Инстиут тарихы
Ясауитану ғылыми-зерттеу институының тарихы өз бастауын 2016 жылдан алады. 2016 жылдың қараша айының 12-жұлдызында Түркия Республикасы, Стамбул қаласында университеттің жоғарғы басқарушы органы – екі елдің Үкіметаралық Өкілетті Кеңесінің 53-мәжілісінде «Дінтану ғылыми-зерттеу, талдау-сараптамалық және әдістемелік» орталығын ашу шешімі қабылданды. Аталмыш жылдың 29 тамызында болып өткен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2016-2017 оқу жылындағы Сенат мәжілісінің кеңейтілген отырысы нәтижесінде «Дінтану ғылыми-зерттеу, талдау-сараптамалық және әдістемелік» орталығы өз жұмысын бастады. 2017 жылы университет президенті Б.Абдрасиловтың №1/1123 бұйрығы негізінде «Дінтану ғылыми-зерттеу, талдау-сараптамалық және әдістемелік» орталығының атауы «Ясауи» ғылыми-зерттеу орталығы болып өзгертілді. 2021 жылдың 22 маусымындағы кезектен тыс Сенат мәжілісінің №9 хаттамасы негізінде «Ясауи» ғылыми-зерттеу орталығының атауы Ясауитану ғылыми-зерттеу институы болып өзгертілді.