Жасыл ел

2008 жылдан бері оқу орнымызда «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Негізгі жұмыс нәтижесі табиғатты қорғау мен экологияны сақтауға ғана емес, жастардың тәрбиесі мен еңбекке баулуына да бағытталған. Бағарламаға 200 мыңдай адам атсалысып, 44 миллиондай ағаш отырғызылды. 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының  30.05.2016 күнгі №346 хатына сәйкес оқу орнымыздың 30 студенті «Жасыл ел» еңбек жасағында жұмыс істеуге ниет білдірді. «Жасыл ел» бағдарламасына қатысушы студент жастарға университет есебінен 22 859 теңге көлемінде жалақы төленді.