Кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді

Жуырда Қызылорда облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім – инновация» мектеп-интернатының оқушылары университетімізге арнайы келді.

Шараға 10 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар кітапханамен танысып шықты. Одан соң университет қалашықтарын аралап, Кәсіби бағдар бөлімінің басшысы Ұлдарай Батырқызымен кездесті. Кездесу барысында университетке оқуға қабылдау ережесімен, көрсетілетін әлеуметтік қолдаулар және жеңілдіктер беру тәртібімен танысты. Сондай-ақ, жыл сайын ұйымдастырылатын Республикалық «Ясауи» пәндік Олимпиадасы туралы хабардар болды. Өз ойларында жүрген сауалдарына жауаптар алды.

Мемлекеттік гранттан бас тартып, бүгінгі таңда Түркия гранты бойынша оқып жүрген Стоматология мамандығының 1 курс студенті Ақбибі Нұрланқызы да кездесуге арнайы келіп, өзінің ой-пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара соңында оқушылар мен олардың ұстаздарына университеттің танытым материалдары таратылды. Университеттің позитивтік бейнесін арттыруға бағытталған іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Жалпы орта білім беретін мекемелермен қарым-қатынас ұлғая түседі.

Еркебұлан Зейнуллаұлы,
Кәсіби бағдар бөлімінің жетекші маманы.