Бегімбекова Ләзат Мықтыбековна
м.ғ.к., доцент кафедра меңгерушісі

  • Шымкент қаласы А.Байтұрсынов көшесі 7А
  • +7 (7252) 55-14-54

Акушерлік-гинекология

«Акушерлік және гинекология» кафедрасы 2009 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқу-клиникалық базасында ұйымдастырылды. 2011-2012 оқу жылдарынан бастап, кафедра меңгерушісі қызметін м.ғ.к., доцент Бегимбекова Л.М. атқарады. Акушерлік-гинекология кафедрасы келесі медицина бағдарламалары бойынша білім береді: 5В130100 –бакалавриат, АG6(7)351 Акушерлік және гинекология мамандығы бойынша интернатура, 6R114400- «Акушерлік және гинекология, соның ішінде балалар гинекологиясы» мамандығы бойынша резидентура.

Білім  көкжиектеріңізді кеңейтіңіз

Университет «6R114400 -Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар гинекологиясы» мамандығы бойынша резидентура білім беру бағдарламасында білім алуға  ​​мүмкіндік бар. Біздің университетте білім беру қызметтерінің сапасы Халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Білім беру қызметі  3 тілде (мемлекет тілде, орыс тілінде сондай-ақ кейбір пәндер ағылшын тілінде) жүзеге асырылады.  2017 жылы   білім беру  бағдарламасы IQAA 18.12.2015  желісі бойынша аккредитациядан өтті. «6R114400 — Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар гинекологиясы» мамандықтарының резидентурасы ББ-сы бойынша   «Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі  және Білім беруді бақылау комитетінің» №0137408 лицензиясы  берілген.

Резиденттер білім алатын оқу-клиникалық базаларда «Қауіпсіз ана болу» технологиялары, ұрықты босанғанға дейінгі қорғау, тиімді перинаталдық технологиялар  ендірілген. Университет Қазақстанның туылу деңгейі ең жоғары аймағында — Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Жыл сайын ОҚО-да шамамен 80 мың бала дүниеге келеді. Үкімет тарапынан әйелдердің  репродуктивті денсаулығын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Бүгінгі таңда  әйелдердің денсаулық индексі өсіп келе жатқаны белгілі, бірақ жүктілік пен босанудан кейінгі кезеңмен байланысты аурулар қатары сирер емес: преэклампсия, эклампсия, HELLP — синдромы, ауыр экстрагениталдық аурулар босанғаннан кейінгі септикалық асқынулар сияқты аурулар жиілігі едәуір болғандықтан  тәжірибелік білімін  жоғарлатуға мүмкіндіктер бар.

«Акушерлік -гинекология» кафедрасы (Шымкент қ-сы) әлемдік деңгейдегі мамандардың қатысуымен тренингтер мен семинарларды өткізеді, 2015 жылы, «Хирургиядағы шағын инвазивті әдістер және трансляциялы медицина» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар және мастер-класс өткізді. М. Старк (Германия), Елисеева М.Ю. (Мәскеу), Василевский Ю(Новосибирск), Брагин Е.В. Simakov AS (Мәскеу), Kadyfchi О. (Түркия), Tsabari А. (Израиль) Овчинников А.В., (Воронеж)  қатысуымен «Трансляциялы  ғылым және дербестендірілген медицина» атты 1шім- Халықаралық көпсалалы ғылыми-практикалық  конференция өткізді.

2016 жылы «Беларусь мемлекеттік медицина университеті» қатысуымен «Гинекологиялық эндокринологиядағы өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық семинар өтті.«Акушерлік -гинекология» кафедрасының  (Шымкент қ-сы) ғылыми жұмысы мен  тәжірибелік  іс-шаралары  тиімді үйлеседі. Кафедра мүшелері акушерия және гинекология өзекті мәселелері бойынша денсаулықсақтау мекемелеріне көмек көрсетеді, ол үшін ғылыми және тәжірибелік құндылықтарды бірегей  жүргізеді.
Жаңа әлемге қадам жасаңыз. Өзіңізді жаңа мәдениетке бағыттаңыз.

Акушерлік-гинекология кафедрасы ОҚО медициналық қызмет сапасын бақылау мекемесі және ОҚО денсаулық сақтау департаментімен бірге «Ана және нәресте» өлімі бойынша коммиссия мүшесі және клиникалық эксперт ретінде сараптау жұмыстарын жүргізеді. Кафедра қызметкерлері үнемі студенттерге, интерндерге, резиденттерге дәрігерлік этика, деонтология негіздерін насихаттайды.

Кафедра оқытушылары акушерия және гинекология саласы бойынша 2015-2016 жылдары 5349 науқасқа курация жасаған , 1391 науқасқа кеңес берді, 94 науқасқа ота жасаған , 2016-2017 жылдары 927 науқасқа курация жасаған , 1643 науқасқа кеңес берді, 31 науқасқа ота жасаған. Клиникалық оқыту базалары ретінде ОҚО белді емдеу мекемелерімен келісім-шарттар жасалған: Облыстық перинаталдық орталықтар №1,2,3,4, қалалық перзентхана №2, ШҚКА, бірқатар қалалық емханалар және аудандық ауруханалар.

Кафедраның ғылыми бағыты: «ОҚО-ның экология жағынан қолайсыз жағдайында жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезең ағымының ерекшеліктері». Соңғы 2015-2017 жылдары кафедрада әлемдік рейтингтік ғылыми журналдардағы жарияланымдар саны-3 , ҚР БжҒм Білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынатын тізімі бойынша қазақстандық басылымдарда және Ресей, Украина, Беларусия басылымдарында-10 , Алыс шет елдердегі басылымдарда-3, оқу құралдар және оқу-әдістемелік құралдар саны-11. Кафедра ОПҚ-ы соңғы 2 жыл ішінде индикативті рейтинг жүйесі бойынша алғашқы 50 оқытушы қатарына енген. Білікті педагогтардың жетекшілігімен студенттердің ғылыми-теориялық конференцияларында жасалған ғылыми жұмыстар жүлделі орындарға ие болып келеді. Кафедрада оқу барысында студенттердің, дәрігер-интерндердің және резиденттердің қатысуымен клиникалық-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстел, оқытушылар мен бірге ғылыми семинарлар, студенттік ғылыми семинарлар, дебаттар жиі өткізіліп тұрады.

Тәрбие жұмысы мақсатында кафедрада ай сайын тәлiмгерлер мәжiлiстері өткiзiліп отырады. Дәрігер интерндердің сабақ үлгерiмi мен тәртiбi үнемi қадағаланады. Тәлімгерлер топта қабілетті дәрігер интерндерді анықтап, факультеттiң ғылыми, қоғамдық, мәдени жұмыстарына белсене қатысуын қамтамасыз етіп отырады. Студенттер жатақханасында кезекшілік кезінде студенттермен тәрбиелік шаралар өткізіліп отырады.

Білім алушыларды адамагершілік-отансүйгіштік және дене тәрбиесі тұрғысынан қамтамасыз ететін кешенді іс-шараларды іске асырылады. Оңтүстік Қазақстан облыстық Саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайына және мәдени іс-шараларға қатысу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи өлкетану мұражайына барады. Әлеуметтік маңызды тақырыптарға ашық тәлімгерлік сабақтар өткізіліп тұрады. Дәрігер интерндердің, ғылыми-тәжірибелік үйірмесіне қатысуы ұйымдастырылып, қадағаланып отырады.