Абасова Гаухар Бегалиевна
кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент, PhD

  • Шымкент қаласы А.Байтұрсынов көшесі 7А
  • +7 (7252) 55-14-54

Неврология, психиатрия және наркология

2009 жылы доцент Г.Б. Абасова жетекшілігімен «Жүйке аурулар және шығыс медицина» кафедрасы құрылды.

2016 жылы кафедра «Неврология, психиатрия, наркология» атына өзгертілді.

Қазіргі уақытта кафедра құрамы 27 қызметкерлерден тұрады, соның ішінде 7 медицина ғылымының кандидаты, доцент, 2 магистр, 15 ассистент, 3 лаборант.

Кафедрада білім алушылар төмендегі пәндерді өтеді:

  1. Неврология, психиатрия және наркология, V курс.
  2. Неврология, VI курс.
  3. Психиатрия және наркология VI курс.
  4. 4. Балалар неврологиясы VI курс.

Сонымен қатар, кафедрада «Невропатология, оның ішінде балалар невропатологиясы» мамандығы бойынша резиденттер 2 жылдық дайындығын өтеді. Кафедра доценттері магистрлік, докторлық ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетекшісі болып табылады. Қоғамдық денсаулық сақтау тәжірибесіндегі дәрігерлерге кафедраның оқытушы-профессор құрамы мамандығын және біліктілігін жетілдіру бойынша циклдер жүргізеді. Кафедрада белсенді түрде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі және сол жұмыстардың нәтижесі бойынша отандық, шет елдік басылымдарға мақалалар жарияланады. ОПҚ көптеген оқу және оқу-әдістемелік құралдардың авторы болып табылады.

Кафедра ШҚЖМККА инсульттік орталығында орналасқан.

Кафедрада 1 докторлық, 7 магистрлік диссертация қорғалған. Қазіргі таңда 6 докторант білім алуда. Кафедрадағы барлық оқытушы-профессор құрамы жоғарғы және бірінші санатты біліктілікке ие. Сонымен бірге кафедрада студенттік үйірме жұмыс жасайды. ОПҚ білім алушылармен бірігіп ғылыми жұмыстар жүргізеді, оның нәтижелерін ғылыми журналдарға жариялайды және жыл сайын өткізілетін жас ғалымдардың ғылыми-теориялық конференциясында баяндама жасап, жүлделі орындар алуда.

Сонымен бірге кафедра ОҚО тәжірибелік дәрігерлер үшін аймақтық ғана емес халықаралық деңгейде ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, дөңгелек столдар, білім алушы мектептер ұйымдастырып отырады. Кафедра нәтижелері ғылыми басылымдарда жарияланған жаңа, заманауи дәрілік препараттардың апробациясына қатысады. Кафедра доценттері облыс бойынша неврологиялық аурулардың күрделі патологиялық диагностикасын және медициналық-әлеуметтік сараптамасын шешу сұрақтарына қатысады.

Кафедра ұжымы педагогика және неврология бойынша тек Қазақстанда ғана емес, шет елдердеде (ТМД елдерінде, Латвия, Австрия, Франция, Германия, Испания) жүйелі түрде жыл сайын үздіксіз біліктілігін жоғарылатып отырады.

Кафедра Қазақстанның басқа медициналық ЖОО және ТМД елдермен бірлесе отырып жүргізілген ғылыми зерттеулері арқасында ғылым аясында жоғары жетістіктерден көріне білді. 2010 жылы кафедра меңгерушісі Гаухар Бегалықызы Абасова ҚР білім және ғылым министерінің «Қазақстан республикасының ғылымын дамытуға үлес қосқаны үшін» медалымен марапатталды. Қазіргі таңда оңтүстік аймағы, қазақстан және басқа елдер үшін бәсекеге қабілетті жоғары білікті невролог-дәрігерлер дайындайтын неврологтардың ғылыми мектебі құрылғанын айтып өтуге болады. Кафедра қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан тұрғындарын сауықтандыру бойынша мемлекеттік бағдарламаларды орындауға белсенді қатысады.

Кафедра білім алушыларға пәндерді жақсы меңгеруге қолайлы бөлімдері бар (инсульт орталығы, нейрореабилитация бөлімшесі, жедел және жоспарлы нейрохирургия, жалпы реанимация және нейрореанимация) клиникалық база Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында (ШҚЖМКА) орналасқан. Кафедрадағы барлық қызметкерлер жоғары және бірінші санатты дәрігерлер.

«Неврология, психиатрия, наркология» кафедрасы бакалаврларға, дәрігер-интерндерге, дәрігер-резиденттерге білім береді.

Бакалаврлар 3 пәнді «Неврология», «Психиатрия», «Наркология» (405 сағат) бір модуль аясында оқиды және емтиханды осы пәндерден модуль бойынша бір рет тапсырады

Дәрігер-интерндер кафедрада екі пән оқиды «Неврология» (180 сағат), «Психиатрия және наркология» (180 сағат), соңында екеуінен де емтихан тапсырады. Сонымен қатар кафедра дәрігер-интерндер үшін элективті пәндердің тақырыптарын ұсынады: «Ангионеврология», «Эпилептология», «Неврологиядағы шұғыл жағдайлар», «Жалпы медициналық тәжірибедегі ауырсыну мәселелері», «Вегетативті және нейроэндокринді бұзылыстар».

Сонымен бірге кафедрада екі жылдық дәрігер-резиденттер үшін кредиттік технология бойынша (91 кредит) «Невропатология, соның ішінде балалар» мамандығы оқытылады.

Оқу үдерісі кезінде резиденттер жылдық және жарты жылдық аттестациядан өтеді, ал резидентураны бітірер алдында қорытынды мемлекеттік аттестация тапсырады.

«Неврология, психиатрия, наркология» кафедрасы ОҚО бойынша алғашқы мамандандыру аясында «Невропатология, соның ішінде балалар» (864 сағат), «Психиатрия» (864 сағат) және дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру циклдерін жүргізеді, соңында сертификаттар тапсырылады.

Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру бойынша циклдердің ұсынылып отырған тақырыптары мынадай:

  • «Психиатрия және клиникалық психофармакологияның өзекті мәселелері», 216 сағат;
  • «Наркологиядағы медициналық куәландыру» 108 сағат;
  • «Неврологиядағы өзекті мәселелер» 216 сағат;
  • «Нейрореабилитация»;
  • «Неврологиядағы шұғыл жағдайлар» 108 сағат.

Кафедрада оқу-әдістемелік жұмыстар белсенді жүргізіледі. ОПҚ пәндер бойынша жұмыс бағдарламаларын, силлабустарды және басқада оқу-әдістемелік кешендерді дайындайды. Оларды келесі оқу жылына өңдейді және бекітуге ұсынады. Жыл сайын кафедрада оқу және оқу-әдістемелік құралдары шығады. 2015-2016 оқу жылында келесі әдістемелік құралдар: «Воспалительные заболевания нервной системы», «Перинатальная неврология», «Психиатрия және наркология», «Неврологиядағы клиникалық фармакология», «Сборник тестов по специальности Традиционная медицина», «Жүйке жүйесінің пропедевтикасы және зақымдалу семиотикасы» шығарылды.

Қазіргі таңда Оңтүстік аймағы, Қазақстан және басқа елдер үшін бәсекеге қабілетті жоғары білікті дәрігер-неврологтарды дайындайтын неврологтардың ғылыми мектебі құрылғанын айтып өтуге болады. Кафедра қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан тұрғындарын сауықтандыру бойынша мемлекеттік бағдарламаларды орындауға белсенді қатысады.

«Неврология, психиатрия, наркология» кафедрасы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді. Кафедраның ОПҚ және доценттері бакалаврлардың, дәрігер-интерндердің, дәрігер-резиденттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми жетекшісі болып табылады. Кафедрада 1 докторлық, 7 магистрлік диссертация қорғалған. Қазіргі таңда 6 докторант білім алуда.

Сонымен бірге кафедрадада студенттік ғылыми үйірме жұмыс жасайды. ОПҚ білім алушылармен бірігіп ғылыми жұмыстар жүргізеді, оның нәтижелерін ғылыми журналдарға жариялайды және жыл сайын өткізілетін жас ғалымдардың ғылыми-теориялық конференциясында баяндама жасап, жүлделі орындар алуда.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесі бойынша ОПҚ отандық және шет елдік журналдарға мақалалар жариялайды. 2016 жылы 17 ғылыми мақалалар жарияланды, оның ішінде импакт-фактормен Research Journal of Pharmaceutical, Biological and Chemical Sciences журналында «Clinical and Immunological Aspects of Resistant Epilepsy in Early Age Children» тақырыбында жарық көрді.

Сонымен бірге кафедра ОҚО тәжірибелік дәрігерлері үшін аймақтық ғана емес халықаралық деңгейде ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, дөңгелек столдар, білім алушы мектептер ұйымдастырып отырады. Кафедра нәтижелері ғылыми басылымдарда жарияланған жаңа, заманауи дәрілік препараттардың апробациясына қатысады.

Кафедра 2015 жылы «Инновационные технологии в диагностике и лечении неврологических заболевании» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырып өткізді.

Кафедра ұжымы педагогика және неврология бойынша тек Қазақстанда ғана емес, шет елдердеде (ТМД елдерінде, Латвия, Австрия, Франция, Германия, Испания) жүйелі түрде жыл сайын үздіксіз біліктілігін жоғарылатып отырады.

Кафедра Қазақстанның басқа медициналық ЖОО және ТМД елдермен бірлесе отырып жүргізілген ғылыми зерттеулері арқасында ғылым аясында жоғары жетістіктерден көріне білді. 2010 жылы кафедра меңгерушісі Гаухар Бегалықызы Абасова ҚР білім және ғылым министерінің «Қазақстан республикасының ғылымын дамытуға үлес қосқаны үшін» медалімен марапатталды.

«Неврология, психиатрия, наркология» кафедрасында білімгерлерге тәрбиелік жұмыстар белсенді түрде жүргізіледі, ол жұмыстар оқу жылының басында жоспарланып, кафедра мәжілісінде талқыланып, дипломнан кейінгі білім беру факультетінің деканымен бекітіледі. Тәрбие жұмысының негізі университет миссиясын іске асыру бағытындағы стратегияны орындау болып табылады.

Университет миссиясы:

Түрік тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтардың жастарына бір шаңырақ астында терең тарихи құндылықтарға және демократиялық, зайырлы қоғам негіздеріне сүйене отырып, заман талаптарын қанағаттандыратын деңгейде білім беріп, оларды ұлттық және рухани құндылықтарға берік, адам құқықтарын құрметтейтін төзімділік, достық, ынтымақтастық маңызын түсінетін маман ретінде қалыптастыру.

Білім алушылармен тәрбиелік жұмыстарды жүргізу барысында, Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуы бойынша «Президенттің халыққа жолдауы» талқыланып отырады. Сонымен қатар білім алушыларға салауатты өмір салтын ұстануды әдеттендіріп, спорттық іс-шаралар ұйымдастыру және қатыстыруға көп назар бөлінген. Сабақтан тыс уақытта шығармашылық қабілетті дамыту мақсатында, білім алушылармен мәдени-көпшілік іс-шаралар жүргізіледі: шығармашылық кештер ұйымдастырылады, театр, көрме орталықтарына бару және т.б.

2015 жылы кафедра студенттер үйінде «Неврология, психиатрия, наркология кафедрасы күні» іс-шарасын ұйымдастырып, өткізді. Салауатты салт туралы көптеген баяндамалар оқылды, шара соңында белсенді қатысқан студенттерге естелік ретінде сыйлықтар берілді. Шара аяғында студенттер үшін мерекелік кешкі ас ұйымдастырылды.