Миссия

Түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастық жастарына бір шаңырақ астында сапалы білім беру және инновациялық оқыту мен ғылыми зерттеулерде көшбасшы болу.

Келешек келбет

Әлемдік және ұлттық рейтингте үздік жоғары білім беру ұйымдары қатарындағы университет.

Негізгі құндылықтар

Ахмет Ясауи университетінде атқарылатын барлық іс-шаралар төменде көрсетілген құндылықтар шеңберінде жүзеге асырылады:

  • Рухани жаңғыру: адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу, ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығы.
  • Достық, теңдік және төзімділік: университет барлық іс-шараларын құрылтайшы мемлекеттердің арасындағы достық, теңдік және мәдени айырмашылықтарға құрмет көрсете және өзара төзімділік таныта отырып жүргізеді.
  • Айқындылық: оқу орнындағы үдерістер университетпен қарым-қатынас орнатылған ұйымдар/мекемелер (жұмыстар) алдында ашық, айқын жүзеге асырылады.
  • Парасаттылық (integrity) – оқу орнының барлық ғылыми-педагогикалық және әкімшілік қызметкерлерінің бойында құқықтық таным мен құқықтық мәдениеттің салтанат құруы.
  • Кәсібилік: оқытушы-профессорлар құрамының кәсіби дағдыларды меңгеру дәрежесі, студенттерді оқытуға бағытталған білімділігі, тәртіптілігі, дамытушылық қабілеті.
  • Инновациялық: оқытушының рухани белсенділігі арқылы оқу, ғылыми-зерттеу үдерісінде жаңа жоспарлау, жобалау, білімді игерудің жаңа жолдарын қалыптастыру.