Түркия түлектері кездесті

Түркияның жоғары оқу орындарында оқып, білім арттырып келетін Түркістандық жастардың саны жыл өткен сайын арта түсуде. Көптеген түлектеріміз магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуларын табысты аяқтап, қазіргі таңда университеттің 9 факультетінде оқытушылық қызметтерін атқарып жүр.

Университетті таныту мақсатында жұмыс жасайтын Кәсіби бағдар бөлімі жуырда Түркия түлектерімен кездесу өткізіп, арнайы фото түсірілімдер жасады. Түсірімнен соң түлектер Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ректор өкілі, профессор Мехмет Куталмыштың қабылдауында болды.

Шетелде білім арттырып келген түлектердің университет туралы ой-пікірлері сондай-ақ, Түркиядағы қазақ жастарының өмірі, Отандық білім беру жүйесіндегі айырмашылықтар, ондағы кітапханалар туралы толығырақ алдағы уақытта сұхбаттар жариялайтын боламыз.

P.S Түркия түлектеріне арнайы жасалған фототүсірілімдер Кәсіби бағдар бөлімінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланды.

Еркебұлан Зейнуллаұлы,

Кәсіби бағдар бөлімінің жетекші маманы.