• / Reply

    Салеметсизбе?! Мен Караганды Мемлекеттик медицина университетинин 2 курсты аяктагалы жаткан студентпин. Менин GPA 2,38 бен ауыса аламынба жане грантым сакталады ма?

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Құрметті Бағжан!

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Сіз оқу орнын ауыстыруға мүмкіндігіңіз бар. Ахмет Ясауи университетінде 2-курстан 3-курсқа өту GPA балы 2,1.
      Егер сіз Ахмет Ясауи университетіне ауысуға ниет білдірсеңіз, төмендегі ережені басшылыққа алуды сұраймын.
      Білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып басқа ЖОО-ға ауыса алады.
      Жекелеген ЖОО-лар үшін бекітілген білім беру гранты бойынша нысаналы орындарға, сондай-ақ бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ғана ауыса алады.
      Білім беру гранты бойынша білім алушыны бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) басқа ЖОО-ға ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан ЖОО басшысының атына ауысу туралы еркін нысанда өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, қызығушылық танытқан ЖОО басшысына өтініш білдіреді;
      2) қабылдаушы ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-тіркеуші қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипттің, білім беру гранты иегері куәлігінің, оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініштің (басшының қолы қойылып, мөр басылған) көшірмелері қоса берілуге тиіс;
      3) факультет деканы (институт директоры) ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылықтарын айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді және тіркеу бөлімімен келісім бойынша білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді;
      4) факультет деканы (институт директоры), офис-тіркеуші, академиялық мәселелерге жетекшілік жасайтын бөлімше басшысы, оқу ісі жөніндегі проректор, ЖОО басшысы қойған бұрыштамаларға сәйкес білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарады.

      Қосымша сұрақтарыңыз болса, мына байланыс телефондарына хабарласуға болады:
      8(72533)6-36-36 (10-85), (11-04)
      8-778-963-79-79

    • / Reply

      қурметти ректор мен 2019 жылы 12 наурызда отбасылык себептермен сабакка катысалмай окудан шыгып калдым .енди 2020 жыл 2 семестордан кайта оқуды жалгастыра аламынба. 1 семестордан 2 пәттен сессиям бар жалпы 1 курс барлық сабактарына дайындалып келдим .

      • Болатбек Абдрасилов
        / Reply

        Азиз сіз өзіңіз оқыған факультеттің деканатына барып жолығыңыз. Деканатта сізге оқыған пәндеріңіздің сәйкестігін тексеріп, қайта қабылдау бойынша мәліметтер береді.

  • Сәлеметсіз бе, Болатбек Серікбайұлы! Университетіміздің ЖОО-мен өзара ынтымақтастықты арттыру мақсатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Ректоры Г.Алдамбергенованың Хатының негізінде 6D020500-Филология мамандығы бойынша мақсатты (Целевой) дайындау түріне «Қазақ филологиясы» кафедрасынан мені (жұмыс өтілім магистратурадан кейін 17жыл) оқуға ұсынған еді (А.Ясауи ат.ХҚТУ кеңсе шығыс нөмірі 2/1466, 08.06.2018ж.күні хат жолданған). Мақсатты оқу түрі бойынша жіберілген ұсыныс хаттың жауабын анықтай алмағандықтан хабарласып отырмын. Құжат тапсыру мерзімінен кеш қалмауым үшін және мүмкіндігімді тағы бір рет сынап көруге ықпал етуіңізді сұранамын.

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Құрметті Есбалаева Роза!

      Университет атынан бірнеше ЖОО басшыларына университетіміздің оқытушыларын мақсатты түрде Phd мамандықтарын даярлау үшін арнайы хат жазылған болатын. Бүгінгі күнге дейін хат бойынша жауап келмеді. Хат бойынша жауап келсе міндеті түрде хабар беріледі.

      Бұл мәселе бойынша алдағы уақытта Қабылдау комисиясынан ақпарат алып отыруыңызға болады.

      Қабылдау комиссиясының байланыс нөмері 8 (72533) 6-36-90

  • Құрметті Болатбек Серікбайұлы !!!
    Сізді, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымы атынан Жаңа қызметке тағайындалуыңызбен шың жүректен құттықтаймыз. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, еңбекте толағай табыстар тілейміз.
    Біздің университет еліміздегі алдыңғы қатарлы ЖОО бірі. Ғылым мен білім саласында талай табыстар мен жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Айта кетсек, ғылым, оқу, тәрбие саласында оқытушылардың біліктілігін анықтайтын «Рейтинг» жүйесі енгізіліп, университет бірқатар көрсеткіштер бойынша жоғары табыстарға қол жеткізіп отыр. Университет үшін бұл әрине жақсы, алайда, таяқтың екі ұшы бар демекші, бұл жүйенің де өзіне тән кері тұстары бар екенін уақыт көрсетіп отыр.
    Бұл жүйенің алдамшы тұстары жеткілікті, көбіне өз-өзімізді алдап келеміз. Университет басшылығы Thomson Reuters, Scopus базасындағы журналдарда мақала жариялаған оқытушыларға 500$ көлемінде сый ақы тағайындаған. Осы сый ақыға дәмелі көбіне-көп «ғалым сымақ» ұстаздарымыз жалған ғылым жасауға бет алған. Рейтингі жоғары Thomson Reuters, Scopus базасындағы журналдарда жарияланған мақалалардың 96%-да біздің университет оқытушылары жәй серіктес авторлар ретінде 3-4-ші, кейде 5-6-шы адам болып негізгі авторларға (басқа ЖОО) серіктес болып отыр. Сорақысы сол, ақша мен бедел үшін біздің оқытушылар мақала бағытын да таңдауды қойды. Мақала авторлары арасында гуманитарлық, әлеуметтік, жаратылыстану ғылымдарының өкілдерін қатар кездестіруге болады. Экономист тіл білімі туралы, филолог тарих туралы, тарихшы педагогика туралы т.б. мақала жариялап келеді.
    Бұл келеңсіз жағдай. Өткен университет басшылығы біліп-білмей осы жағдайдың туындауына жол берді. Мұны тоқтату керек. Сізден, Жаңа басшысы ретінде осы жағдайды реттеп, жөнге келтіруіңізді сұраймыз. Ғылым спортқа айналмау керек.

    Құрметпен, университет жанашырлары

  • Саламатсыз ба
    Құрметті Болатбек Серікбайұлы!
    Мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Ибрагимова Эльмира Айтхожақызымын. Мені үйренуші оқытушы ретінде жұмысқа алған Сізге үлкен құрметпен қараймын.
    Менің ұлым Зейнолла Талант “Биология” мамандығына Түркия квотасы бойынша конкурстан өткен болатын. 2017-2018 оқу жылы “Foundation” даярлық курсында оқыды. Енді бакалавриатта оқуын жалғастырады. “Биология” мамандығын “Жалпы медицина” мамандығына ауыстырып, Түркия квотасы бойынша бакалавриатта оқуға мүмкіндік бар ма екен?
    Ұлым конкурстан 96 баллмен өтті.
    Сізден жауап күтемін.
    Ізгі ниетпен
    Э.Ибрагимова

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Ибрагимова Эльмира Айтхожақызы!
      2017 жылы ұлыңыз “Биология” мамандығы бойынша Түркия квотасын алған болса, онда ұлыңыз 2018-2019 оқу жылында “Биология” мамандығы бойынша оқуын жалғастырады. Мамандығын ауыстырған жағдайда Түркия квотасы сақталмайды.
      Қосымша ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясының 872533-6-36-90 немесе 87789637979 байланыс нөміріне хабарлассаңыз болады.

  • Құрметті Абдрасилов Болатбек Серікбайұлы! Мен ҚазҰУ-нің “Химия және xимиялық теxнология” факультетінің 3 курсын ойдағыдай аяқтадым. 2015 жылы мемлекеттік білім грантын жеңіп алдым. Бірақ, бала кезден медицина саласында xалыққа қызмет етуді армандадым. Ал, қазіргі мамандығыма ата-анамның ықпалымен түстім. Сізге қояр сұрағым, егер оқып жүрген мамандығымды бітіріп, екінші рет мемлекеттік білім гранты конкурсына “Жалпы медицина” мамандығы бойынша қатысуға құқығым барма? Және грант жеңіп алсам, оқыту процесі қалай жүргізіледі? Немесе, университет тарапынан грант бөлінеді ме? Бөлінген күнде, конкурсқа қатыса аламын ба? Ал, егер ақылы бөлімге түсуге мүмкіндігім болса, қандай жеңілдіктер қарастырылады? Алдын ала раxмет!

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Құрметті Батырбек Сандыбай Бақытбекұлы!
      Сізге бакалавриат бағдарламасы бойынша мемлекеттік тегін білім гранты бір рет берілгендіктен, екінші рет грант берілмейді. Ақылы негізде білім алуға болады. Ал, алып жатқан біліміңіз бойынша магистратурада жалғастыратын болсаңыз, білім гранты конкурсына қатыса аласыз.

  • / Reply

    Саламатсыз ба құрметті Болатбек Серікбайұлы !
    Сізді жаңа жұмыс орныңызбен құттықтай отырып, алдағы уақытта сәттіліктер тілеймін!
    Сізге харлама жазған себебім, мен 2018 жылғы бітіруші түлекпін. 2015-2017 жылдары аралығында университет белсенді жастарының ұсынысымен ХҚТУ Студенттік Ректоры болып белсенді жұмыс атқардым. 2016-2017 оқу жылында Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша 1 семестр Еуропада білім алып келдім және 4-курстың өндірістік тәжірбиесін Астана қаласында өзіңіз жұмыс атқарған Министрліктер үйінде өттім, 4 тілде еркін сөйлей аламын . ХҚТУ-ға әлі де болса еңбегім сіңгенін қалаймын және сізден осы Университеттен маған лайықты жұмысқа орналастыруыңызды өтінемін.

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Сәлеметсіз бе, Дәулетхан.
      Өзіңіз туралы толық мәліметтермен университеттің кадр бөліміне түйіндеме тапсыруыңызға болады. Орын болған жағдайда, міндетті түрде сізбен байланысамыз.

  • Ассаламағалейкум Болатбек ағай!Мен жақында 15.07.2018ж КТА тапсырып 51 балл жинадым.Менің бала күнгі арманым-Дәрігер болу.Ауырған адамды емдеп көзінен қуаныш көргенде-менен бақытты адам болмас еді! Бірақ ақылы оқитын отбасымның жағдайы көтермейді:Әкем жоқ, Анам 2 топ мүгедек,Өзім 3 топ мүгедекпін.Маған тегін оқуға грант бересіздерма(Түркия гранты)босада.Осы жағдайыма қарай? ӨТІНіШ ТЕЗ ЖАУАП АЙТЫҢ!

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Құрметті Ширинов Асан Серикович!
      Дәрігер мамандығына түсу үшін кем дегенде 65 балл жинауыңыз керек. Сіз 51 балмен дәрігер мамандығына түсе алмайсыз.

  • / Reply

    Сәлеметсізбе,Болатбек Серікбайұлы!Мен стоматология мамандығы бойынша ақылы негізде биыл университет қабырғасында 5 жыл оқып,бакалавр негізінде бітірдім.Мен биылғы оқу жылы Ақтөбе қаласында Халықаралық жас ғалымдар конференциясына қатысып,жүлделі 3 орын алдым.Осыған орай біздің университет тарабынан оқу жағдайына жеңілдіктер бар ма?Қалған 1 жыл интернатураны Шымкент қаласында жалғастырмақшымын.

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Құрметті Асхат!
      Егер сіздің GPA балыңыз жоғары болса, онда босаған грантқа қатысуға мүмкіндігіңіз болады.

  • / Reply

    Ассалаумағаликум ! Құрметті Болатбек Серікбайұлы! Қайта тестілеу кезінде, яғни, 15-19 тамыз аралығында болатын тестте жоғары балл жинап шықса грант иегері атана алады ма? Құжаттарды сол оқу орнына апарып тапсырамынба? Және де сырттай оқуға болады ма ? Оқу ақысы қанша ? Толық бакалаврдың оқу ақысы қанша ? Толығырақ жауап берсеңіз? Foundation бағдарламасы бар ма?

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Қайта кешенді тестілеу нәтижесі бойынша шекті балды алсаңыз сіз тек ақылы негізде ғана білім аласыз.
      Ахмет Ясауи университетінде сырттай оқу жоқ. Оқу ақысы жайлы мәліметті университеттің ayu.edu.kz сайтының «Талапкерге» бөлімінен толық таныса аласыз. Университетімізде foundation бағдарламасы бар.

  • Ұлан
    / Reply

    Құрметті Болатбек Серікбайұлы!
    Сәлеметсізбе, менде КТА нәтижесі 64 балл. Мен
    “Стомотология” мамандығына Тукия грантымен (конкурста балл жоғары болса…..) оқуға түсе аламынба?
    Немесе сіздерде “Ректорский грант” бөлінбейдіме?
    Ақысыз оқуға түсу үшін Университет тарапынан қандай жеңілдіктер болады?

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Құрметті Ұлан
      64 балмен Түркия гранты конкурсына қатыса аласыз. Алайда Стоматология мамандығына құжат тапсырған талапкерлердің санына байланысты түсу балы айқындалады. Яғни Стоматология мамандығына түсу, құжат тапсырған талапкерлердің санына және оған бөлінген Түркия грантының санына байланысты болады.

  • Сарыбаев Бақғдаулет
    / Reply

    Сәлеметсізбе мен кешенді тестілеуден 117 балл жинадым брақ жалпы медицина ға түсе алмай қалдым сұрағым Түркия гранты конкурсна қатыса аламынба? кіммен қалай байланысам болады?

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Түркия гранты бойынша 5-15 тамыз аралығында талапкерлерден құжат қабылданады. Конкурсқа қатыса аласыз. 872533-6-36-90 номеріне қоңырау шалып, мәлімет алуыңызға болады.

  • Құрметті Болатбек Серікбайұлы!Сәлеметсізбе мен кешенді тестілеуден 117 балл жинадым брақ жалпы медицинаға түсе алмай қалдым сұрағым Түркия гранты конкурсна қатыса аламынба кіммен қалай байланысам болады?

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Түркия гранты бойынша 5-15 тамыз аралығында талапкерлерден құжат қабылданады. Конкурсқа ҰБТ немесе КТ бойынша шекті балды алсаңыз конкурсқа қатыса аласыз. Қабылдау комиссиясының байланыс телефоны 8(72533) 6-36-90

  • Құрметті Болатбек Серікбайұлы,сәлеметсіз бе?Мен Атырау қаласының 2018 жылғы түлегімін.ҰБТ-дан 114 балл жинадым.Түркиядан жалпы медицина мамандығына бөлінетін грантқа қатысуға құжаттарды қалай тапсыруға болады?Барып тапсыруым керек пе?Әлде онлайн тапсыруға бола ма?

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Түркия гранты бойынша 5-15 тамыз аралығында талапкерлерден құжат қабылданады. Құжатты келіп тапсыруыңыз керек.

  • / Reply

    Сəлеметсіз бе Болатбек Серікбайұлы!
    Мен Акмола облысынан едіи. Қвзым Жансая ҰБТда 118балл жинап. Астана медицина университетіне грантқа құжаттарымызды тапсырған болатынбыз. Өкінішке орай бір балл жетпей қалып, оқуға түсе алмадық. Сіздер бізді грантқа қабылдай аласыздар ма. Аттестатымыз бəрі бестік баға. Тек қана геометрия пəні 4 деген баға. Рахмет жауап күтеміз.тел.87087221783

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Құрметті Задаш!
      Түркия гранты бойынша 5-15 тамыз аралығында талапкерлерден құжат қабылданады. Университеттке келіп құжат тапсыруға болады. Түркия грантына түсу мамандық бойынша құжат тапсырған талапкерлердің санына байланысты.

  • Гулмира Ергешовна
    / Reply

    Саламатсызба Болатбек Абдрасилов мырза! сізден білгім келгені түрк квотасы қай мерзім аралығында қабылданады. Рахмет

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Түркия гранты бойынша 5-15 тамыз аралығында талапкерлерден құжат қабылданады.

  • Құрметті Болатбек Абдрасилов мырза!
    Сіздің Министрлікте белсенді жұмыс атқарғаныңызды есіте отырып осы сұрағымды қойғым келіп отыр. БҰТ 2018-2019ж.ж 80 балмен өтетіндер өтіп сол мамандыққа 98 балмен мен өтеалмағандығын қалай түсіндіре аласыз
    Алдын ала рахмет!

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Құрметті Гулмира!
      Мемлекеттік білім грантын бөлу Білім және ғылым министрлігіндегі арнайы құрылған комиссиясы шешеді. Университеттің қабылдау комиссиясы грант конкурсына талапкерлердің қатысыуын жүзеге асырады.

  • Здравствуйте,товарищ Болатбек Абдрасилов!
    Я, Вам прислала письмо ,по поводу результата VI олимпиады,где не участвовавщий Мирзалиев Хилват получил 1 место. Прошу Вас рассмотреть неувязку и дать Нам ответ в ближающие дни или Нам придется обратится в другие отвественные органы.
    Спасибо, С уважением Кдырбаева Зульфия и родитель Карамадинов Куралбай

    • Aru Onaibek
      / Reply

      Саламатсыздарма!
      Құрметті Зульфия Оразбайқызы
      Құрметті Камардинова Әсемайдың ата-анасы мен мұғалімі!

      Сіздердің жазған мәлімдемелеріңіз бойынша төмендегідей мәлімдейміз.
      Үстіміздегі жылдың сәуір айының 6-шы жұлдызы күні университет қабырғасында дәстүрлі мектеп бітірушілердің республикалық «Яссауи» пән олимпиадасының 2-ші кезеңі болып өтті. Аталған сайысқа 1-ші турдан өткен қатысушылар ғана қатыстырылды. Және де биылғы жылы пән олимпиадасы екі түрлі сайыс ретінде пәндер және пәндер бойынша ғылыми жобалар сайысы түрінде ұйымдастырылды. Сіз айтып отырған «Ағылшын» пәні бойынша ғылыми жоба байқауының 2-ші турына іріктелген 5 оқушы өткен болатын. Екінші кезен барысында сол өткен 5 оқушы толығымен қатысып аталған ғылыми жоба байқауы бойынша алдын-ала құрылған комиссия құрамымен қаралып, нәтижесі шығарылған. Пәндік ғылыми жоба байқауы комиссяның ұсыныс негізінде жалпы олимпиаданы ұйымдастыру комиссиясының шешімімен үздік деп табылған 1 ғылыми жобаға жүлделі орын берілген. Сіз келмеді деп отырған және 1-ші орынға ие болған қатысушы-оқушы Мирзалиев Хилват, байқау өткізіліп жатқан ғимаратты таппай және кіре берістегі кезекшілердің ұстап қалуы нәтижесінде біраз кешігіп келгенімен, комиссия отырысы жоспарланған уақыт аралығында келгендіктен жұмысы қаралып нәтижесі бойынша комиссия қорытынды шығарған. Ол туралы қатысу парағы толтырылған. Сол себепті Сіз айтып отырған уәждер негізсіз болғандықтан олимпиада нәтижесін қайта қарауға жатпайтындығын мәлімдейміз.

      Ұйымдастыру комиссиясы төрағасының орынбасары
      университеттің оқу-әдістемелік істер жөніндегі
      вице-президенті Ө.Умбетов

  • Жауқасын Әлібекқызы
    / Reply

    Сәлеметсіз бе, Болатбек Абдрасилов! Осымен екінші рет жазып отырмын. 6-сы күні болған олимпиаданың қорытындысын әлі естімедік. Ол күні қорытынды кешке қатыса алмадық, бірақ марапаттау кезінде інімнің аты-жөні аталыпты. Грант жеңіп алған оқушылардың тізімі неге әлі күнге сайтқа шығарылмағанын түсінбедік. Университет номеріне хабарлассақ біз жауапты емеспіз дейді. Сонда кім жауапты? Қанша жерден барып қатысқан оқушыларды неге ойламайсыздар? Егер осы жолы жауап ала амасам сіздердің олимпиадаларыңыздың әділ өткеніне сеніміміз жойылады.

    • Aru Onaibek
      / Reply

      Сәлеметсіз бе! Сіздің сұрағыңызға мына кісі толық жауап береді. 8 771 635 14 48 8 702 192 75 62

  • Өмірзақ Сандуғаш
    / Reply

    Сәлеметсіз бе, Болатбек Абдрасилов! Мен 2019 жылғы ХҚТУ бакалавриатының түлегімін.Қазіргі таңда магистратура білім грантында Абай атындағы ҚазҰПУ да “Биология” мамандығында 1 курстамын.Мен осы 1семестрден соң МКТУға ауысқым келеді.Осы жағдайда, менің білім грантым сақталады ма?Ақылы болған жағдайда квотаға өтуіме болады ма?Сізден жауап күтемін.

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Сандуғаш біріншіден сіздің мамандығыңыздың бағытын жазуыңыз керек. Мамандығыңыз сәйкес келетін болса ауысуға болады.

  • Өскенбай Айдархан
    / Reply

    Саламатсызба, құрметті Абдрасилов Болатбек Серікбайұлы!!! Мен Астана Медициналық Университетінің жалпы медицина факультетіне ҰБТ-дан 132 балл жинап, мемлекеттік грантты жеңіп алған 1курс студентімін. Менің қояр сұрағым-мен 2019-2020 оқу жылының 2-ші семестрінде немесе 1курсты АМУ да аяқтап 2-ші курстан бастап Астана Медициналық Университетінен ХҚТУдың стоматология факультетіне грантымды сақтай отырып ауыса аламынба, ауысқан жағдайда стипендиям сақталынадыма алде жокпа Алдын ала рахмет !!!

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Егер сіз жалпы медицина бойынша грант иегері болсаңыз онда стоматологияға грант негізінде ауыса алмайсыз. Грант тек жалпы медицина мамандығына ғана берілген. Егер ауысамын десеңіз тек ақылы түрде ғана болады.

  • Диас
    / Reply

    Саламастсызба яссауй университетне түрік квотасымен грантқа құқықтану мамандығына түсуге болама қанша баллмен

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Құқықтану мамандығына Түркия квотасымен оқуға түсуге болады. Әр оқу жылында түсу балы өзгеріп отырады. Себебі конкурсқа қатысушы талапкерлердің санына байланысты.

  • Гулназ
    / Reply

    Саламатсыз ба? Мен Монголия азаматшасы Шымкент қаласында соңғы 7курсымды оқып жатырмын, Бізде 1жылда 1рет Қазақ деген анықтама арқылы 1жылдық виза береді.Биыл бітіретін жыл жақында ана атандым, біз Қазақ деген анықтаманы Алматы немесе Астана қаласындағы посольствадан аламыз, биыл кішкентай сәбимен барып ала алмай маған біздің Посольства электрон түрінде жіберген болатын, соны біздегі виза бөлімі қабылдамаймыз дейд, Енді қандай шара қолдансам болады, кішкентай сәбимен жүре алмаймын, Сізден өтініш мына мәселені қарап көруіңізді өтінемін, Жылда қазақ деген анықтаманын не қажет бар егер біз өзіміз Қазақ болсақ, жылда өзгеремейміз гой

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Гүлназ,Моңғолия Республикасынан келген азаматтар Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамаларының талаптарына сәйкес екі жағдайда виза мерзімі ұзартылатынын немесе уақытша тіркеу, тұрақты тіркеу, азаматтық алған жағдайда виза тоқтатылатынын растаймын. Виза мерзімін ұзарту талаптарына сәйкес,электронды түріндегі ұлты қазақ екенін растайтын анықтама жарамсыз,құжаттың түпнұсқасы болуы қажет.
      Бірінші жағдайда: Университетімізге білім алу үшін келетін Моңғолия азаматтары оқуға қабылданғаннан кейін бір реттік тегін университет атынан шақырту визасы жасалады. Одан кейін қалған жылдарына университет бітіргенше визасын ұзартып отыру өз жауапкершілігінде болады. Моңғолия азаматтары Моңғолия елшілігінен ұлты қазақ екендігін растайтын қол қойылып мөрі басылған анықтама қағазының түпнұсқасы болған жағдайда тегін ұзартуға толық құқытары бар.
      Екінші жағдайда: Егерде ұлты қазақ екенін растайтын елшілік тарапынан мөрі басылып қолы қойылған анықтамасы болмаған жағдайда университет басшысының №206 16.11.2018 бұйрықтың негізінде бір жыл мерзімге ақылы негізде ұзартуға міндеттенеді. Ал бітіруші курстар үшін виза мерзімінің соңғы уақыты 6 (алты) ай мерзімге сәйкес келген жағдайда 3 (үш) айлық виза мерзімін алуларына құқықтары бар екендігін растаймын.
      Үшінші жағдайда: Егерде азамат уақытша тіркеу, тұрақты тіркеу немесе азаматтық алған жағдайда виза мерзімі тоқтатылады.
      Оқу визасын тегін ұзарту үшін қажетті құжаттар тізімі:
      1. Шетел паспортының түпнұсқасы
      2. Деканаттан оқитындығы туралы анықтамасы
      3. Ұлты қазақ екендігін растайтын елшілік тарапынан қол қойылып мөр басылып бекітілген анықтамасының түпнұсқасы.
      4. Облыстық КҚҚб-ның атына университет басшылығы тарапынан университет бланкасына жазылған ресми хаты қол қойылып кеңсе бөліміне тіркелген.
      5. Осы құжаттарды әр-бір шетел азаматтары виза бөлімге өздері журналға қол қойып тапсыру қажет не болмаса себепті жағдай болғанда сенім хат арқылы басқа азамат тапсыра алу құқығы бар.
      Шымкент қаласында орналасқан ҚКҚҚБ-на жеткізу және сенім хат арқылы бөлім қызметкерлері паспорттарын тапсыру және дайын болған шетел паспорттарын журналға қол қойдырып студенттің өзіне тапсыру.

      Оқу визасын ақылы ұзарту үшін қажетті құжаттар тізімі:
      1. Шетел паспортының түпнүсқасы
      2. Деканаттан оқитындығы туралы анықтамасы
      3. Мемлекет белгілеген тарифпен виза ақшасының КАЗПОШТА-ға төленген түбіртегінің түпнұсқасы.
      4. Облыстық КҚҚб-ның атына университет басшылығы тарапынан университет бланкасына жазылған ресми хаты қол қойылып кеңсе бөліміне тіркелген.
      5. Осы құжаттарды әр-бір шетел азаматтары виза бөлімге өздері журналға қол қойып тапсыру қажет не болмаса себепті жағдай болғанда сенім хат арқылы басқа азамат тапсыра алу құқығы бар.
      Шығу визасы оқудан шыққан жағдайда немесе бітірген жағдайда не болмаса паспортын жогалтып қайта қалпына келтірген жағдайда қайта виза алу үшін берілетіндігін растаймын.
      Шымкент қаласында орналасқан ҚКҚҚБ-на жеткізу және сенім хат арқылы бөлім қызметкерлері паспорттарын тапсыру және дайын болған шетел паспорттарын журналға қол қойдырып студенттің өзіне тапсырылады.

      Шығу визасы беру үшін қажетті құжаттар тізімі.
      1. Шетел паспортының түпнүсқасы
      2. Студенттік кеңсе бөлімінен оқудан шыққандығы туралы немесе бітіргендігі туралы бұйрықтан үзінді.
      3. Мемлекет белгілеген тарифпен шығу виза ақшасының КАЗПОШТА-ға төленген түбіртегінің түпнұсқасы.
      4. Облыстық КҚҚб-ның атына университет басшылығы тарапынан университет бланкасына жазылған ресми хаты қол қойылып кеңсе бөліміне тіркелген.
      5. Шымкент қаласында орналасқан ҚКҚҚБ-на жеткізу және сенім хат арқылы бөлім қызметкерлері паспорттарын тапсыру және дайын болған шетел паспорттарын журналға қол қойдырып студенттің өзіне тапсыру.
      Моңғолия Республикасының азаматшасы Алма Гүлназ қазіргі таңда шетел паспортын басқа құрбысынан Сенім хатсыз беріп жібергенін және Елшілігінен дайын тұрған ұлты қазақ екенін растайтын анықтамасының тұпнұсқасын өзі бара алмаған жағдайда жақын туысына Сенім хат беріп құжатын алдырып бөлімге тапсырмаған және виза мерзімі 2020 жылдың 25-наурызында бітетіндіктен кешіккен жағдайда студент қатарынан шығарылып еліне қайтарылатындығы қатаң ескертілді және 01.03.2020ж. күнге дейін тиісті құжаттарын виза алу тәртібінде көрсетілген талаптарға сәйкес тапсыратындығын хабарлады

  • Гулназ
    / Reply

    Саламатсыздарма, Осы жазған негізгіз сұрақтарым үшін кешірім сұраймын сіздерден, нақты анық жауаптарыңыз үшін үлкен рақмет айтамын,сенімхатпен визаға 01.03-не дейін өткізіп үлгердім, университет басшы және визамен қамтамасыз ету бөліміне алғысымды айтамын.Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.

  • Махсұт Досқали
    / Reply

    Құрметті Болатбек Абдрасилов!Мен Қ.А.Ясауи университетінің филология факультетінің 1-курс студенті,1- семестрден соң Қарағанды Мемлекеттік университеттен ақылы негізде ауысып келдім.Филология факультетіндегі 2-семестрде өтілетін 1 пәнді Қарағанды Мемлекеттік университетінде оқыған болатынмын.(ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні).Ясауи университетіне ауысып келген кезде мені сол пәннен босату керек болатын,бірақ менің бұйрығым кеш шықты.Сабақ басталғаннан соң 3 апта өткен соң,ал олай босатылатындар тізімін 1 апта ішінде беру қажет екен.Маған тиісті бұйрығым кеш шыққандықтан босата алмады.Енді кеш дейді,осы мәселе жөнінде сұрақ қойып едім

    • Махсұт Досқали
      / Reply

      Саламатсыздар ма, Осы жазған негізсіз сұрақтарым үшін кешірім сұраймын сіздерден, нақты және анық әрекет үшін филология факультетінің деканатына алғысымды айтамын.Менің мәселем шешілді

  • Ассалаумағалейкүм!
    Аға журналистика факультетінде қанша грант бөлінеді шамамен (2020–2021 оқу жылына). Сонымен қатар универститеттің емтиханында қандай тесттер болады? Междунарожный мен қарапайым университеттің айырмашылығы қандай? Және сіздерде ағылшын немесе өзге тілдерді білу міндеттіме?

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Айнат, 2020-2021 оқу жылына Журналистика мамандығы бойынша гранттар саны әлі жариялаған
      жоқ. Журналистика мамандығына түсу үшін Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығынан
      ҰБТ тапсырасыз, университетте екі шығармашылық емтихан тапсырасыз.
      – Университетіміз екі елдің достығы негзінде құрылған Халықаралық университет болып
      табылады. Халықаралық университеттердің ерекшелігі шетелмен байланыс жақсы жолға
      қойылған. Студенттердің шетелде білім алуына, шетелдік профессорлардан дәріс алуға
      мүмкіндігі жоғары.
      – Университетімізде дәрістер төрт тілде жүреді. Қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдерінде.
      Шет тілін білсеңіз университетіміздегі көптеген мүмкіндікті пайдалана аласыз.

  • Тәліп Тілеуқабыл
    / Reply

    Құрметті Болатбек Серікбайұлы мен Тәліп Тілеуқабыл. 2019 жылы Кыркүйек айында ХҚТУ резидентура Неврология мамандығы түрік квотасына оқуға түстім. Биыл сіздің рұқсатыңызбен түрік квотасындағы резиденттерге мемлекеттік гранттағы студеттеремен тендей степендия берілді. Бірақ 2020 қаңтар айынан Президент #16-2/66 бұйрығына сәйкес мемлекеттік грант степендиясы 25% ға көтерілді. Осыған орай #157 бұйрыққа сәйкес Түрік квотасының степендиясы да қаңтар айынан көтерілуі керек болатын. Бірақ 3 ай болды степендия көтерілмей келеді. Неврология Нейрохирургия мамандығының барлық резиденттерінің атынан осы мәселені өз қадағалауыңызға алып шешіп беруді сұранамыз.

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Тәліп, стипендия мөлшері Өкілетті кеңес хаттамасымен белгіленген мөлшерімен төленеді.

  • Жанибек Иманбеков
    / Reply

    Аса құрметті Болатбек Серикбайулы!
    Мен, Иманбеков Жанибек Есиркесинович (29.05.1979ж туған, жеке куәлік № 033750934, МВД РК 31.07.2012ж) 1998 жылы Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне «Өнер» факультетінің «Орындаушылық өнер» мамандығына оқуға түсіп, 2002 жылы «драма театр және кино актері» біліктілігімен «қызыл дипломмен» бітірдім. 3 жыл мамандық бойынша әртүрлі мәдени орындарда қызмет атқардым. 2005 жылы жылы Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, Ақпараттық технологиялар-инженерлік факультетінің, «Информатика» мамандығына екінші жоғары білім алуға (сырттай оқу бөліміне) құжат тапсырып, 1жыл оқыдым. Отбасы жағдайлары мен Алматы қаласына көшуіме байланысты оқуымды соңына жеткізе алмадым. Алайда оқу сессиясына барып, оқу төлемақысы 1 жылға-68000 тенге толық төленген. Квитанциялар қосымшада тіркелді.
    Менің Сізге өтініш жазып отырған себебім,
     Біріншіден, қазіргі уақытта 29500 тенге қарызы бар деп Университет
    бухгалтериясы мәлімет берді. Оқу ақысын толық 1 жылға төленгенімен, ондай қарыздың не себепті шыққанын еш жерде бұйрықпен таныса алмадым.

     Екіншіден Университет мұрағатынан менің құжаттарым (диплом түпнұсқасы
    мен қосымшасы, диплом көшірмесі де) табылмады.
    Дипломның көшірмесін (дубликат) алуға Egov.kz порталында дипломның көшірмесінсіз тапсырыс берілмейді. Менің қолымда көшірмелер жоқ.

    Қазіргі білім мен техниканың, цифрлық заманның қарқынды дамыған заманында Сіз басқарып отырған университетте тапсырылған құжаттың жоғалғаны түсінбестік тудыруда.
    Елімізде төтенше жағдайлардың орын алу кезеңінде, онлайн хат жазып отырмын. Дипломның түпнұсқасы мен оқу ақысы туралы толық мәлімет және «Информатика» мамандығында сырттай оқу бөлімінде білім алғандығым туралы академиялық анықтаманы алуға, осы жағдайлардың оң шешілуіне Сіздің ықпал жасауыңызды сұраймын.

    Өзім туралы берген барлық деректерді растаймын.
    Иманбеков Ж.
    02.04.2020ж

  • Сәлеметсізбе Болатбек Серікбайұлы мен Пернебай Жанар ХҚТУ Жаратылыстану факультетінің Экология және химия кафедрасының 2-курс студентімін.Ақылы бөлімде білім алып жатырмын.Қысқы семестрде GPA-3.66 болды. Оқу ақысын төлеуде жеңілдік қарастырылмайды ма?

  • Сәлеметсізбе!2020-2021жылдың оқу жылына қанша грант бөлінді .Қожа Ахмет Яссауий университетінде юрфак факультеті барма? Канша баллмен грант болуга болады

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      2020-20201 оқу жылына мамандықтар бойынша бөлінген гранттардың мәліметі әлі жарияланған жоқ.

      Университетімізде «Құқықтану» кафедрасы бар. Оқуға түсу гранты, бөлінген грант санына және оған құжат тапсырған талапкерлердің санына байланысты жылда өзгеріп отырады.

  • Бибіажар Айдарова
    / Reply

    Сәлеметсізбе,Болатбек Серікбайұлы!!! Рамазан айы мүбәрак болсын! Мен 2020 жылы Кешенді тестілеуден өткім келген еді,Жалпы медицина мамандығынатүсу үшін.Қазіргі уақытта барлығы төтенше жағдайға байланысты болып тұрғанын білемін.Алайда құжат қай уақыттан бастап қабылдайды?КТ қалай тапсырылады?) Осы жаңалықтардан хабарсыз болмас үшін қандай да бір дерек көздерін (сайт,эл.почта,номер т.б) қалдыра аласызба?Алдын ала рақмет!

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Құрметті Бибіажар!
      Сіз онлайн тіркеу жасау арқылы ҰБТ-ға қатыса аласыз. Ол үшін мына сілтеме арқылы тіркеу жасауыңыз керек https://ent2020-tipo.testcenter.kz/
      Құжат қабылдау мерзімі 20.04 – 10.05.2020
      Университет коды – 037
      Тіркеу жасаған соң мына номерге хабарласыңыз 87789637979
      Email- edil.tulegenov@ayu.edu.kz

  • / Reply

    Dear sir, we are medical student recruitment company from india. we are working in this field from almost 20 years.till now we did student recruitment for countries like america, carribean countries, china, georgia, armenia, phillipiness and russia. as your univeristy have worldclass infrastructure with all modern facilities. we are interested to be your partner from india for student recruitment.Waiting for a positive reply.
    contact info :-
    call +7 7767447745
    whatsApp +91 8952005253

  • / Reply

    Сәлеметсізбе, Болатбек Серікбайұлы!
    Мен 2020жылы кешенді тестілеу тапсырайын деп едім.Мына болып жатқан төтенше жағдайға байланысты тест тапсыру бағыты қалай болатындығын білгім келеді. Осы турлы айтып кетсеңіз!

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Құрметті Абай!
      Егер сіз өткен жылдардағы мектеп немесе колледж бітірушісі болсаңыз онда ҰБТ-ға онлайн тіркелесіз.
      Құжат қабылдау мерзімі 20.04 – 10.05.2020
      Университет коды – 037
      Сілтеме: https://ent2020-tipo.testcenter.kz/
      Тіркеу жасаған соң мына номерге хабарласыңыз 87789637979
      Email- edil.tulegenov@ayu.edu.kz

  • Мадина Берден
    / Reply

    Сәлеметсіз бе ағай
    Менің сұрағым мен 2ші семестрде Атырауда ауысып келіп едім. 1 курс студентімін, мемлекеттік грант пен ауысып келдім. Карантинге байланысты мен пән кредитін төлеп, әрі оқып үлгерген жоқпын. Және мына жаққа ауысып келгелі ақпан айынан бастап әлі степендия алмадым. Егер мен кредитті өтеп болған соң маған өткен айлардың степендиясы беріле ме? Біреулер берілмейді деп жатыр. Егер берілмесе себебін айтып беріңізші не үшін берілмейтінін. Мен 2ші семестрден осы жерде тізімде тұрмаймын ба. Сонда мен өткен айдың стипендиясынқалай алам?

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Мадина, мамандық атын, оқитын тобыңыз, аты-жөніңіз секілді мәліметтерді толық көрсетпегендіктен жауап бере алмай отырмыз. Осы мәліметтерді жіберіңіз, немесе өзіңіз оқитын факультеттің деканатына хабарлассаңыз болады.

  • Жазира
    / Reply

    Салематсыз ба, Болатбек Серікбайұлы! Мен Астана Медицина Университетінің аға оқытушысы едім. Қазіргі пандемия уақытында жұмысқа орналасу мүмкін бе?

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Құрметті Жазира, алдағы уақытта 2020-2021 оқу жылына ваканциялық орындарға конкурс жаряланады, соған құжаттарыңызды тапсырып, конкурсқа қатысуыңызға болады. Басымдық ғылыми дәрежесі бар, ғылыми жұмыстарының нәтижелері рейтингтік журналдарда жаряланған талапкерлерге беріледі.

  • Альбина
    / Reply

    Саламатсызба Болатбек Серікбайұлы.
    Мен колледж тулеги едим, филология факультетине УБТ-сыз тусуге мумкиндиктер немесе арнайы тесттер барма. Тандап отырган мамандыгым аударма ісі. Отиниш сурагыма жауап берсениз.

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Құрметті Албина.
      Колледж түлектер өз мамандығы бойынша университетке ҰБТ–сыз тек ақылы түрде ғана оқуға түсе алады. Мемлекеттік грантқа түсу үшін ҰБТ тапсыру қажет. Егер сіздің бітірген мамандығыңыз аударма ісіне сәйкес келетін болса ҰБТ тапсырмай, ақылы түрде оқуға қабылдана аласыз.

  • Шаттық
    / Reply

    Сәлеметсізбе, мен Сүлеймен Демирел Университетінен сіздерге ауысайы деп едім. Мемлекеттік грантпен оқып жатырмын. СДУ жеке университет болғандықтан ақылы түрде ауысамын ба, оның сомасы қанша болады, қалай білуге болады?

    • Болатбек Абдрасилов
      / Reply

      Шаттық, егер сіздің оқып жатқан мамандығыңыз біздің университетте бар болса және сіздің грантыңыз мемлекеттік грант болатын болса ауысуға мүмкіндік бар.

Leave a comment