Садыкова Алия Шамилевна
м.ғ.д., профессор м.а., кафедра меңгерушісі

Жалпы дәрігерлік практика кафедрасы №1

«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру» факультеті құрамындағы болашақ «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» мамандарын дайындайтын түлек шығарушы ұжым болып есептеледі.

Бітіруші түлектеріміз республикамыздың Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында ғана емес, сонымен қатар алыс және жақын шет елдерде дәрігерлік қызметін абыроймен атқарып жүр.

Кафедраның алға қойған мақсаты: оқытудың жаңа инновациялық әдістерін қолдана отырып, практикалық денсаулық сақтау саласына жоғары біліктілікті, бәсекеге қабілетті медициналық кадрлар дайындау.

Кафедрада интерндерге сапалы білім беру барысында 3 медицина ғылымдарының докторы — 11,0 %, 5 медицина ғылымдарының кандидаты-18,5%, 5 магистр-оқытушы — 18,5%, 14 жоғары және бірінші санаттағы дәрігерлер қызмет атқаруда.

Кафедраның жалпы ғылыми дәрежелігі – 48,0 %.

Білім беру барысында кафедрада қызметкерлері ҚР Білім және Ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерінің нормативты құжаттарына, Университет Сенаты бекіткен Даму стратегиясы мен Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегиясын негізге алып, қажетті құзіреттілік меңгерілу деңгейіне, оқытудың соңғы нәтижелеріне үнемі мониторинг жасап отырады. Тәжірибелік білім деңгейін жоғарылату мақсатында кафедра қызметкерлері дәрігер-интерндердің қатысуымен арнайы негізделген клиникалық-тәжірибелік талдау, дөңгелек үстел, диспуттар өткізіп, тәрбиелік мәні жоғары іс-шаралар ұйымдастыруда.

2018-2019 оқу жылында кафедраға бөлінген жалпы сағат саны – 869,26 кредитті құрайды.

2017-2018 оқу жылында кафедра қызметкерлерінің елеулі еңбегі арқасында әлемдік рейтингтік Thomson Reuters базасы бойынша импакт факторы 0,25 жоғары журналында 1 мақала, 27 ғылыми мақалалары ҚР, алыс және жақын шетелдер басылымдарында жарыққа шығып, 10 оқу құралы, 2 оқу-әдістемелік құрал, алыс шетелде 2 монография басылып шығарылды. 1 PhD докторант кафедраның профессоры, м.ғ.д. Н.К. Түзельбаевтың жетекшілігімен қорғалады.

Кафедраның 2018-2019 оқу жылының тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес студенттік жатақханада студенттерге дәрігерлік этика, деонтология негіздерін насихаттау мақсатында Президент күніне арналған «Кафедра күні», спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
Кафедра тәлімгерлері мен 7 курс интерндерінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласының көп салалы колледжінде «Жедел респираторлы вирусты инфекциялардың профилактикасы» тақырыбында семинар өткізу жоспарлануда. Шымкент қаласының жалпы орта мектептерінде интерндердің ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушыларымен бірге «Ерте жүктіліктің қаупі» тақырыбында лекция өткізу жоспарлануда.