Баймағамбетов Амирхан Кемелқұлұлы
м.ғ.д. профессор, кафедра меңгерушісі

  • Шымкент қаласы А.Байтұрсынов көшесі 7А
  • +7 (7252) 55-14-54

Травматология-ортопедия және онкология кафедрасы.

Кафедраның мақсаты – замануи ғылыми тәрбие беру және Халықаралық статусты университеттің сапалы білім беру талаптарына сәйкес, білікті мамандарды, тәуелсіз елдің дамуына өз үлестерін қосатын азаматтарды дайындау. Кафедраның ғылыми әлеуетінің пайыздық көрсеткіші: 69%, оның ішінде ғылым докторы – 31%, ғылым кандидаты — 38%.

Кафедрада білім беру бағдарламасы бойынша 5 курс бакалаврлары және интернатура мамандықтары дайындалады.

М.ғ.д., профессор Р.С.Мадалиходжаев РФ білім және ғылым саласына еңбегі сіңген, Ресей жаратылыстану академиясының корреспонденті – мүшесі, Ресей онкомаммологтар қоғамының мүшесі. 2014 жылы «Ұлағатты ұстаз», «Адал еңбегі үшін және Қазақстан Республикасына медициналық көмек көрсетуде жеке үлес қосқаны үшін», «Қазақстанның патриоты» медальдарын алған.

Кафедрада соңғы 5 жылда – 2 оқулық, 1 монография, 6 оқу құралы шығарылған.

  1. Жантеев М.Е. «Онкология негіздері» Шымкент, Нұрлы жол баспаханасы 216стр.
  2. Есмембетов И.Н. «Открытые повреждения костей и суставов» учебное пособие, 75 стр.
  3. Мадалиходжаев Р.С. «Модификация- химио-лучевых воздействий (гипергликемия, гипертермия) в экстренной и клинической онкологии », стр 160.
  4. Калдыгозова Ғ.Е. «Русско- казахский разговорник для сбора анамнеза и обследования оториноларингических больных.
  5. Калдыгозова Ғ.Е. «Оториноларингология в кроссвордах»
  6. М.Т. Ижанов, Р.С. Мадалиходжаев «Комплексная терапия местнораспространенного рака молочной железы» монография, 100стр.

Кафедрада м.ғ.д А.К. Баймағамбетовтың жетекшілігімен 2 phD доктор қорғалды:

  1. Кемельбеков К. — «Жүректің туа біткен даму ақауларында хирургиялық көмек көрсету жолдарын жақсарту». 26.12.2016ж. г. Алматы, КазНМУ
  2. Ерназаров А.А. — «Резистентті артериялық гипертонияда хирургиялық инновациялық технологияларды қолдану» г. Семей 16.11.2017ж. СМУ

М.ғ.д., профессор Р.С. Мадалиходжаевтың жетекшілігімен 2 кандидаттық жұмыс қорғалды:

  1. М.Т. Ижанов – «Модификаторы в лечении рака молочной железы», 2007г. КазНИИ онкологии и радиологии, г. Алматы.
  2. Е.А. Ибадуллаев – «Органосохранные операции при раке молочной железы», 2009г., АМУ, г. Астана.

Импакт-факторлы рейтингтік журналдарда жарияланған мақалалар саны – 5.

2015-2016 және 2016-2017 оқу жылдарының біліктілік рейтингінің көрсеткіштері бойынша кафедраның 2 оқытушысы жоғары көрсеткіштері үшін ақшалай сыйақы алды.

2017 жылдың сәуір айында доцент И.Н. Есмембетов және Сейталин И.А., Сейталин Т.А., Карамомуд-оглы Д.Х. 707 ХА интерндері «Активті – пассивті механотерапияға арналған портативті құрылғының көмегімен шынтақ буынының контрактурасын жою әдісі» атты №774 объекттің авторлық құқығын мемлекеттік тіркеу куәлігін алды, 18 сәуір 2017 жыл.

Кафедраның енгізу актілері:

2017 жылға дейін м. ғ. к., и. о. доцент М. Е. Жантеев:

  1. жұмыс нәтижелерін өндіріске енгізу мақсатында мастер –класс өткізу «Экстролеваторная БПЭПК әдісімен Хольма» МКҚК «Облыстық онкологическии диспансері Оңтүстік қазақстан облысы денсаулық сақтау»
  2. жұмыс нәтижелерін өндіріске енгізу мақсатында мастер –класс өткізу «жаңа тәсілін ГПДР — әдістеме Қазорғзи» МКҚК «Облыстық онкологическии диспансері Оңтүстік қазақстан облысы денсаулық сақтау»
  3. жұмыс нәтижелерін өндіріске енгізу мақсатында мастер –класс өткізу «МДТ тәсіл терапия колоректалды» МКҚК «Облыстық онкологическии диспансері Оңтүстік қазақстан облысы денсаулық сақтау»

Кафедра студенттері факультеттің, университеттің және қаланың барлық мәдени – тәрбиелік маңызы бар іс шараларға қатысады.

Кафедрада интерндермен бірге балаларды қорғау күніне орай Шымкент қаласының балалар үйінде «Шексіз жүрек» атты қайырымдылық іс – шарасы өткізіледі.

Кафедрада интерндер талаптарға сай ғылыми жұмыстар жүргізеді, сонымен қатар конференцияларға, конкурстарға, симпозиумдарға қатысып, жүлделі орындарға ие болады.

2015 жылдың сәуір айында Қарағанды қаласы ҚММУ – де өткізілген «Жылдың үздік интерні» конкурсында интерн хирург Бертаев Б. м.ғ.к., м.а. доценті М.Е.Жантеевтің жетекшілігімен «Сүт безі рагының 2003-2013 жылдардағы динамикасы және скриниг нәтижелері» тақырыбындағы жұмысы үшін 2 – ші жүлделі орынға ие болды.

2017 жылдың мамыр айында Мәскеу қаласында өткізілген студенттердің және жас ғалымдардың ХХІ Бүкілресейлік Пирогов ғылыми – медициналық конференциясында Сейталин Тимур 707 ХА интернінің «Результаты применения подошвенных ортезов у пациентов с плоскостопием в ЮКО» тақырыбындағы жұмысы үшін кафедра доценті Есмембетов И.Н. Пирогов атындағы РҰЗМУ ректоры академи С.А. Лукьяновтан алғыс хатын алды.