Бейнелеу өнері және сызу

Бейнелеу өнері және сызу

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Отан сүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу;
  • Бітірушінің жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;
  • Экологиялық, этикалық, құқықтық мәдениетті, дене мәдениетін және ойлау мәдениетін қалыптастыру;
  • Бакалаврды тілдік даярлау;
  • Кәсіби пәндерді меңгеру үшін қажетті іргелі білімді қалыптастыру;
  • Кәсіби қызметте қажетті теориялық және тәжірибелік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру болып табылады.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Жан-жақты дамыған оқушы тұлғасын қалыптастыру және тәрбиелеу;
  • Бейнелеу өнері және сызу саласында жүйеленген білімді қалыптастыру;
  • Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша оқу үрдісін заманауи-ғылыми деңгейде ұйымдастыру;
  • Ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру;
  • Қоғамның әлеуметтік тапсырысына және білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес болашақ бейнелеу өнері және сызу мұғалімдерін сапалы кәсіби дайындықпен қамтамасыз ету;
  • Болашақ бейнелеу өнері және сызу мұғалімдерінің негізгі басым құзыреттіліктерінің жүйесін және жалпы ғылыми және арнайы білімдік дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыру;
  • Рухани және интеллектуалды өзіндік даму жолдарын, психологиялық сауатын, ойлау және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Алдыңғы қатарлы көркем және педагогикалық тәжірибені талдау, жинақтап қорыту және пайдалану; өзінің көркем-кәсіптік және педагогикалық мамандығын жүйелі түрде жетілдіру;
  • Таңдалған мамандануына орай дайындық эскиздерін және аяқталған көркемдік композициялар жасау;
  • Көркем шығармалар мен өнердің дамуындағы стиль мен көркемдік қағидалар тарапынан маңызды әдіс-тәсілдерді талдау;
  • Оқушының көркем-шығармашылық қабілетін, эстетикалық түсінігін, бейнелеу өнері саласында пайымдау және бағалау қабілетін дамыту;
  • Әр түрлі көркемдік жүйенің даму тарихы мен теориясы бойынша білімін өзінің бейнелеу шығармашылығы мен педагогикалық іс-әрекетінде пайдалана білу;
  • Бейнелеу және әдістемелік аспектіде теориялық және тәжірибелік деңгейде көркем шығармашылық мәселелерді шешу.

Қолдана білуі:

  • Педагогикалық технологияны, әдісті, берілген оқу пәніне тән «оқыту-оқу» өзара байланыс әрекетін ұйымдастыру ерекше әдістерін қолдану;
  • Оқытудың және оқушылардың көркем-шығармашылық іс-әрекетін жетілдірудің түрлері мен әдістерін қолдану;
  • Графикалық өнердің барлық түрлерін іс-тәжірибеде пайдалана білуі;
  • Оқушылардың көркем шығармашылық, оқу, еңбек-және қоғамдық жұмысын басқарудың алдыңғы қатарлы әдісін;
  • Бейнелеу өнері саласында оқушылардың көркем-шығармашылық қабілетін, эстетикалық көзқарасын, пайымдау және баға беруін дамыту әдістемесі бойынша дағдылары болуы тиіс.

Біліктілігі:

  • Педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді, біртұтас педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі, позитивті ойлауға қабілетті болу, ұлттық құндылықтар жүйесінде орын алу, этикалық құндылықтар жолын ұстану, ізгілікке және оптимизмге бейім болу.

Құзіреттілігі:

  • Қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, көп мәдениетті, көп этникалы, көп конфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;
  • Педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу;

Мемлекеттік міндетті модуль
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
Философия
Коммуникативтік модуль
Қазақ (орыс) тілі
Ағылшын тілі
Түрік тілі
БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛЬДЕРІ
Модуль- Психология және адам дамуы
Психология және адам дамуы
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Модуль- Мектеп педагогикасы
Педагогика І
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Модуль- Академиялық сурет және кескіндеме І
Академиялық сурет І
Академиялық кескіндеме І
Инженерлік графика (проекциялық)
Модуль- Академиялық сурет және кескіндеме ІІ
Академиялық сурет II
Академиялық кескіндеме II
Модуль- Компьютерлік бағдарлама І
Компьютерлік дизайн І
Сызу I
Компьютерлік бағдарлама ІІ
Компьютерлік дизайн ІІ
Сызу IІ
Модуль- Перспектива және сурет шебері І
Перспектива
Сурет шебері I
Модуль- Композиция және түстану
Бейнелеу композициясы
Түстану
Модуль- Сурет және гравюра
Сурет шебері IІ
Гравюра І
Модуль- Басқару, ұйымдастыру, бағалау
Инклюзивті білім беру
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Білім берудегі менеджмент
Модуль- Сурет және гравюра ІІ
Сурет шебері IIІ
Гравюра ІI
Модуль- Оқыту әдістемесі
Сызуды оқыту әдістемесі
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
Модуль- Өнер тарихы және мүсін
Бейнелеу өнері тарихы және теорияся
Мүсін

ЖОО электив модулі
Түркі мемлекеттер тарихы
Ясауитану
Тұлғааралық коммуникация психологиясы
Саясаттану
Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
Мәдениет және дін
Әлеуметтану
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Экология және тұрақты даму
Құқық негіздері
Экономикалық теория
Ататүрік принциптері
Сыни ойлау
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Еңбекті қорғау
Мәңгілік Ел
Психикалық денсаулық профилактикасы және суицид превенциясы
Өзін-өзі тану

ЖБТ1 Кәсіби шығармашылық кескіндеме
Модуль- Кескіндеме композициясы
Кескіндеме
Пейзаж
Модуль- Көркем үйірме
Портрет
Абстракция
Гризайль
ЖБТ2 Кәсіби шығармашылық графика
Модуль- Сурет композициясы
Сурет
Графика
Модуль- Көркем графика
Шарж
Рельеф
Құрғақ қылқалам

Кәсіби тәжірибе
Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

  • 1-курста Машат шатқалында өтетін Пленэр «Оқу тәжірибесі» – 3 апта;
  • 2,3-курстарда қалалық мектептерде өтетін «Педагогикалық тәжірибе» – 3 апта;
  • 4-курста облыстық, республикалық, аудандық, қалалық, ауылдық мектептерде өтетін «Өндірістік тәжірибе» – 10 апта;
  • 4-курста Ясауи университетінде өтетін «Диплом алды тәжірибе» – 5 апта.

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Түркістан балалар қолөнер мектебі
  • М.Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебі
  • №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназия
  • №21 жалпы орта мектебі
  • Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебі
  • А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебі
  • Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы
  • №19 жалпы орта мектебі
  • №23 жалпы орта мектебі

Қысқа мәлімет

Мамандығы
Бейнелеу өнері және сызу
Мамандық шифры
5B010700
Факультеті
Өнер
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
Күндізгі
Таңдау пәні
Шығармашылық емтихан
Профильдік пәні
Шығармашылық емтихан
Өту балы
қазақ 94, орыс 88
Оқу ақысы
443 000 тг