ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНА ИНСТИТУТЫ

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 08.07.2009ж. №1037 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының кейбір мәселелері туралы» қаулысын іске асыру мақсатында Шымкент қаласында 2009ж. қыркүйек айының 1-жұлдызынан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу клиникалық базасы ашылды. Ал 12.09.2014 ж. Сенат мәжілісінің 3.7 шешіміне сәйкес, 2014-2015 оқу жылынан бастап аталмыш база Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент медицина институты болып өзгертілді.

Шымкент медицина институтын (ШМИ) биология ғылымдарының докторы, профессор  Жумабаев Уалихан Ағабекович басқарады.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Шымкент медицина институтында білім алушыларды даярлаудың сапалы ғылыми-әдістемелік деңгейін қамтамасыз ететін жоғары білікті кадрлар жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда институтта барлығы 208 ОПҚ жұмыс жасайды, оның ішінде негізгі штатта 132, ал қосалқы штатта 76 қызметкер бар. Барлық оқытушы-профессор құрамының ішінде 18 медицина ғылымдарының докторы, 1 биология  ғылымдарының докторы,  59 медицина ғылымдарының кандидаты, 1 биология ғылымдарының кандидаты, 1 PhD  жұмыс жасайды.

Шымкент медицина институтында Дипломнан кейінгі білім беру факультетінің 10 кафедрасында білім беру үдерісі іске асырылуда.

Этикалық және тәртіптік кеңес (қоғамдық негізде), Ғылыми кеңес, Тәуелсіз кәсіподақ ұйымы, Директорат, Офис-тіркеу бөлімі, Оқу бөлімі, Үздіксіз білім беру бөлімі, Практикалық дағдылар орталығы, Ғылыми бөлім, Жастар комитеті, Мед. бекет, Бухгалтерия, Кітапхана, Тест орталығы, Мансап бөлімі, Шаруашылық бөлімі жұмыс жасайды. Жоғарыда көрсетілген барлық құрылымдық бөлімдер Университеттің тиісті салаларымен тығыз байланыста жұмыс атқарып келеді.

12
Мемлекет
1079
Білім алушы
218
ОПҚ