Кампус өмірі

Жоғарғы оқу орнында оқыған немесе оқитын әрбір білім алушының ең жарқын, қызықты кезеңдері студенттік кезең болуы тиіс. Ахмет Ясауи университетіндегі білім алушыларға мол жетістіктерге жету үшін біздің университетте барлық жағдай жасалған. Студенттердің өзін-өзі басқаруы – бұл өз бетінше қоғамға айырықша мән беріп алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес өз өмірінде ұжымдық қызметтерді жүзеге асыруы.

Ахмет Ясауи университетінде студенттік өзін-өзі басқару субьектісі ретінде топтарға, факультеттерге, тұтастай алғанда университет бойынша құрылған студенттік ұйымдарға орын берілген. Олардың қатарына мыналар жатады: факультеттегі жастар ісі жөніндегі комитет, студенттік ректорат пен деканаттар, жатақханадағы студенттік кеңес, студенттердің ғылыми қоғамы (СҒК), студенттердің қызығушылығы бойынша құрылған клубтар, старостат, студенттік кураторлық институт, студенттік құрылыс және еңбек отрядтары, «Жасыл ел» бағдарламасы отрядтары, студенттердің полицияға көмек отрядтары, студенттердің КВН лигасы, студенттердің шығарашылық және эстетикалық орталығы, әртүрлі әдеби клубтар және көркемөнерпаздардың үйірмелері, Жастар Парламенті, Қазақстан студенттерінің Альянсы және т.б.

Білім алушылар кафедрадағы кез-келген үйірмеге немесе клубқа эдвайзерлер арқылы жазыла алады. Университетте студенттер үшін құрылған: Тәрбие кеңесі, Мәдениет орталығы, Продюсерлік орталығы, Жастар ұйымы, Спортклуб, жатақхана дирекциясы, деканаттар, өнер үйірмелері, студенттік клубтар, студенттік ректорат, студенттік театр, студенттер Альянсы, Жас отан, студенттік деканат, спорт үйірмелері жұмыс атқарады.

Университеттегі студент жастарының тұлға болып өсуіне қажетті материалдық-техникалық база жасақталған. Оның құрамында жалпы алаңы 3842 шаршы метр, студенттердің Мәдениет сарайы ғимараты мен 800 орындық акт залы және оған қосымша дайындық жасау, костюм бөлмелері бар.