Дінтану пәндік олимпиадасы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті  2018 жылдың  03-04 мамырында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында ІІІ Республикалық «Дінтану пән олимпиадасын» өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету.

Дінтану және теология мамандықтарына талапты талапкерлерді тартып, олардың  мамандыққа қызығушылығын арттыру, жеткіншектердің жеке тұлғалық және шығармашылық әлеуетінің дамуына жағдай жасау, дін саласына ғылыми ізденушілігіне қызығушылығын арттыру.

Олимпиада тақырыптық бағыты: жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арналған «Зайырлық және дінтану негіздері» пәнінің оқу бағдарламасы тақырыптары.

Олимпиадаға 11 сыныпта оқитын, орта мектепті бітіруші 2 оқушыдан  әр облыстан, Алматы, Астана және Түркістан қалаларынан қатыса алады.

Олимпиада мәреге жету кезеңі – екі турдан тұратын оқушылардың сайысы:

1).  Бірінші тур «Шығарма» – жалпы дамуға тапсырмалар (жазбаша, шығарма жазу);

2).  Екінші тур «Таным» – теориялық білімге ауызша тапсырмалар;

Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады. Жеңімпаздар  I, II және III дәрежелі дипломдар беріледі және сыйлықтармен марапатталады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің Ахмет Ясауи университетінің оқу жеңілдіктерін алу мүмкіндігі бар.

Олимпиадаға қатысуға құжаттар тапсыру:

Облыстардан қатысатын оқушыларды тіркеуге келесі құжаттар тапсырылады:

  1. Ахмет Ясауи университеті президенті, профессор У.С.Абдибеков атына облыстық білім басқармасынан қатынас хат.
  2. Қатысушы оқушының сауалнамасы (аты – жөні, мектебі, сыныбы);
  3. Жетекші мұғалімнің сауалнамасы (аты – жөні, қызметі).

4.Куәліктердің  көшірмелері.

Құжаттар 2018 ж. 25 сәуіріне  дейін төмендегі мекен жайға қағаз және электронды түрде  тапсырылады: 161200, ОҚО, Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы-29 № 1 оқу ғимараты Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті  Гуманитарлық ғылымдар факультеті, Дінтану кафедрасы.

Байланыс: Деканат.  тел/факс:  8 (72533) 6-36-36 (ішкі 1097)

Дінтану кафедрасы: Бейсенов Айбек-87029960383;

Эл.пошта:  dinolimpiada@mail.ru

Университет сайты: ayu.edu.kz;

Олимпиаданың жұмыс күні  03-04 мамыр 2018 жыл.   

2018 ж.  01-ші мамырға дейін қатысушылар келетін күні жөнінде мәлімет беруге тиісті. Олимпиадаға қатысушы оқушылар мен жетекшісінің  өзінде жеке куәліктері немесе туылу туралы құжаттары, жол билеттері (түпнұсқа) болуы қажет.

Олимпиадаға қатысушы оқушылар мен жетекшілерінің жол және қонақ үй  шығындары университет тарапынан. Қатысушылар Түркістан қаласы «Зияратшылар орталығы» қонақ үйіне орналасады, тіркеу орны тел: 8(72533) 3-14-74;