5В042100-Дизайн

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

БІЛІКТІЛІГІ

  • Өнер бакалавры

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 Жалпы білім берудің мақсаттары:

Қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғарғы білім алудағы талаптарын қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, түрін, және мерзімін таңдауға кең мүмкіндіктер ұсыну. Жоғары оқу орынының және жоғары оқу орынынан кейінгі кәсіби оқытудың құрылымы бакалавриат, магистратура, аспирантура және докторантура арқылы кадрларды дайындау жүйесіне ауысады. Бакалаврлық білім берудің мазмұны, кең базалық кәсіби дайындықты қажет етеді және болашақ мамандардың пәндік білімдерінің іргелілігіне қол жеткізуге бағытталуы қажет, ал ол түлек-бакалаврды кәсіби қызметінің жалпы интегральдық (пәнаралық) әдіснамасымен қамтамасыз етіп, болашақ маман- дардың кәсіби шығармашылық сапасын дамытуға, өз бетімен білім алу әрекетіне деген қажеттілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бакалавриат өз құрамына оқытудың кредиттік технологиясы бойынша жүзеге асырылатын, жалпы білім беру, базалық және кәсіби білім беру циклдарын енгізеді. Білім берудің нақтылы мазмұны шетел аналогтарын ескере отырып, пәндердің типтік оқу бағдарламаларында көрсетілуі керек. Бакалавриаттағы нормативті оқыту мерзімі 5 жыл және қортынды мемлекеттік аттестациямен дизайн бакалавры академиялық дәрежесінің берілуімен  аяқталады.  Кейіннен бакалавриат түлектері 1-2 жылдық магистратурада білім алуды жалғастыруға мүмкіндіктері бар. Пәндер циклі мен оқу пәндері бойынша нақтылы мақсаттар Дизайн  мамандығы бойынша түлектің білімділік деңгейіне қойылатын талаптар мен білім беру бағдарламаларының мазмұны арқылы анықталады

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Жан-жақты дамыған оқушы тұлғасын қалыптастыру және тәрбиелеу;
  • Дизайн саласында жүйеленген білімді қалыптастыру;
  • Дизайн мамандығы бойынша оқу үрдісін заманауи-ғылыми деңгейде ұйымдастыру;
  • Ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру;
  • Қоғамның әлеуметтік тапсырысына және білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес болашақ бейнелеу өнері және сызу мұғалімдерін сапалы кәсіби дайындықпен қамтамасыз ету;
  • Болашақ бейнелеу өнері және сызу мұғалімдерінің негізгі басым  құзыреттіліктерінің жүйесін және  жалпы ғылыми және арнайы білімдік дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыру;
  • Рухани және интеллектуалды өзіндік даму жолдарын, психологиялық сауатын, ойлау және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • 5В042100 – Дизайн мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсыру қорытындысы байқауынан – «кіріс» сынағынан сәтті өткен болуы қажет. Мамандықтын ерекшелігіне шығармашылық емтихан тапсырады. Шетелден келетін талапкерлер арнайы дайындықтан (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) өтуі қажет.

Қолдана білуі:

  • Конструкциялардың жұмыс істеу заңдылықтарын, олардың пайдалану барысындағы орнықтылықтары мен сенімділіктерін қамтамасыз ету амалдарын, әртүрлі материалдар және конструкциялармен пішіндерді жасау тәсілдерін, конструкциялаудың дайындау және тұрғызу технологияларымен өзара байланысын білу;
  • Жазық, көлемді және кеңістіктік композицияларды жасаудың негізгі тәсілдері мен құралдарын білу, жобалау үрдісіндегі композициялық амалдардың орынын түсіну, бұйымдар мен нысандардың мәнерлі көркем бейнесін жасау үшін композициялық құралдарды қолдана білу;
  • Жобалаудың әрекеттері мен кезеңдерінің бірізділігін білу; өз бетінше алдын ала жобалық зерттеу жүргізе білу, жобаның мақсатын қою, міндеттерді қалыптастыру және оған жетудің жолдарын анықтау; алынған нәтижені бағалау; жобалық ұсыныстарды нормативтік талаптар мен стандарттарға сай кәсіби түрде орындай білу.

Дизайн мамандығы бойынша білім бакалавры негізгі оқу жоспарында қарастырылған міндетті модульдерге енетін: Қазақстан тарихы, философия, экология және тұрақты даму, басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негізгі ережелерді білуі; қазақ, орыс, түрік, шетел тілдерін меңгеруі; дизайнерлік қызмет атқару барысында басқару құралы ретінде компьютермен, жалпы бағыттағы бағдарламалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруі; жаһандық компьютерлік жүйелерден алынатын ақпараттары бойынша дағдылары болуы тиіс.

Біліктілігі:        

  • Болашақ маман берілген пәндерді игерген білімі;
  • Әртүрлі өнер саласында қазіргі уақытта жүретін инновациялық үдерістерді пайдалану векторлы білімі;
  • Тәрбие мәні, оның жалпы және нақты мақсаттары, міндеттері, дамытушы тәрбиені ұйымдастыру формалары, құралдары, әдістері білімі;
  • Дамытушы оқыту үдерісінің мәні, білім беру мазмұнының ерекшеліктері, оқыту принциптері, құралдары, әдістері ұйымдастыру формалары білімі; проблемалы және бағдарламалы оқыту, оқытудың техникалық құралдары және оларды практикалық жұмыстарда пайдалану білімі, компьютерлік сауаттылық;
  • Оқыту және тәрбиенің психологиялық негіздері білімі;
  • Өзін-өзі тәрбиелеуді басқару мазмұны, формалары мен әдістері білімі;
  • Шығармашылық жұмыстарды, құбылыстарды, үдерістерді, жүйелер мен олардың құрылымдарын ғылыми-шығармашылық сипаттау және талдау әдістері білімі;
  • Көркемдік жүйе жұмыстарын жоспарлау, шығармашылық үдерістерді жоспарлау (болжау) мазмұны, формалары және әдістері білімі.

өнер ұйымдарындағы шығармашылық басқару негіздері білімі; кәсіпкерлік іс-әрекет шеңбері мен мүмкіндіктері білімі

Құзіреттілігі:

  • Дизайнерлік ойды сауатты көрсете білу; идеяны және жобалау ұсынысын зерттеу жасау қалыптастыру және тасымалдау  қабілеттерінің  болуы; Қазіргі дизайнерлік қызметте басқада жобаға қатысушылармен бірге жазбаша ауызша сөз мүмкіндіктер арқылы композициялық модельдеу, макеттеуге қабілетті.
  • Дизайн мәселелерімен айналысатын мекемелермен ұйымдарда өзінің жобалық шешімі менеджментімен келісім жасауға дайын болуы;
  • Шетелдік және отандық практикадағы дизайнерлік шешімдерді жалпылау жүйелеу талдау және сыни бағалау қабілеттерінің болуы;
  • Киімнің сырт келбетін безендіру эстетикалық норманы ғылым мен техникалық алдыңғы қатарлы жетістіктерінің есебінен әр түрлі ассортиментімен тұтынушылық тобының есебінен қазіргі костюм даярлау облысындағы көркем жобалау қызметіне қабілетті болуы;

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
  • Философия

Коммуникативтік модуль

  • Қазақ (орыс) тілі
  • Ағылшын тілі
  • Түрік тілі

БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛЬДЕРІ

  • Модуль- Бұйымдарды топтап жобалау
  • Бұйымдарды безендіру
  • Графикалық дизайн типологиясы
  • Дизайн кескіндемесі
  • Дизайн композициясы
  • Дизайн суреті
  • Дизайндағы жаңа материалдар
  • Жарнама және баспа графикасы
  • Жарнама және маркетинг
  • Жарнаманың арнайы түрлері
  • Заманауи дизайн
  • Костюм дизайнының объектілерін жобалау I
  • Костюм дизайнының объектілерін жобалау II
  • Костюм дизайнының объектілерін жобалау III
  • Костюм дизайнының объектілерін жобалау IV
  • Костюм дизайнының объектілерін жобалау V
  • Киім туралы ақпарат
  • Коллекциялық бұйымдарды жобалау
  • Композицияны матада орындау
  • Костюм графикасының негіздері
  • Костюм дайындау технологиясы I
  • Костюм дайындау технологиясы II
  • Костюм дизайнының элементтері мен процестері I
  • Костюм дизайнының элементтері мен процестері II
  • Костюм дизайнының элементтері мен процестері III
  • Костюм дизайнының элементтері мен процестері IV
  • Костюм құрастыру І
  • Костюм құрастыру ІІ
  • Костюм тарихы
  • Костюм тектоникасы
  • Материалдық мәдениет және дизайн тарихы
  • Материалмен жұмыс
  • Материалтану
  • Модельерлік сурет
  • Өнер тарихы
  • Түстану

ЖОО электив модулі

  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Ясауитану
  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы
  • Саясаттану
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
  • Мәдениет және дін
  • Әлеуметтану
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Құқық негіздері
  • Экономикалық теория
  • Ататүрік принциптері
  • Сыни ойлау
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Еңбекті қорғау
  • Мәңгілік Ел

ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ

ЖБТ1 Киім дизайны

  • Модуль- Дизайн композициясы
  • Бұйымдарды безендіру
  • Композицияны матада  орындау
  • Модуль- Топтап жобалау
  • Бұйымдарды топтап жобалау
  • Коллекциялық бұйымдарды жобалау

ЖБТ2 Графикалық дизайн

  • Модуль- Графикалық типология
  • Графикалық дизайн типологиясы
  • Жарнама және маркетинг
  • Модуль- Баспа графикасы
  • Жарнаманың арнайы түрлері
  • Жарнама және баспа графикасы

Кәсіби тәжірибе

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

1,2-курста Машат шатқалында өтетін Пленэр «Оқу тәжірибесі І, ІІІ» – 3,2 апта;

3,4-курстарда сән үйлерінде, тігін фабрикаларында өтетін «Өндірістік тәжірибе» – 2,5 апта;

5-курста облыстық, республикалық, аудандық, қалалық сән үйлерінде, тігін фабрикаларында, орта немесе арнаулы оқу орындарында өтетін «Өндірістік тәжірибе» – 10 апта;

5-курста ХҚТУ шеберханасында  өтетін «Диплом алды тәжірибе»  – 5 апта.

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Түркістан балалар қолөнер мектебі
  • Б.Б.Жолдасова ИП

Қысқа мәлімет

Мамандығы
Дизайн
Мамандық шифры
5B042100
Факультеті
Өнер
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
Күндізгі
Таңдау пәні
Шығармашылық емтихан
Профильдік пәні
Шығармашылық емтихан
Өту балы
қазақ 94, орыс 88
Оқу ақысы
371 800 тг