Утепбергенова Гульмира Алкеновна
м.ғ.д. профессор, кафедра меңгерушісі

  • Шымкент қаласы А.Байтұрсынов көшесі 7А
  • +7 (7252) 55-14-54

Жұқпалы аурулар және фтизиатрия

2013-2014 оқу жылынан бастап Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ–нің дипломнан кейінгі клиникалық оқыту орталығы «Жұқпалы аурулар және Фтизиатрия кафедрасы» ашылды.

Кафедра құрамына «Фтизиатрия» курсы, «Жұқпалы аурулар», «Балалар жұқпалы аурулар», «Дерматовенерология» курстары кіреді. Кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор м.а. Г.А.Утепбергенова тағайындалды: 2 предпатенттің, 135 ғылыми мақалалардың, 10 РИНЦ импакт –фактормен, 0 емес импакт-фактормен 1 мақаланың, 7 оқу-әдістемеліқ құралдардың, 1 оқу құралдың, 1 монография, 15 енгізу актінің, 40 сертификаттың иегері; медициналық жетістіктері: жоғары санатты дәрігер-инфекционист, бірінші санатты денсаулық сақтау ұйымының ұйымдастырушысы, терапевт мамандағы сертификаты; тәулсіздік сараптамашы, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Алтын дәрігер», «За успехи в здравоохранении», «Патриот Казахстана»- медалімен марапатталған.

2017-2018 оқу жылында кафедра құрамында барлығы 17 қызметкер, оның ішінде негізгі штатта ОПҚ – 11, қосалқы штатында – 6 жұмыс істейді. Ғылыми дәрежесі және атағы бар (ҚР ЖАҚ, КСРО бекіткен) профессор-оқытушылар құрамы 8 (47%). Ғылым докторлары (ЖАҚ ережесіне сєйкес) -1 (Утепбергенова Г.А.), ғылым кандидаты – 7 ( Ташимова С.А., Камытбекова К.Ж., аға оқытушы Оспанова А.М., Касаева Л.Т., Сергазина А.О., Сагынбек Б.С., Оспанов К.Е.) оның ішінде доцент (ҚР ЖАҚ, КСРО бекіткен) саны – 1, штат оқытушылар саны — 6 (аға оқытушы Отарбаева А.П., Сагитова С.С., Байымбетова С. Б., Абдурахманов А.И., Балтабаева Б.Т., Дуйсенов А.Ж.)

Кафедраның оқу базалары: қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық тері-венерологиялық диспансері, Шымкент қалалық көпсалалы ауруханасы, облыстық туберкулез диспансері, 7 қалалық емханасы болып табылады.

Кафедраның алға қойған мақсаты: студенттер мен дәрігер-интерндерге жаңа инновациялық әдістермен білім беру, сауатты, жоғары дәрежелі дәрігерлер дайындау.

Кафедрада оқу барысында дәрігер-интерндер мен студенттердің қатысуымен мультимедиялық тәсілдерді қолданумен клиникалық-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек стөл, диспуттар жиі өткізіліп тұрады. Кафедра қызметкерлері үнемі студенттер мен интерндерге дәрігерлік этика, деонтология негіздерін насихаттайды.

Кафедрада білім беру бағдарламалары бойынша интерантура мамандары 2 жыл, магистратура, резидентура 1 жыл дайындалады.

Кафедрада Орталық-азиялық Американдық офис Орталығы, ауруларды бақылау және алдын алу (CAR/CDC) «2017 жыл Оңтүстік Қазақстан облысында жіті энцефалиті, менингит және менингококкцемия белгілері бар науқастарды емдеу ұйымдарында эпидқадағалау жағдайлары» атты бірлескен ғылыми жоба жасалуда.

Кафедраның ғылыми бағыты: жұқпалы аурулар, фтизиатрия мен тері-венерология аурулары. Кафедра қызметкерлерімен жарық көрген 38 ғылыми мақалалар бар, оның ішінде 1 — патент, 18 — импакт –фактор РИНЦ, 0-емес IF — 1, 10 — оқу-әдістемеліқ құралдар ХҚТУ Сенатымен бекітілген, 1 — моногарфия, , 22– жақын шетелдерде мақалалар, 7 – алыс шет елдерде, 38 – журналдарда отандық басылымдан шығарылды, 15 — енгізу актісі. Түркия Университетiне 5 — ғылыми-зерттеу жобалар дайындалған.

2013-2014 оқу жылында Витилиго оқыту жөніндегі Бүкілдүниежүзілік V Халықаралық мастер- класс өтілді.

2014-2015 оқу жылында Визитинг- дәрістерді ұымдастырып Ресей Федерациясынан және Белоруссиядан профессорлар м.ғ.д. Козлов С.С., Карпов И.А. шақырылды. Біліктілікті жетілдіру факультетімен БГМУ Минск қ. Белоруссиядан бірлесе отырып «Актуальные вопросы прентальной ультразвуковой диагностики врожденных пороков развития плода» және «Актуальные проблемы допплерографии при беременности» атты халықаралық мастер класстар ұйымдастырлды.

2015-2016 оқу жылында «Медициналық физиология және нутрициология – денсаулық пен ұзақ өмір негізі» атты профессор А.А.Утепбергеновты еске алуға арналған Халықаралық ғылыми –тәжірибелік конференциясын кафедра ұжымымен ұйымдастырылып өткізілді. Тәуелсіздіктің 25-жылдық мерей тойын қарсы алғанына байланысты ШМИ-дің бас ғимаратында оқытушлармен топтардың қатысуымен Жұқпалы аурулар кафедрасының ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауидің 850 жылдық мерей тойы атты конференция жүргізілді. Өткізілген іс-шара туралы мәлімет Оңтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық саяси газетінде 10.12.2016 №200-201 (20228) 6 — бетте жарық көрді.

Кафедрада ПОҚ Түркия, Германия, Египет, Корея, Ресей, Өзбекстан, қазақстандық журналдар ЖАК «Клиникалық медицина», «Астана медицина журналы», «Фтизиопульмонология» журналы, «ХҚТУ -нің Хабаршысында» ғылыми мақалалар жарияланды.

Кафедра меңгерушісі Г.А.Утепбергенованың жетекшілігімен 2 магистрлік диссертация (Ж. А.Нурбекова, А. Ж. Медетова) қорғалды.

Кафедра 2014 жылы Белорусия Мемлекеттік медицина университеті (БГМУ) «Жұқпалы аурулар» кафедрасымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. 7–8 қыркүйек 2017 жылы Екінші Минск Халықаралық Медициналық Форумға қатысты. 14-15 қыркүйек 2017 жылы Астана қаласында Халықаралық ғылыми — тәжірибелік конференцияда: «Орталық Азиядағы инфекциялардың өзекті мәселелері, жұқпалы аурулар кезендегі менеджмент алғашқы медициналық-санитарлық көмек» атты баяндама жасады, жыл сайын кафедраның қызметкерлері интерндермен бірге «Человек и Лекарство» атты Конгресіне қатысады.