының басты мақсаты — студенттер мен университет қызметкерлеріне жылыту маусымы кезіндегі өрттің алдын алу шараларын үйрету, қауіпті жағдайлардан сақтану, жатақхана бөлмелерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру.
Акция барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өрттен күйік шалған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін үйретті. Сонымен қатар, студенттерге өрт сөндіру құралдарын таныстырылып, өртті сөндіру кезіндегі іс-әрекеттерін көрсетілді.