6М010700-Бейнелеу өнері және сызу

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

БІЛІКТІЛІГІ

Педагогика ғылымдарының магистрі

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Mагистранттардың таңдаған көркемдік педагогикалық бағытындағы іс-әрекетте теориялық, тәжірибелік және жекелей дайындығын тереңдету;
  • Mагистранттардың кәсіби құзырлығы мен еңбек нарығының талабына сай кепілдендірілген өзін-өзі білімдендіру және өзіндік даму қабілеттерін қалыптастыру;
  • Kөркемдік педагогика саласында жаңа білім мен өзіндік шығармашылық дағдыны меңгеру;
  • Жоғары деңгейдегі кәсіби мәдениетті, сонымен қатар кәсіби қатынас мәдениеті, берік азаматтық бағыты анықталған, әр түрлі нысандағы оқу орындарында және қосымша білім беру жүйелерінде оқытуды іске асыруда қабілеттілігі дамыған, көркемдік-шығармашылық, өндірістік-көркем және дизайнерлік-жобалау іс-әрекетін ұтымды іске асыра алатын мамандарды даярлау.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Магистранттардың әлемдік ғылымды тұтас қабылдауды қамтамасыз ететін маңызды және тұрақты білімді, сонымен қатар ғылыми шығармашылық Әдіснаманы, компьютерлік технологияны және көркем педагогика саласының әр түрлі бағытында қазіргі талапқа сай білімді меңгеру;
  • Магистранттарда көркемдік қабілетті дамытуды құрастыру ерекшеліктерін қамтитын инновациялық көркемдік-шығармашылық, түзету-дамыту және кеңес берушілік іс-әрекетті ұйымдастыру мен іске асыру, талдау саласында аналитикалық және тәжірибелік құзыреттілікті қалыптастыру.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • алдыңғы қатарлы көркем және педагогикалық тәжірибені талдау, жинақтап қорыту және пайдалану; өзінің көркем-кәсіптік және педагогикалық мамандығын жүйелі түрде жетілдіру;
  • таңдалған мамандануына орай дайындық эскиздерін және аяқталған көркемдік композициялар жасау;
  • көркем шығармалар мен өнердің дамуындағы стиль мен көркемдік қағидалар тарапынан маңызды әдіс-тәсілдерді талдау;
  • оқушының көркем-шығармашылық қабілетін, эстетикалық түсінігін, бейнелеу өнері саласында пайымдау және бағалау қабілетін дамыту;
  • әр түрлі көркемдік жүйенің даму тарихы мен теориясы бойынша білімін өзінің бейнелеу шығармашылығы мен педагогикалық іс-әрекетінде пайдалана білу;
  • бейнелеу және әдістемелік аспектіде теориялық және тәжірибелік деңгейде көркем шығармашылық мәселелерді шешу.

Қолдана білуі:

  • Педагогикалық технологияны, әдісті, берілген оқу пәніне тән «оқыту-оқу» өзара байланыс әрекетін ұйымдастыру ерекше әдістерін қолдану;
  • Оқытудың және оқушылардың көркем-шығармашылық іс-әрекетін жетілдірудің түрлері мен әдістерін қолдану;
  • Графикалық өнердің барлық түрлерін іс-тәжірибеде пайдалана білуі;
  • Оқушылардың көркем шығармашылық, оқу, еңбек-және қоғамдық жұмысын басқарудың алдыңғы қатарлы әдісін;
  • Бейнелеу өнері саласында оқушылардың көркем-шығармашылық қабілетін, эстетикалық көзқарасын, пайымдау және баға беруін дамыту әдістемесі бойынша дағдылары болуы тиіс.

Біліктілігі:    

Педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді, біртұтас педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі, позитивті ойлауға қабілетті болу, ұлттық құндылықтар жүйесінде орын алу, этикалық құндылықтар жолын ұстану, ізгілікке және оптимизмге бейім болу.

Құзіреттілігі:

  • Қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, көпмәдениетті, көпэтникалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;
  • Педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Ғылымның тарихы және философиясы
  • Шетел тілі (кәсіби)
  • Психология
  • Педагогика

Жеке білім траекториясының модульдері (ЖБТ)

ЖБТ1 ЖОО-да кескіндемелік дайындық

Модуль-ЖОО-да кескіндемені оқыту

  • ЖОО-да кескіндемені оқыту
  • Көркем компьютерлік кесіндеме

Модуль-ЖОО-дағы кескіндеме технологиясы

  • ЖОО-да бейнелеу өнерін оқыту технологиясы
  • ЖОО-да көркем кескіндемелік дайындық

ЖБТ2 ЖОО-да графикалық дайындық

Модуль-ЖОО-да графиканы  оқыту

  • ЖОО-да суретті оқыту
  • Графикалық жарнама дизайны

Модуль-ЖОО-дағы грфика  технологиясы

  • ЖОО-да арнайы пәндерді оқыту технологиясы
  • ЖОО-да көркем графикалық дайындық

Бейіндеуші пәндер модулі

Кәсіби міндетті модулі

  • Өнер сыны
  • Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі

Кәсіби элективті модулі

  • ЖОО-да сызуды оқыту негіздері
  • ЖОО-да әдістемелік дайындық
  • ЖОО-да көркемдік білім беру әдістемесі
  • Куратор және өнер басқару
  • Бұйымдардың эргономикасы
  • Этнодизайн бұйымдарын бағалау
  • Абстракциялық кескіндеме
  • Арт-көрмелер
  • Сәндік кескіндеме
  • Абстракциялық графика
  • Заманауи қазақ графикасы
  • Баспа жұмысы

Оқытудың қосымша түрлері

Тәжірибе

  • Педагогикалық (3-апта)(үздіксіз)
  • Зерттеушілік (6-апта) І
  • Зерттеушілік (6-апта) ІІ

Ғылыми зерттеу жұмысы

  • Магистрлік диссертацияны орындауды қоса есептегендегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (үздіксіз) І
  • Магистрлік диссертацияны орындауды қоса есептегендегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (үздіксіз) ІІ

 Қорытынды аттестация

  • Кешенді емтихан
  • Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау

Магистранттар  қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Түркістан балалар қолөнер мектебі
  • М.Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебі
  • №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназия
  • №21 жалпы орта мектебі
  • Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебі
  • А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебі
  • Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы
  • №19 жалпы орта мектебі
  • №23 жалпы орта мектебі

Қысқа мәлімет

Мамандығы
Бейнелеу өнері және сызу
Мамандық шифры
6М010700
Факультеті
Өнер
Оқу деңгейлері
Жоғары оқу орнынан кейінгі  бiлiм
Оқу түрлері
Күндізгі
Өту балы

150 балл
Оқу ақысы
646 300 тг