Құрметті докторантураға, магистратураға және резиденцияға түсуші үміткерлер!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың жаңа үлгілік қағидасы бекітілді.
Үлгілік қағидаға сәйкес докторантураға, магистратураға және резиденцияға қабылдау екі кезеңмен жүргізіледі: алдын-ала іріктеу және түсу емтихандары.
Алдын ала іріктеу емтиханы түсу емтихандары басталмас бұрын жүргізіледі. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті медицина бағытындағы докторантураға, магистратура және резидентура бағдарламаларына үміткерлерден алдын ала іріктеу емтиханына құжат қабылдау жұмысын бастады.
Докторантураға, магистратураға және резидентура бағдарламалары бойынша алдын-ала іріктеру емтиханынан өту үшін үміткерлер құжаттарын деканатқа тапсырады.
Алдын-ала іріктеу емтиханына құжаттар 2019 жылдың наурыз айының 20 күніне дейін қабылданады.

Докторантура

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің докторантура бағдарламасына қабылдаудың алдын-ала іріктеу ережесі

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ:
1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың жаңа үлгі ережесі(бұдан әрі — Үлгі ережелер) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілді.
2. Үлгі ережелерге сәйкес магистратураға және докторантураға қабылдау екі кезеңде жүзеге асырылады: алдын-ала іріктеу және қабылдау емтихандары. Алдын-ала іріктеу сұхбаттасу арқылы жүргізіледі.
3. Университетте магистратураға және докторантураға мамандықтары бойынша алдын-ала іріктеу комиссияны факультет деканы басқарады.
4. Магистратураға және докторантураға алдын ала іріктеуді медицина факультеті атқарады. Факультет деканы басқаратын комиссияның құрамына тәжірибелі ғалымдар кіреді
5. Алдын ала іріктеу жұмыстары қабылдау емтихандарынан бұрын жүргізіледі және алдын ала іріктеу тәртібін университет дербес өзі анықтайды.
6. Магистратураға және докторантураға түсу мақсатында алдын ала іріктеуге қатысушылардың құжаттарын қабылдау ағамдағы 2019 жылдың 20 наурызға дейін қабылданады (Сол күнді бірге қосқанда)
Алдын ала іріктеу бойынша құжаттарды қабылдау тәртібі және құжаттар тізімі.
Магистратураға жоғары білімінің білім беру бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады немесе интернатураның даярлау бағыттарына сай бітіруші курстарында оқып жатқан интерндер қатыса алады.
Докторантураға магистратура немесе резидентура бағдарламасын игерген азаматтар қабылданады. БжҒМнің «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес, докторантураға түсушілер шет тілін меңгерген сертификаттарын тапсырады:

Магистратураға және докторантураға түсуші тұлға құжаттарын сканирленген түрде электронды поштаға (Gulnar_arujan.kz@mail.ru) немесе қолма-қол медицина факультетінің деканатына өткізеді.
Құжаттар келесі мекен-жай бойынша қабылданады:
Түркістан қаласы, Б.Саттарханова даңғылы 29,
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Медицина факультеті, №2 ғимарат, 401 кабинет

Құжаттар тізімі:
1. Мекеме басшысының атына өтініш (қосымша 1).
2. Жеке куәлік (көшірмесі).
3. Жоғары және жоғарғы білімнен кейінгі құжаттар көшірмесі.
4. Оқитын жерінен анықтама (университетті бітіруші студенттеріне).
5. Түйіндеме (жеке мағлұмат, жұмыс өтілі, білімі, өткен курстары, семинары, біліктілігі жобалары, тілді меғгеруі).
6. Ғылым және ғылыми әдістемелік жариялымдар тізімі, нысаны бойынша (қосымша 2).
7. Диссертациялық зерттеудің аннотациясы орыс/қазақ тілдерінде (қосымша 3).
8. Эссе

Тізімдегі көрсетілген құжаттарды толық өткізбеген жадайда, үміткелердің өтініштері қарастылмайды.
Талапкер таңдаған мамандықтары бойынша эссені магистратура және докторантура мамандығының таңдау себебін, болашақта өзін қандай сол салада қандай жетістіктерге қол жеткізгісі келетіндігін негіздеп еркін түрде қазақ немесе орыс тілінде жазылады (көлемі А4 форматының екі бетінен аспау керек).
Алдын ала іріктеу кезеңінде шетелдік білім беру ұйымдарының берген білім беру құжаттарын тану немесе нострификациялау талап етілмейді.
Алдын ала іріктеу жұмыстары бойынша талапкерлермен сұхбаттасу, құжат қабылдау уақытысы біткен күннен бастап 2019 жылдың 29 наурызына дейін жүргізіледі.
Сұхбаттасуға дайындық мақсатында магистратура / докторантура мамандықтары бойынша тақырыбтарының сұрақтар тізімі және сұхбаттасу кестесі университет сайтында орналастырылған.
Талапкерлердің құжаттарын қарау, эссенің және сұхбаттасу нәтижесінің қорытындысына қарай магистратураға / докторантураға түсуші үміткерлерді екінші кезеңге жібереді.
Алдын ала іріктеудің нәтижелерінің шешімі бойынша ақпарат, комиссия отырысынан кейінгі келесі күні университет сайтында орналастырылады және хабарландыру тақтасына ілінеді.

Алдын-ала іріктеу нәтижелері бойынша аппеляциялық шағымдар қаралмайды.

Қосымша 1
Қосымша 2
Қосымша 3

Магистратура

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің магистратура бағдарламасына қабылдаудың алдын-ала іріктеу ережесі

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ:

1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың жаңа үлгі ережесі(бұдан әрі — Үлгі ережелер) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілді.
2. Үлгі ережелерге сәйкес магистратураға және докторантураға қабылдау екі кезеңде жүзеге асырылады: алдын-ала іріктеу және қабылдау емтихандары. Алдын-ала іріктеу сұхбаттасу арқылы жүргізіледі.
3. Университетте магистратураға және докторантураға мамандықтары бойынша алдын-ала іріктеу комиссияны факультет деканы басқарады.
4. Магистратураға және докторантураға алдын ала іріктеуді медицина факультеті атқарады. Факультет деканы басқаратын комиссияның құрамына тәжірибелі ғалымдар кіреді
5. Алдын ала іріктеу жұмыстары қабылдау емтихандарынан бұрын жүргізіледі және алдын ала іріктеу тәртібін университет дербес өзі анықтайды.
6. Магистратураға және докторантураға түсу мақсатында алдын ала іріктеуге қатысушылардың құжаттарын қабылдау ағамдағы 2019 жылдың 20 наурызға дейін қабылданады (Сол күнді бірге қосқанда)

Алдын ала іріктеу бойынша құжаттарды қабылдау тәртібі және құжаттар тізімі.
Магистратураға жоғары білімінің білім беру бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады немесе интернатураның даярлау бағыттарына сай бітіруші курстарында оқып жатқан интерндер қатыса алады.
Докторантураға магистратура немесе резидентура бағдарламасын игерген азаматтар қабылданады. БжҒМнің «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес, докторантураға түсушілер шет тілін меңгерген сертификаттарын тапсырады:

Магистратураға және докторантураға түсуші тұлға құжаттарын сканирленген түрде электронды поштаға (Gulnar_arujan.kz@mail.ru) немесе қолма-қол медицина факультетінің деканатына өткізеді.
Құжаттар келесі мекен-жай бойынша қабылданады:
Түркістан қаласы, Б.Саттарханова даңғылы 29,
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Медицина факультеті, №2 ғимарат, 401 кабинет

Құжаттар тізімі:

1. Мекеме басшысының атына өтініш (қосымша 1).
2. Жеке куәлік (көшірмесі).
3. Жоғарғы және жоғарғы білімнен кейінгі құжаттар тізімі.
4. Оқитын жерінен анықтама (университеттің бітіруші студенттеріне).
5. Түйіндеме (жеке мағлұмат, жұмыс өтілі, білімі, өткен курстары, біліктілігі, жобалары, тілді меңгеруі).
6. Эссе

Тізімдегі көрсетілген құжаттарды толық өткізбеген жадайда, үміткелердің өтініштері қарастылмайды.
Талапкер таңдаған мамандықтары бойынша эссені магистратура және докторантура мамандығының таңдау себебін, болашақта өзін қандай сол салада қандай жетістіктерге қол жеткізгісі келетіндігін негіздеп еркін түрде қазақ немесе орыс тілінде жазылады (көлемі А4 форматының екі бетінен аспау керек).
Алдын ала іріктеу кезеңінде шетелдік білім беру ұйымдарының берген білім беру құжаттарын тану немесе нострификациялау талап етілмейді.
Алдын ала іріктеу жұмыстары бойынша талапкерлермен сұхбаттасу, құжат қабылдау уақытысы біткен күннен бастап 2019 жылдың 29 наурызына дейін жүргізіледі.
Сұхбаттасуға дайындық мақсатында магистратура / докторантура мамандықтары бойынша тақырыбтарының сұрақтар тізімі және сұхбаттасу кестесі университет сайтында орналастырылған.
Талапкерлердің құжаттарын қарау, эссенің және сұхбаттасу нәтижесінің қорытындысына қарай магистратураға / докторантураға түсуші үміткерлерді екінші кезеңге жібереді.
Алдын ала іріктеудің нәтижелерінің шешімі бойынша ақпарат, комиссия отырысынан кейінгі келесі күні университет сайтында орналастырылады және хабарландыру тақтасына ілінеді.

Алдын-ала іріктеу нәтижелері бойынша аппеляциялық шағымдар қаралмайды.

Қосымша 1

Резидентура

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің резидентура бағдарламасына қабылдаудың алдын-ала іріктеу ережесі

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ:

1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың жаңа үлгі ережесі(бұдан әрі — Үлгі ережелер) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілді.
2. Үлгі ережелерге сәйкес резидентураға қабылдау екі кезеңде жүзеге асырылады: алдын-ала іріктеу және қабылдау емтихандары. Алдын-ала іріктеу сұхбаттасу арқылы жүргізіледі.
3. Университетте резидентура мамандықтары бойынша алдын-ала іріктеу комиссияны профилді шығарушы кафедра меңгерушісі басқарады.
4. Резидентураға алдын ала іріктеуді профилді шығарушы кафедралар атқарады. Кафедра меңгерушісі басқаратын комиссия, оның құрамында тәуелсіз практикалық денсаулық сақтау саласының маманы кіреді
5. Алдын ала іріктеу жұмыстары қабылдау емтихандарынан бұрын жүргізіледі және алдын ала іріктеу тәртібін университет дербес өзі анықтайды.
6. Резидентураға түсу мақсатында алдын ала іріктеуге қатысушылардың құжаттарын қабылдау ағамдағы 2019 жылдың 20 наурызға дейін қабылданады (Сол күнді бірге қосқанда)

Алдын ала іріктеу бойынша құжаттарды қабылдау тәртібі және құжаттар тізімі.
Резидентураға жоғары білімінің білім беру бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады немесе интернатураның даярлау бағыттарына сай бітіруші курстарында оқып жатқан интерндер қатыса алады.
Резидентураға түсуші тұлға құжаттарын сканирленген түрде электронды поштаға(dekanat.rezidentura@mail.ru) немесе қолма-қол жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру факультет деканатына өткізеді.
Құжаттар келесі мекен-жай бойынша қабылданады:
Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов 7/7
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Жоғарғы медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті. 103 кабинет.

Құжаттар тізімі:
1) Университет ректорының атына өтініш жазу;
3) Инетрнатурада оқып жүргендігі туралы анықтама (интернатурада оқып жүргендер үшін)
4) Интернатура бітіргендігі туралы куәлік (интернатураны бітіргендер үшін);
5) Жеке куәлігінің көшірмесі;
6) Талапкердің портфолиосы (интернатура кезіндегі жетістіктер);-эссе (резидентура мамандығының таңдауының себебі,мотивациясы және болашақта өзін қандай салада жетістіктерге қол жеткзгісі келеді).
7) Талапкердің интернатураны өткен немесе өтіп жатқан жерден кафедра меңгерушісінің қолымен және оны кадр бөлімінен кәуландырылған ұсыныс хаты немесе жұмыс істеп жатқан жерден ресми қағазға жазылған ұсыныс хат.

Тізімдегі көрсетілген құжаттарды толық өткізбеген жадайда, үміткелердің өтініштері қарастылмайды.

Талапкер таңдаған мамандықтары бойынша эссені резидентура мамандығының таңдау себебін, болашақта өзін қандай сол салада қандай жетістіктерге қол жеткізгісі келетіндігін негіздеп еркін түрде қазақ немесе орыс тілінде жазылады ( көлемі А4 форматының екі бетінен аспау керек)
Алдын ала іріктеу кезеңінде шетелдік білім беру ұйымдарының берген білім беру құжаттарын тану немесе нострификациялау талап етілмейді.
Алдын ала іріктеу жұмыстары бойынша талапкерлермен сұхбаттасу, құжат қабылдау уақытысы біткен күннен бастап 2019 жылдың 29 наурызына дейін жүргізіледі.
Сұхбаттасуға дайындық мақсатында резидентура мамандықтары бойынша тақырыбтарының сұрақтар тізімі және сұхбаттасу кестесі университет сайтында орналастырылған.
Талапкерлердің құжаттарын қарау, эссенің, портфолияның және сұхбаттасу нәтижесінің қорытындысына қарай резидентураға түсуші үміткерлерді екінші кезеңге жібереді.
Алдын ала іріктеудің нәтижелерінің шешімі бойынша ақпарат, комиссия отырысынан кейінгі келесі күні университет сайтында орналастырылады және хабарландыру тақтасына ілінеді.

Алдын-ала іріктеу нәтижелері бойынша аппеляциялық шағымдар қаралмайды.

Қосымша 1

/* --- Frontend STM Importer --- */