Садырханова Гульнара Жаугаштина
м.ғ.к. доцент, кафедра меңгерушісі

  • Шымкент қаласы А.Байтұрсынов көшесі 7А
  • +7 (7252) 55-14-54

Терапия

Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Терапия» кафедрасы 1992 жылы Кентау қаласының орталық қалалық ауруханасының негізінде құрылды.

Кафедраның алға қойған мақсаты – дәрігер-интерндермен резиденттерге жаңа инновациялық әдістермен білім беру, медицинаның барлық саласын меңгерген бәсекеге қабылетті дәрігер дайындау.

Кафедра құрамында жалпы 30 ОПҚ қызмет атқарады, оның ішінде негізгі штатта 10, қосалқы штатта 20; 2 м.ғ.д., 2 ЖАК доценті, 8 м.ғ.к., 2 медицина магистрі және 16 оқытушы бар.

Кафедрада «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» лауазымына ие 8 ОПҚ (Г.Садырханова, Э.Искандирова, Г.Абралиева, М.Қойбақов, С.Тен, М.Саипов, Г.Алипова, Г.Досыбаева) қызмет жасайды.

Терапия кафедрасының базасында «терапия» бағыты бойынша интернатура, «Денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының «Терапия», «Эндокринология», «Кардиология» мамандықтары бойынша резидентурасында мамандар дайындалады.

Кафедрада 5+2 «Жалпы медицина» 051301 (5В130100) интерн дәрігер терапевт 6 курс терапевт мамандығы негізгі пән «Ішкі аурулар» және элективті пәндер:«Клиникалық зертханалық диагностика»;«Жүктілік кезіндегі ішкі аурулар ағымының ерекшеліктері»; «Клиникалық электрокардиография»

-5 курс ЖДП мамандығы бойынша элективті пән: «ЖДП-дағы аллергология және иммунология»;

-5 курс ЖМ терапия мамандығы бойынша элективті пәндер: «Клиникалық электрокардиография»; ҚР емдеу және

диагностика стандарттары

— 6 курс педиатрия мамандығы бойынша элективті пән: «Клиникалық аллергология»;

-7 курс педиатрия мамандығы бойынша элективті пән: « Рациональды антибактериалды терапия»

— 1- курс 6R112700-жалпы хирургия мамандығы бойынша пән: «Нутрициология»

5+2 «Жалпы медицина» 051301 (5В130100) интерн дәрігер терапевт 7 курс үшін Ішкі аурулар (ІА), оның ішінде: гастроэнтерология, гематология; эндокринология, нефрология; пульмонология, аллергология және иммунология; кардиология, ревматология модульдері бойынша пәндерден тәжірибелік сабақ жүргізіледі.

Кафедрада 1998-2006 оқу жылдары арасында алты кандидаттық диссертация қорғалды. (1998 жылы Г.Ердесова, 1999 жылы С.Сауғабаева, 2001 жылы О.Нарманова, 2002 жылы Г.Айтжанова, 2002 жылы К.Оралбаева, 2003 жылы Қ.Сартаева, 2006 жылы Э.Искандирова, Г. Шагиева). Садырханова У.Ж. кандидаттық диссертациясын 2010 ж қорғады. Сахова Б.О. және Кулбаева Л.А. магистрлік ғылыми жұмыстарын 2015ж қорғады. Кафедра ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Кафедра қызметкерлерімен жарық көрген 385 астам мақалалар бар, жарияланған ғылыми еңбектер- оқу құралы-16, монография-9, оқулықтары-16, электрондық оқу құралдары -4, оқу әдістемелік нұсқаулар-4, электрондық бейнефильм -2 жарық көрген.

Кафедра ОПҚ құрамы факультетіміздің тәрбиелік мәдени іс шараларына белсене қатысады. ШМИ жатақханасынада ОПҚ интерндермен ҚР тәуелсіздік күніне орай ХҚТУ студентер жатақханасында «Тәуелсіз елдің жастары» атты кафедраның жатақханадағы ашық есік күні аясында мерекелік кеш өткізілді. Дәрігер-интерндердің факультеттің ғылыми, қоғамдық, мәдени жұмыстарына белсене қатысуын қамтамасыз ету мақсатында: «Діни экстремизмнің кері әсерлері» атты тақырыпқа тәлімгерлік сағаттар өткізу» тақырыбына дискуссия жүргізілді, «1 желтоқсан- «ЖИТС-мен күрес күні» атты тақырыпқа диспут өткізіліп, дене тәрбиесі бағытындағы іс-шараға орай Қазақстандағы спорт мектептері жайлы реферат тыңдалды.Патриоттық тәрбие тақырыбына сай «1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні» атты тақырыпқа тәлімгерлік сағаттар жүргізілді.