shape
shape

Жетістіктер

Жетістіктері

Кафедраның жетістіктері 

  • 2018 жылы кафедра оқытушысы А.Қ.Мейірбеков Алматы қаласы, Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінде PhD, докторлық диссертациясын сәтті қорғап, PhD ғылыми дәрежесін алды. Сонымен қатар, PhD, аға оқытушы А.Қ.Мейірбеков 2020 жылы ҚР БҒМ ғылыми грант иегері атанып, 2020-2022жж. басты ғылыми жетекшілік қызметін атқарды. 
  • 2014-2020 жылдары З.М.Дуйсембекова Түркияның Гази университетінде докторантура (PhD) бағдарламасын сәтті аяқтап, 2020 қыркүйек айынан бастап қазіргі таңға дейін жұмыс атқарды. 
  • 2019 жылы кафедра аға оқытушысы М.А.Шерімбетова Түркия елінің Орду қаласы Орду университетінде студенттер мен оқытушылар арасында өзара тәжірибе алмасу Мевлана бағдарламасымен дәріс берген. 
  • 2019 жылдың қараша айында кафедра аға оқытушысы Г.Т. Макенова Түркия елінің Балыкесір қаласы Балыкесір университетінде студенттер мен оқытушылар арасында өзара тәжірибе алмасу Мевлана бағдарламасы бойынша дәріс берген. 
  • 2020 жылы кафедра ЖОО Білім беру бағдарламаларының рейтингі (АТАМЕКЕН) бойынша 6В02335 – «Аударма ісі: ағылшын тілі» білім беру бағдарламасы жүлделі 2 орынға ие болды. 
  • 2023 жылының наурыз айында З.М.Дуйсембекова академиялық ұткырлық бойынша Эрасмус бағдарламасымен Гази университетінде дәріс беріп, тәжірибе алмасты. Ал 2023-2024 оқу жылында «Болашақ» стипендиат иегері атанып, АКШ-тың Мичиган Мемлекеттік университетінде «500 ғалым» атты ғылыми тағылымдамасындағы білім сапарын сәтті аяқтап келді.
  • Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті «7M023-Тілдер және әдебиет» даярлау бағыты бойынша бірлескен білім беру бағдарламасы туралы Меморандумға қол қойылды. Дәрістерді 2023-2024 оқу жылының бірінші семестрінде өту жоспарланған. 

Ғылыми жобалар: 

  • Мейірбеков А.Қ. Қазақстан Республикасы бойынша топонимикалық экспедицияны ұйымдастыру: географиялық атаулардың этимологиялық каталогын 4 тілде жасау (қазақ, орыс, ағылшын және латын тілдерінде) 12 000 000 теңге ( ҚР Жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру жобасы (Жоба жетекшісі). 
  • 2023 жылдың 11 сәуірінде кафедрамыздың аға оқытушысы, ф.ғ.к. Сахитжанова З.О. «TEFL-дегі әрекетті зерттеу» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинарға факультет оқытушылары қатысты. 
  • 2022-2023 оқу жылының 25 мамыр - 7 маусым аралығында «Ағылшын филологиясы және аударма ісі» кафедрасы PhD, аға оқытушысы Дүйсембекова З., магистр-оқытушы Мейрбекова Г.Қ., магистр-оқытушы Есіркеп Д. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Үздіксіз білім беру институтының ұйымдастыруымен “Ауызша аударма: теориялық негіздері мен практикасы” атты біліктілік курсына қатысып, білімдерін шыңдады. Біліктілік курсы сәтті аяқталып, Еуразия Ұлттық Университеті, Филология факультеті деканы және аталмыш біліктілік курсын ұйымдастырушы Ақнұр Мұхитқызы кафедрамыздың оқытушыларын сертификаттармен марапаттады. 
  • 2023 жылы кафедрамызыдң PhD, аға оқытушысы Дүйсембекова Зерде «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанып, қазіргі уақытта АҚШ-тың Мичиган Мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр. 
  • ОПҚ марапаттары, алғыс хаттары (негізгі мәлімет, сертификат фотосы) 
  • 2022 жылдың 4 қазан күні кафедра аға оқытушысы Шериева Г.Т. оқу ісі мен мәдени-тәрбиелік жұмыстарға белсене араласып, өз ісінде біліктілік танытқаны және оқу ордамыздың жоғары жетістіктерге жетуіне үлес қосқаны үшін университет ректорының алғыс хатымен марапатталды 
  • 2021 жылы 1-желтоқсан күні кафедра аға оқытушысы М.Ә.Шерімбетова Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай университет ректорының алғыс хатымен марапатталды. 

             ОПҚ марапаттары, алғыс хаттары (негізгі мәлімет, сертификат фотосы) 

  • 2022 жылдың 4 қазан күні кафедра аға оқытушысы Шериева Г.Т. оқу ісі мен мәдени-тәрбиелік жұмыстарға белсене араласып, өз ісінде біліктілік танытқаны және оқу ордамыздың жоғары жетістіктерге жетуіне үлес қосқаны үшін университет ректорының алғыс хатымен марапатталды 

  • 2021 жылы 1-желтоқсан күні кафедра аға оқытушысы М.Ә.Шерімбетова Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай университет ректорының алғыс хатымен марапатталды. 

    Студенттердің марапаттары, алғыс хаттары (негізгі мәлімет, сертификат фотосы) 

  • Акрамкулова Раъно — XVI Республикалық пәндік олимпиаданың III орын иегері. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Шетел филологиясы: ағылшын тілі» білім беру бағдарламасының студенті Акрамкулова Раъно Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өткен XVI Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі III орынға ие болып, III дәрежелі дипломмен марапатталды. Олимпиада Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында «Шетел филологиясы» (ағылшын тілі) бағыты бойынша білім алатын студенттер арасында өткізілді.
  • «Bilim orkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «СЕН ҒЫЛЫМҒА БОЛСАҢ ЫНТЫҚ...» атты республикалық ғылыми жобалар байқауына «Ағылшын филологиясы және аударма ісі» кафедрасының 6В02335-Аударма ісі: ағылшын тілі білім беру бағдарламасы студенттері Қайсарқызы Ақерке және Раушан Құралай қатысып, ғылыми жобаның нәтижесі бойынша білімгерлер үздік нәтиже көрсетіп, І дәрежелі дипломмен және төс белгілерімен марапатталды. 
  • Жәми Ақниет — Республикалық пәндік олимпиаданың III орын иегері. 2023 жылғы 20–21 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Шетел тілдері» мамандықтары тобы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті Жәми Ақниет «Аударма ісі» мамандығының ағылшын тілі секциясында жүлделі III орынға ие болды. Бұл нәтиже ұйымдастырушы университет берген ресми анықтамамен расталған.
  • Нурахмаев Магомед — XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II орын иегері. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті Нурахмаев Магомед «Шетел филологиясы» (ағылшын тілі) білім беру бағдарламасы бойынша студенттер арасындағы XVIII Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі II орынға ие болды. Жетістігі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті берген дипломмен расталған. Диплом 2026 жылғы 21 сәуірде Қостанай қаласында берілген.
  • Жәнібек Кәусар — Республикалық пәндік олимпиаданың II орын иегері. Жәнібек Кәусар Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы Республикалық пәндік олимпиадада «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша жүлделі II орынға ие болып, II дәрежелі дипломмен марапатталды. Марапат құжатын Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2024 жылғы 6 маусымда Астана қаласында берген.