Жүнісов Бақытжан Қадірбекұлы
м.ғ.к. доцент, кафедра меңгерушісі

Жалпы дәрігерлік практика

«Жалпы дәрігерлік практика» кафедрасы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент медицина институтының «Дипломнан кейінгі білім беру» факультеті құрамындағы болашақ «Отбасылық медицина» мамандарын дайындайтын түлек шығарушы ұжым болып есептеледі.

Бітіруші түлектеріміз республикамыздың ОҚО, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында ғана емес, сонымен қатар алыс және жақын шет елдерде дәрігерлік қызметін абыроймен атқарып жүр.

Кафедраның алға қойған мақсаты: оқытудың жаңа инновациялық әдістерін қолдана отырып, практикалық денсаулық сақтау саласына жоғары біліктілікті, бәсекеге қабілетті медициналық кадрлар дайындау.

Кафедрада интерндерге сапалы білім беру барысында 4 медицина ғылымдарының докторы — 17,5 %, 4 медицина ғылымдарының кандидаты-17,5%, 2 магистр-оқытушы — 8,7%, 13 жоғары және бірінші санаттағы дәрігерлер қызмет атқаруда.

Кафедраның жалпы ғылыми дәрежелігі – 43,7 %.

Білім беру барысында кафедра қызметкерлері ҚР Білім және Ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерінің нормативты құжаттарына, Университет Сенаты бекіткен Даму стратегиясы мен Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегиясын негізге алып, қажетті құзіреттілік меңгерілу деңгейіне, оқытудың соңғы нәтижелеріне үнемі мониторинг жасап отырады. Тәжірибелік білім деңгейін жоғарылату мақсатында кафедра қызметкерлері дәрігер-интерндердің қатысуымен арнайы негізделген клиникалық-тәжірибелік талдау, дөңгелек үстел, диспуттар өткізіп, тәрбиелік мәні жоғары іс-шаралар ұйымдастыруда.

2017-2018 оқу жылында кафедрада 2 пән интернатураға, 1 пән бакалавриатқа берілген, жалпы сағат саны – 19098 және 67 кредит.

2016-2017 оқу жылында кафедра қызметкерлерінің елеулі еңбегі арқасында әлемдік рейтингтік Thomson Reuters базасы бойынша импакт факторы 0,25 жоғары журналында 1 мақала, 27 ғылыми мақалалары ҚР, алыс және жақын шетелдер басылымдарында жарыққа шығып, 10 оқу құралы, 2 оқу-әдістемелік құрал, алыс шетелде 2 монография басылып шығарылды. 1 PhD докторант кафедраның профессоры, м.ғ.д. Н.К. Түзельбаевтың жетекшілігімен қорғалады.

Кафедраның 2017-2018 оқу жылының тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес студенттік жатақханада студенттерге дәрігерлік этика, деонтология негіздерін насихаттау мақсатында кафедра күні ұйымдастырылып, «Спорт-ұлт саулығы» акциясы аясында интерндер арасында мини-футбол өткізілді.

Кафедра тәлімгерлері О.Ташимбетова, А.Тоқбергенованың ұйымдастыруы және 7 курс интерндерінің қатысуымен Шымкент қаласы «Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжінде» «Жедел респираторлы вирусты инфекциялардың профилактикасы» тақырыбында семинар-лекция өткізілді.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к. Б.Жүнісов және оқытушы Л.Ахметованың және 7 курс интерндерінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы №80 жалпы орта мектебінде «Ерте жүктіліктің қаупі» тақырыбында лекция өткізілді.