Продюсерлік орталық

Тәрбие және мәдени істер департаментіне қарасты Продюсерлік орталық 2008 жылы құрылған. Негізгі мақсаты: мереке күндері университетіміздің мәдени іс-шараларын ұйымдастыру, талантты студенттерді өнерге баулу. Орталық оқу орнындағы мәдени іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына, көркемдік сапасының артуына, шығармашыл жастардың өнерін шыңдап, талғампаздыққа тәрбиелеуге, эстетикалық тұрғыда университетіміздің мәдениет саласында жаңашыл креативті идеаларды жүзеге асыруға ықпал етеді.