shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

YASAWI WINTER SCHOOL: СТРАТЕГИЯ АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Бүгін университетімізде өтіп жатқан Қысқы мектеп аясында ұйымдастырылған Стратегия апталығы аяқталды. 

Оқу орданың 2024-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасының стратегиялық міндеттерін іске асыру шеңберінде 2024 жылғы есептік кезең бойынша қызмет нәтижелері мен 2025-2026 жылдарға арналған жоспарларын талқылауды мақсат еткен апталық тың ақпараттарға толы, берері мол келелі жиындармен өтті.

Стратегиялық сессия форматында өткен жиынға вице-ректорлар мен департамент директорлары, құрылымдық бөлім басшылары, факультет декандары, ҒЗИ директорлары және кафедра меңгерушілері қатысты.

Әр бағыт бойынша жауапты вице-ректорлар, Клиника-диагностика орталығының басшылығы, департамент директорлары 2024-2029 жылдарға арналған Даму бағдарламасының стратегиялық мақсаттарын іске асыру барысы (қол жеткен және қол жеткізілмеген көрсеткіштер, дәлелдемелік база және ұсынымдарды қоса алғанда) туралы 2024 жылға арналған қорытынды есебін берді. Сондай-ақ, әр спикер қызмет бағыты бойынша 2025 жылға арналған Action Plan жоспарымен таныстырды.