Сатханбаев Аскар Зайдуллаевич
м.ғ.к., профессор Кафедра меңгерушісі 

  • Шымкент қаласы А.Байтұрсынов көшесі 7А
  • +7 (7252) 55-14-54

Хирургия және анестезиология-реанимация кафедрасы

Кафедра хирург-интерндерді және резиденттерді шығарушы болып табылады. Кафедрада өтетін негізгі модульдер және пәндер: «Шұғыл хирургия», «Жоспарлы хирургия», «Торокалды хирургия», «Хирургиялық инфекция және амбулаторлы хирургия», «Балалар хирургиясы», «Офтальмология», «Анестезиология және реанимация», «Реанимация және қарқынды терапия» және де элективті пәндер: «Хирургиядағы тәжірибелік дағдылар», «Іріңді хирургия ».

Кафедраның  клиникалық базалары Шымкент қаласындағы негізгі ауруханалар: «Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасы», «Облыстық клиникалық ауруханасы», «Облыстық балалар ауруханасы», «№1 перинаталдық орталық», «Амбулаторлы хирургия, травматология және гинекология орталығы», «Облыстық көз аурулар ауруханасы» және «Қалалық көпсалалы аурухана».

Кафедрада 20  профессор-оқытушылар  жұмыс істейді. Оның ішінде: м.ғ.д.,-2, м.ғ.к.,-6, докторант -1, Phd- доктор-1, магистр-2. Ғылыми дәрежесінің  деңгейі -50%. Кафедра м.ғ.д. профессорлары: Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасы  бас дәрігері М.Х. Бигалиев және Облыстық балалар  ауруханасының  бас дәрігерінің  орынбасары  Ғ.М. Елікбаев

Кафедра қызметкерлері сабақ беруден басқа белсенді клиникалық  жұмыстарымен     (ауруларға кеңес беру,  хирургиялық оталарды жасау, эксперттік  жұмыстарды атқару) және ғылыммен айналысады. Кафедрада « Жас ғалымдар ұйымы»  жұмыс істеуде.

Соңғы 5 жылда кафедра қызметкерлерінің 500 ден астам мақалалары жарық көрді, оның ішінде 20 астам импакт-факторлы журналдарда. Осы  мезгілде 6 оқу құралы және 2 монография басылымнан шықты. 2013 жылы оқытушы Р.Е.Баймедетов кандидаттық  диссертациясын қорғады, ал 2014 жылы оқытушы Н.С.Жанабаев магистірлік диссертациясын қорғап, 2017 жылы Phd-докторлық диссертациясы қорғалуы күтілуде.

2016 жылы мамыр айында «Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орнының үздік түлегі» атты республикалық конкурста интерн-хирург А.Сайдуллаева  жүлделі ІІ орынға ие болды. Ал Ы.Аннаоразов 2016-2017 жылдары 3- Халықаралық жастар ғылыми конференцияларында жеңімпаз болды.