Тоқбергенова Света Менлитайқызы
м.ғ.к. доцент, кафедра меңгерушісі

  • Шымкент қаласы А.Байтұрсынов көшесі 7А
  • +7 (7252) 55-14-54

Педиатрия

Кафедра мақсаты — медицина саласында бәсекелестікке қабілетті жоғары білікті мамандарды дайындау. Педиатрия кафедрасы Университет Сенатының  шешімімен 2009 жылы құрылған. Кафедрадағы ОПҚ саны – 28, оның ішінде ғылым докторы-1,  ғылым кандидаттары-6, магистрлер- 2, жоғары санатты дәрігерлер-15. Кафедрада «ҚР денсаулық сақтау ісінің  үздігі»  атағы бар оқытушы ( м.ғ.к., доцент  Тоқбергенова С.М.), және біліктілігін Израиль, Австрия, Түрік елдерінің жетекші жоғарғы оқу орындарында, ғылыми орталықтарында біліктілігін арттырған оқытушылар еңбек етеді (м.ғ.к., доцент  Тоқбергенова .С.М., м.ғ.к. доцент  Калменова П.Е.). Кафедрада  келесі оқу  бағдарламалары бойынша  мамандар дайындалады: интернатура — 2 жыл, резидентура — 2 жыл, магистратура  — 2 жыл.

Кафедра оқытушылары өз педагогикалық және дәрігерлік біліктіліктерін еліміздің басқа жоғары оқу орындарында және ғылыми орталықтарында арттырады. Атап айтқанда, оқытушылардың 90 % білім  беру  педагогикасынан сертификатқа ие, ал оқытушылардың басым көпшілігі жоғары және бірінші дәрігерлік санатты. Кафедра доценттері Израиль, Австрия, Түрік  елінде  біліктілігін  арттырған.

Педиатрия  кафедрасындағы оқытушылар балаларда жиі кездесетін ауруларды зерттеулер бойынша ғылыми–зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Алынған мәліметтер бойынша, оқытушылардың ғылыми еңбектері еліміздің және алыс, жақын  шет елдердің ғылыми басылымдарында жариялануда.

Кафедра оқытушылары —  м.ғ.к., доцент П.Е. Калменова  және  м.ғ.к. Н.Н. Бекеновтың рейтингі жоғары  импакт-факторлы ірі басылымдарда мақалалары жарық көрген.

Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмесі ұйымдастырылған. Зерттеулердің нәтижелері бойынша олар студенттер мен жас ғылымдар конференцияларында ізденіс жұмыстарын көрсетіп баяндамалар жасайды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша интерн – педиатрлар:  Хасанова  С. -3 –ші орын (Ақтөбе қ.,жетекшісі – профессор  К.Асқамбай) және Жамантаев  Ж. – 2 –ші  орын (Қарағанды  қ, жетекшісі  — м.ғ.к. Бекенов  Н.Н.) Республикалық сайыстарда жүлделі орын алды.

Кафедра оқытушылары 6-7 курс интерн – педиатрлардың және резидент педиатрлардардың кураторлары. Жоспарға сәйкес ай сайын  кураторлық сағаттар жүргізіледі. Атаулы  күндерге арналған  конкурстар, конференциялар ұйымдастырылады. Сонымен  қатар, оқытушылардың жетекшілігімен студенттер қалалық спартакиадаларға, патриотизмге бағытталған саяси-әлеуметтік іс-шараларға қатысады.