РЕЗИДЕНТУРА

Қожа Ахмет Ясауи атындағы  Халықаралық қазақ-түрік универсітетінде «6R114400 —Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар гинекологиясы», 6R114200 — «Педиатрия», 6R111500–«Невропатология, соның ішінде балалар невропатологиясы»,  6R112700–«Жалпы хирургия», 6R110100 – «Терапия»  мамандықтары  бойынша резидентура білім беру бағдарламасында білім алуға  ​​мүмкіндік бар («Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі  және Білім беруді бақылау комитетінің» №0137408 лицензиясы). Университетте білім беру қызметтерінің сапасы Халықаралық стандарттарға сәйкес жүреді және білім беру қызметі  3 тілде (мемлекет тілде, орыс тілінде, ағылшын тілінде) жүзеге асырылады. Барлық  мамандықтар  білім беру  сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігі тарапынан  аккредиттелген. Шымкент  қаласында  орналасқан  барлық  медициналық  мекемелерде резиденттер  іс-тәжірибелерін жүргізеді.

Сонымен  бірге  резидентурада  білім алушылары  университтетіміздің  халықаралық  серіктестік  болып  табылатын  Түркия республикасының белгілі  университеттерінде (Хажетепе, Ақдениз, Гази, Ататүрік, Йылдырым Баязит, Эржиес) сыртқы акдемиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасының Медициналық ЖОО-мен Ұлттық ғылыми орталықтарымен академиялық ұтқырлық аясында іс-тәжірибе  алмасуға, білім алуға  мүмкіндік  беретін  өзара келсім мемерандумға қол қойылған.

Университетімізде  резиденттерге сапалы  білім  беру  жолға  қойылған, оған  дәлел  ретінде  резидентураны бітірген  түлектер  жұмыс  берушілер  арасында  жоғарғы  сұранысқа ие болғандықтан  резиденттердің  жұмысқа  тұру  көрсеткіші  100 пайызға  тең және ҚР ДСДРО ҰТЕО тарапынан  жүргізілген сынақтан түлектеріміз 100 пайыздық  көрсеткіш  көрсетіп республика  аумағында  орналасқан басқа медициналық ЖОО арасында  жоғарғы  орынға  ие болды.