Ғалымдар семинары

09.01-26.01 күндер аралығында  Дінтану және тарих, Математика және Информатика, Медицина, Филология және Шетел филологиясы, Экология, Экономика саласы бойынша 40 жастан асқан оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми семинарлары өтеді.

Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректоры, профессор Т.П.Раимбердиевтің ұсынысымен Басқару Кеңесінің 08.12.2017ж. күнгі №5 шешіміне сәйкес өтетін семинар мақсаты – ғалымдардың ғылыми ақпарат алмасуын, ғылыми белсенділігін арттыру.          Семинар барысында қоғамның экономикалық, медициналық, әлеуметтік немесе рухани өрлеуіне негіз болатын ғылыми бағыттар өзектілігін бағалауды қалыптастыру сияқты мәселелер аясында сөз қозғалады.

Семинар міндеті – ғалымдардың ғылыми-сарапшылық әлеуетін көтеру арқылы қоғамның экономикалық, медициналық, әлеуметтік және рухани өрлеуіне негіз болатын ғылыми бағыттар өзектілігін бағалауды қалыптастыру, жас ғалымдарға, магистранттар мен докторанттарға жетекшілік жасау, ғылыммен айналысуына бағыт-бағдар беріп ықпал жасау  болып табылады.

Ғылым және инновация департаменті