Өнер факультеті

Өнер  факультеті 2001 жылы негізі қаланған университеттің спорт және өнер арқылы беделін арттыруға үлес қосып жатқан факультеттің бірі.

Қазіргі таңда факультет құрамында  4 кафедра, 11 мамандық  бойынша  мамандар    дайындап,   қазіргі  таңдағы  заманауи талаптарға  сай, қызмет атқарады.

Қалыптасқан алғашқы жылдардан-ақ «Өнер» факультеті профессор-оқытушылар құрамы деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленіп келеді. Факультетте  ҚР халық әртісі Қажыбек Бекбосын, ҚР халық әртісі Рахима Жұбатырова,  ҚР еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев, ҚР спорт қайраткерлері мен 92 оқытушы-профессорлар  құрамы  қызмет   етуде.

Өнер факультетінің түлектері республикамыздың түпкір-түпкірінде әртүрлі қызмет ету салаларында қызмет атқаруда. Атап айтқанда: еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, Рио Олимпиадасының қатысушысы Дидар Хамза, Қазақ фильм киностудиясының актері Ержан Нұрымбет, әнші  сазгерлер Алтынай Жорабаева, Нұржан Қалжан, «Алдараспан» театрының директоры Нұржан Төлендиев, және көптеген мамандар табысты еңбек етуде. Бүгінгі күні  Өнер факультеті — Қазақстан Республикасының спорттық және мәдени ағарту саласына қажетті жоғары дәрежелі мамандар даялайтын ірі ғылыми-білім орталығы болып саналады.

11
Мамандық
430
Студент
70
Жұмыспен қамтылған
91
ОПҚ

Факультетте ғылым саласы бойынша жүргізілетін жұмыстардың бағыттар айқындалып ҚР ҰҒТА  тіркеліп, осы бағыттарда ОПҚ ғылыми жұмыстары жүргізуде негізгі 3 тақырып белгіленіп, олар :

  1. «Дене мәдениеті» және «Дене тәрбиесі» кафедралары бойынша ғылыми  бағытын ҚР ҰҒТА бекітілген  тақырыбы::«Жаһандану жағдайында студент жастардың дене мәдениеті әдістерін жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздері». жетекші: п.ғ.к., аға оқытушы Е.Т.Маханбет
  2. «Бейнелеу өнері» кафедрасы бойынша ғылыми бағытын ҚР ҰҒТА бекітілген  тақырыбы: Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектеп оқушыларына көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беруге даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері. Жетекшісі: п.ғ.д., профессор Қ.Ералин
  3. Орындаушылық өнер» кафедрасы бойынша ғылыми  бағытын ҚР ҰҒТА бекітілген  тақырыбы:«Болашақ өнер мамандарының заманауи технологияларын арттыру» Жетекшісі: п.ғ.д., профессор Р.Сыдыкова

Факультетте студенттердің түрлі бағыттағы клубтары жұмыс істейді. «Сұңқар» клубы студенттерді елін, жерін сүюге, патриорттық сезімдерін қалыптастыру үшін жұмыстар атқаруда.

«Тенгри» үйірмесі студенттердің шығармащылық бағыттарын шыңдау үшін түрлі киім үлгілерін сән әлеміне жетелейтін бағыт беріліп жұмыс жасауда. Студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында факультетте  түрлі спорттық секция жұмыс істейді. Оларға дзюдо (ерлер, қыздар), қазақша күрес, самбо, еркін күрес, баскетбол (ерлер, қыздар), таэквандо, бокс, гимнастика, тоғызқұмалақ, волейбол секілді спорт секциялары мен тренажер залы, жүзу бассейні үздіксіз қызмет етуде. Олармен 5 аға бапкер, оның ішінде екеуі ҚР ЕСЖ,  4  бапкер  және 3 спорт нұсқаушылары жаттығу жұмыстарын жүргізеді.

«Театр» үйірмесі студенттерден құралып, арнайы спьектальдер дайындалып үлкен сахналарға қойылымдарын қояды.

Қазіргі таңда студенттеріміз жыл сайын студенттеріміз Мәулана академиялық ауысу бағдарламасы бойынша Түркия мемлекетінің Гази, Хажеттепе, Акдениз университеттерінде бір семестр көлемінде білім алуда. Факультет студенттері мен түлектері ЖОО-ның мәртебесіне және халықаралық келісім шарттарға сәйкес бакалавриатта, магистратурада және докторантурада Түркияның алдыңғы қатардағы университеттерінде өз білімін жалғастыруда. Спорт клуб төрағасының ұйымдастыруымен ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты студенттер арасындағы факультет аралық спартакиадада студенттеріміз ерлер арасындағы кіші футболдан 1-орынды, қыздар арасындағы баскетболдан 1-ші орынды жеңіп алды.

2016-2017 оқу жылында  ҚРБҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы ғылыми атақтарды беру туралы №1359 бұйрығы бойынша 13.00.00. Педагогика мамандығының профессоры атағын “Дене тәрбиесі” кафедрасының меңгерушісі  Е.Е.Сейдахметовке берілді.Факультетте екі бірдей ҚР БҒМ ЖОО үздік оқытушы “Дене тәрбиесі” кафедрасының PhD, доцен м.а. Б.Омаров, “Орындаушылық өнер” кафедрасының п.ғ.д. Р.Сыдыкова атанды. Факультетіміздің жетістіктері алуан. 2017 жылда 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенті Тәтен Бағила Рсепубликалық пәндік олимпиадан 3-орын.  5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандығының 4-курс студенті Болатова Іңкар студенттердің пәндік олимпиадасынан 3-орынды иеленеді, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандығының 3-курс студенті Жұмабек Еділ 3-орынды қанағат тұтты.