Исабекова Ақерке Жұмабайқызы
Ақпарат орталығының редакторы

АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

2013 жылы ашылған Ақпарат орталығы университеттің мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етіп келеді. БАҚ-тарда ресми хабарлардың жедел тарауы – Ақпарат орталығының басты міндеттемесі, жұмылдырушы қызметінің айқын көрінісі.

  • Ақпарат орталығы – университеттің барлық бағыттары бойынша ақпараттандырумен айналысады. Орталық — БАҚ арқылы оқу орнының беделін арттырып, дұрыс пікір қалыптастыру жолында еңбек етеді. Олардың ең негізгілерінің ішінде:
  • Оқу орданың оң имиджін қалыптастыру;
  • Университетті таныту;
  • Заманауи әдіс-тәсілдер, қолжетімді технология, ғаламтор арқылы көптеген оқырмандарға ақпарат жеткізу;
  • Республикалық, облыстық басылымдармен келісім-шарт жасау;
  • Баспасөз конференцияларын ұйымдастыру, күнделікті ағымдағы үздіксіз жұмыстар болып табылады.

Сондай-ақ, Республикамыздағы БАҚ-қа (теледидар, радио, газеттер, ақпарат агенттіктері) университетте болып жатқан елеулі ақпараттарды, университет жетістіктерін жариялау. Оқытушы-профессорлар мен ғалымдардың ғылыми жетістіктері, студенттердің белсенділігі жайында да ақпараттар таратады.

Университетте атқарылған іс-шараларды, жаңалықтарды әлеуметтік  желілерге (fasebook, twitter, В контакте, google+) тұрақты жариялап, ондағы ақпараттарды жаңартып отырады. Сонымен қатар, университет басшысының атынан мерекелік тілектер, құттықтаулар, мерейтойлық адресаттар, көңіл айтулардың мәтіні дайындалады.

Журналист

Ару Оңайбек

фото-кино режиссер

Искаков Нуритдин Икрамұлы