Бейсенбеков Жалғасбек Жаппарбекұлы
п.ғ.к., доцент

Бейнелеу өнері кафедрасы

Бейнелеу өнері кафедрасы – бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, терең білімді, іскерлік дағдысы қалыптасқан, жоғары білікті мамандарды даярлайды. Кафедра 2004 жылы «Спорт және өнер» факультетінің құрамында «Дизайн және бейнелеу өнері» кафедрасы болып құрылды, ал 2014 жылы «Бейнелеу өнері» кафедрасы атауын алды. Кафедрада 4 бакалавр, 1 магистратура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындалады. Яғни, В031–«Дизайн»; В007–«Бейнелеу өнері және сызу»; В031–«Сән өнер»; В007–«Кәсіптік оқыту»; M007–«Бейнелеу өнері және сызу» магистратура мамандықтары бойынша мамандар дайындау Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарына сәйкес күндізгі оқыту бөлімдерінде 2004-2005 оқу жылынан бастап жүргізіледі, лицензия сериясы АБ0137408.

Кафедрада штат бойынша оқытушы профессор құрамы – 16. Оның ішінде, 1 ғылым докторы, профессор; 1 ғылым кандидаты, доцент (ЖАК); 2 ғылым кандидаты, доцент міндетін атқарушы; 5 аға оқытушы, 6 магистр оқытушы, 2 кафедра лаборанты, 2 оқу шебері, 1 инженер, 1 шеберхана меңгерушісі бар. Кафедраның  ғылыми  дәрежелілігі – 40%. Кафедра құрамында 2 мәрте «ЖОО үздік оқытушысы», ҚР Білім беру ісінің үздігі, п.ғ.д., профессор Қ.Е.Ералин, ҚР Дизайнерлер және Суретшілер Одағының мүшесі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, п.ғ.к., доцент Ж.Ж.Бейсенбеков, Түркия Республикасы Дизайнерлер Кеңесінің мүшесі, PhD доктор Туғба Шенер, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, п.ғ.к., доцент м.а. Е.Б.Ауелбеков, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшелері, аға оқытушылар А.Нақбаева, Ұ.Нұрланова, А.Сәдібек, Н.Қыдырәлі т.б. қажырлы еңбек етуде.
Кафедрада арнаулы мамандықтар бойынша пәндердің сабақтары кескіндеме, сурет, өнер тарихы, көркем өнер, дизайн, тігін шеберханасы, ағаш, темір шеберханаларында өткізіледі. Шеберханалар мен арнайы дәрісханалар қазіргі талап деңгейінде жабдықталып, безендірілген. Университетте кафедра ОПҚ және студенттерінің шығармашылық көрмелері ұйымдастырылады. Студенттер ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, ғылыми конференцияларға белсене қатысады.
«Дизайн» мамандығын бітірушілер дизайн саласындағы мемлекеттік және жеке кәсіпорындарында дизайнерлік қызметтер немесе жоғары, орта және арнаулы оқу орындарында шығармашылық-педагогикалық қызметтер атқарады.
«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын бітірушілер жалпы білім беретін мектептерде «Көркем еңбек» және «Сызу» пәндерінің мұғалімі қызметіне, бейнелеу өнері салалары бойынша арнайы кәсіптік білім беру мекемелеріне педагогикалық кәсіби маман болып дайындалады. Бакалавриат мамандарға M007–«Бейнелеу өнері және сызу» магистратура мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық білімін жалғастыруға болады. Бұл мамандықты бітірушілер ЖОО-да, кәсіби-педагогикалық колледждерде ғылыми-педагогикалық және ғылыми-шығармашылық қызметтер атқара алады.
«Сәндік өнер» мамандығын бітірушілерге «Көркемөнер суретшісі» біліктілігі беріледі. Бітірушілер халық шаруашылығының түрлі саласына қажетті көркемдеу іс-әрекеттерін, шығармашылық жұмыстар жасаумен айналысады. Сонымен қатар көркемөнерге жас жеткіншектерді гобелен, ши, тоқымашылық т.б. қолөнер салаларына баулу қызметін атқарады. «Кәсіптік оқыту» мамандығын бітірушілер жалпы орта білім беретін орта мектептерде, гимназияларда, кәсіптік лицейлер, орта және арнайы оқу орындары, кәсіптік білім беру орталықтарында педагогикалық қызметтер атқара алады.

Мамандықтың оқу жоспарларындағы жеке пәндер блогы бойынша жұмыспен қамтылған (еңбек келісім-шарттарын жасасқан) оқытушы-профессорлар құрамының штат бірліктерінің жалпы саны – 16. Оның ішінде 1 ЖАК ғылым докторы, профессор, 1 PhD доктор, 1  ғылым кандидаты, доцент (ЖАК), 2  ғылым кандидаты, доцент м.а., 5 аға оқытушы, 6 магистр оқытушы қызмет атқарады. Түркия Республикасының Селжук университетінен PhD, доктор Туғба Шенер 2017-2018 оқу жылынан бері көптілді топтарындағы студенттерге түрік тілінде дәрістер жүргізуде. В031-Дизайн мамандығы бойынша 3-курс студенті Назарова Гүлжайна, Мададова Қызханым Мевлана бағдарламасы бойынша Түркия Республикасының Акдениз университетінде бір академиялық кезең бойынша білім алды, қазіргі таңда Сафарова Барчинай осы аталған шетел университетінде бір академиялық кезең бойынша білім алуда.

Кафедраның ғылыми-шығармашылық потенциалы жылдан жылға өсуде. Республикалық ғылыми конкурстарға ұсынылған жұмыстардың нәтижесінде студенттер Н.Әділбекова, А.Сабырова (жет. п.ғ.д., профессор Қ.Ералин) ІІІ-орын, А.Қайырбекова (жет. п.ғ.д., профессор Г.Еркибаева) І-орын;  Набиханова Таңшолпан Полатқызы (п.ғ.к.,доцент м.а. С.Алимбекова) ІІІ-орын, А.Бейсенбиев, Ш.Даутова (жет. п.ғ.к., доцент м.а. Е.Ауелбеков) ІІІ-орынды иеленіп, ҚР БжҒ министрлігінің  Дипломымен марапатталды. VIII Республикалық «Ғылым шарайнасы» атты ғылыми жұмыстар сайысында кафедра студенттері Н.Мамырхан, Г.Әбек (жет., п.ғ.к.,доцент м.а. С.Алимбекова) I-орынмен марапатталды.

Кафедрада «Тенгри», «Атамұра», «Жас суретші» үйірмелері жұмыс істеп келеді. Сол үйірмелерге арналған қол өнер шебері, суретші, жас дизайнер кабинеттері мен шеберханалары жабдықталған. Үйірмелерде түрлі сұхбаттар, шығармашылық кездесулер, көрмелер өткізіліп тұрады. Үйірменің мақсаты университет абыройын көтеруге ат салысу, еліміздегі тыныштықтың мызғымастай берік болуына, қазақ халқының және де Қазақстанды мекендеген өзге ұлт өкілдерінің ауызбіршілігі мен ынтымағының, бауырмалдығының арта түсуіне ат салысу, жастардың кәсіби шығармашылық, тәрбиелік деңгейін көтеру мақсатында ғылыми көпшілік шаралар ұйымдастыру, жастарды мәдениетімізден жат ойлар мен діни түсініктерден сақтандыру.
Студенттердің оқу жылы бойына қоғамдағы болып жатқан позитивті өзгерістерді саналы қабылдау, еліміздің межелі саясатын қолдау, жатақханаларға орналасуы, оқу ғимараттары мен жатақхана ішіндегі тәртіп ережелерімен толық танысуы, тазалық ережелерін, тыныштық нормаларын сақтап орындауы, жатақхана айналасында тәртіп ережелерін сақтауы, қоғамдық мәдени іс-шараларға өз үлестерін қосу сынды тәрбие жұмыстары жоспарға сай өз дәрежесінде жүргізіледі.