профессор Бекжігіт Сердәлі
Қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы- Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Қоғаммен байланыс  бөлімі

Қоғаммен байланыс бөлімі филология фaкультетіне  қарасты оқу-студиялық құрылымдарының бірі.Бөлім  құрамына айына екі мәрте жарық көретін «Ясауи университеті» газеті, 5В050400-Журналистика мамандығы бойынша тәжірибелік-зертханалық оқу үдерісін қамтамасыз ететін оқу студиялары енеді:
— Телестудия;
— Радиостудия;
— Фотолаборатория;
Мақсаты – оқу орнының PR-имиджін қалыптастыру, кәсіптік бағдар бағытында үгіт-насихаттық жұмыстар жүргізу, студенттерге студиялық-тәжірибелік оқу зертханаларын ұсыну.

 «Ясауи университеті» газеті

Газет – университеттің факультеттерінде, мәдени орындарында  өтіп жатқан  жаңалықтармен, оқу процесіндегі  әртүрлі іс-шаралармен, сондай-ақ, қоғамдық-саяси, тәлім-тәрбиелік маңызы зор істер жайындағы ақпараттармен  оқу-орын қызметкерлерін, ұстаздар мен студенттер қауымын таныстырып отыруға бағытталған. Студенттер қосымшасы «Аудитория», түрік тіліндегі «Yesevi Unıversıtesi» қосымшалары жарық көреді. Жаңа беттер, айдарлар ашылуда. Газетте қазақ, түрік,  тілдерінде  материалдар тұрақты  жариялануда.

«Ясауи университеті» газетінің редакторы

Бейсенбаева Жанар Ұласбекқызы