Баймуханбетов Бағдат Мухтарович
P.h.D.

Дене мәдениет кафедрасы

`«Дене мәдениеті» кафедрасы – бәсекеге қабілетті, жеке түлғалық қасиеттері дамыған, терең білімді, шығармашылық кәсіби ойлау қабілеті жоғары, ғылыми потенциалы мол, спорттың түрлі саласының үздік мамандары жиналған университет құрылымының бірі. Кафедра 2000-2001 оқу жылында Тарих және филология факультетінің құрамында 010800- «Дене шынықтыру мәдениеті және спорт» атауымын дене тәрбиесі пәні мұғалімдері мен спорт түрлерінің жаттықтырушы мамандарын дайындайтын кафедра болып құрылды. 2001-2002 оқу жылынан бастап «Спорт және өнер» факультеті, дербес факультеті болып оның құрамында «Денешынықтыру және спорт»,  «Бастапқы әскери дайындық» кафедралары болып еңді.

2011-2012 оқу жылынан «Дене шынықтыру және спорт » және «Бастапқы әскери дайындық» мамандықтарын дайярлайтын «Дене мәдениеті» кафедрасы болып өзгертілді.

Қазіргі таңда кафедрада 1 п.ғ.д., профессор, 1 PhD, 5 ғылым кандидаты, доцент, 2 доцент, 1 ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, профессор және 5 Қазақстанның құрметті спорт қайраткері. Барлығы 16 ОПҚ қызмет атқарады. Кафедраның потенциялының  пайыздық көрсеткіші 68,75 %. В005-Денешынықтыру мұғалімдерін даярлау В005 –Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау мандықтары бойынша дәріс жүргізетін оқытушы-профессорлар құрамы – 16. Оның ішінде 1 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, 1 PhD докторы,  2 доцент, 1 ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, профессор 5 аға оқытушы. Аталған мамандықтардың міндетті курстарын кафедраның тәжiрибелi, бiлiктiлiгi жоғары оқытушылары жүргiзедi. Эллективті курстардың тақырыптары Денешынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық мамандығы қазіргі отанға деген сүйішпеншілікті, тәрбиелік және білімдік маңызы, ғылымының соңғы жетiстiктерiне лайықталып таңдап алынған. Аралық бақылау тапсырмалары, емтихан билеттерi, тест сұрақтары мен СӨЖ және ОБСӨЖ тапсырмалары ЖББҰ талаптарына сәйкес.

5В010800-Денешынықтыру және спорт және 5В010400 –Бастапқы әскери дайындық мандықтары бойынша дәріс жүргізетін оқытушы-профессорлар құрамы – 16. Оның ішінде 2 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, 1 PhD докторы,  2 доцент, 1 ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, профессор 5 аға оқытушы. Аталған мамандықтардың міндетті курстарын кафедраның тәжiрибелi, бiлiктiлiгi жоғары оқытушылары жүргiзедi. Эллективті курстардың тақырыптары.

Денешынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық мамандығы кәзіргі отанға деген сүйішпеншілікті, тәрбиелік және білімдік маңызы, ғылымының соңғы жетiстiктерiне лайықталып таңдап алынған. Аралық бақылау тапсырмалары, емтихан билеттерi, тест сұрақтары мен СӨЖ және ОБСӨЖ тапсырмалары ЖББҰ талаптарына сәйкес.

Кафедра ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптық бағыттары: Білім берудің ұлттық моделін дайындаудың ғылыми практикалық негіздері. Дене мәдениеті кафедрасының ОПҚ-ң кәсіби қызметтегі коммуникативтік компетенттік негізде, ғылыми-зерттеулерінің нәтижелері халықаралық, республикалық және аймақтық конференциялар жұмыстар мен материалдарды жариялау көрсетіледі. Кәсіби деңгейін арттыру және педагогикалық шеберлігін жетілдіру, ұлттық және халықаралық семинарларға қатысу ықпал етеді. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамның, ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттерді қосады. Кафедра оқытушыларының жетекшілігімен кафедра студенттері институттарының, ұлттық және халықаралық ғылыми конференцияларға аясында жұмысына қатысады. Кафедра студенттері ұлттық және халықаралық жарыстарға қатысады және жақсы нәтижелер көрсетті.Жыл сайын кафедра оқытушылары, «Сұңқар» спорт клубымен бірге студенттер мен магистранттар арасында, және профессорлық-оқытушылар құрамы арасында жарыстар ұйымдастырады.

Кафедрада оқу процесінің құрамдас бөлігі ретінде тәрбиеге аса үлкен көңіл бөлінеді. Тәрбиенің дамуы білім беру саласының басты бағыттардың бірі болып табылады, өйткені мұның негізінде өскелең ұрпақтың азаматтық, шығармашылық, тәрбиелік қалыптасуының маңыздылығында Қазақстанның ертеңі мен қоғам құндылықтарының басым бағыттары және ұлттық қауіпсіздік мәселелері жатыр. Жастардың қалыптасуына, өз бетінше шешім қабылдауға, жан-жақты қабілетін дамытуға қажетті жағдай жасау міндетін ала отыра, оларға керек ақпараттық, білімдік, коммуникативтік, әлеуметтік кеңістік қалыптастыру мақсатында жалпы тақырыптық сабақтар жүргізіліп отырады. Кафедра оқытушылары студенттердің оқу-ғылыми ортаға икемделулеріне көмектесіп, кітапхана, музей, қала театрларына экскурсиялар ұйымдастырып тұрады. Мерген атқыштар және сұңқар үйірмелері жұмыс атқарады.

Тәрбиені ұйымдастыру:

— пән мазмұны арқылы, тәрбие сағаттары, мерекелік шаралар ұйымдастыру;

— Қарттар үйіне, Балалар үйлеріне бару (студенттер тарапынан коцерттік номерлер ұйымдастыру, диагностикалық және коррекциялық шаралар жүргізу, гуманитарлық көмек жинау және т.б.);

— Психологиялық қызмет Орталығының жұмыстары аясында тренингтер өткізу;

— жатақханада тұратын студенттермен адамгершіліктік-этикалық тақырыптар бойынша әңгімелесу арқылы жүргізіліп отырады.