5В010400-Бастапқы әскери дайындық

БІЛІКТІЛІГІ
- Бастапқы әскери дайындық бакалавры
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Жалпы білім берудің мақсаттары:
- Әлемнің заманауи ғылыми жаратылыстық бейнесі туралы білімін оқуда және кәсіби іс-әрекетінде пайдалануға және теориялық, эксперименттік зерттеулер жайлы ақпаратты математикалық өңдеу әдістерін қолдана білуге қабілетті;
- Дене шынықтыру және өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін ағзаның бейімделе алу резервтерін көтеру үшін және денсаулығын нығайту үшін пайдалануға дайын;
- Мемлекеттік тілде жазбаша және ауызша түрде сөздерді айқын және нақты логикалық дұрыс жеткізе алатын;
- Ойлау мәдениеті қалыптасқан, ақпаратты қабылдап, сараптай білуге, мақсат қойып және оған қол жеткізудің жолын таңдай білуге қабілетті;
- Дүниетанымдық, әлеуметтік және жеке маңызды философиялық мәселелерді сараптай білуге қабілетті;
- Мәдениеттің мәнін адамның өмір сүруінің формасы ретінде түсінуге және өз іс-әрекетінде толеранттық, пікір алмасу және серіктестіктің заманауи принциптерін басшылыққа алуға қабілетті.
Жалпы білім берудің мақсаттары:
- Заманауи ақпаратты қоғамның дамуындағы ақпараттың мәні мен маңызын, осы процессте мүмкін болатын қауіп-қатердің болатынын түсінуге қабілетті, ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын, соның ішінде мемлекеттік құпияларды қорғауға қабілетті;
- Нормативті құқықтық құжаттарды өз іс-әрекетінде пайдалана білетін;
- Әлеуметтік және мәдениеттік айырмашылықты толерантты қабылдауға, тарихи құндылықтар мен мәдениеттік дәстүрлерге ұқыпты қарауға және құрметтеуге дайын;
- Тарихи процестердің заңдылықтары мен қозғаушы күштерін, тарихи процестегі және қоғамның саяси ұйымдарындағы адамның орнын түсінуге қабілетті;
- Әр түрлі пайымдауларды жүргізуге және дискуссияға түсуге, көпшілік алдында сөйлеуге дағдысы қалыптасқан, қабілетті;
- Әріптестермен бірлесе отырып, ұжымда жұмыс жасауға дайын;
- Компьютерді ақпаратты басқару құралы ретінде пайдалану дағдысы бар, ақпаратты жинау, өңдеу және сақтай білудің негізгі әдіс-тәсілдерін білетін;
- Әлемдік компьютер желілеріндегі ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті;
- Сөйлесе білуден төмен емес деңгейде бір шет тілін меңгерген;
- Әртүрлі табиғи және техногендік апаттардан қорғанудың негізгі әдістерін меңгерген.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Білімі:
- Мамандыққа қатысты талаптарды түсінеді, іс-жүзінде қолданады;
- Негізгі қолданбалы бағдарламалар білімі арқылы ақпараттарды алады және оларды қолданады;
- Оқу тәрбие үдерісін кәсіби әдістемелік, деңгейде ұйымдастырады, қолданады;
- Әскери білім саласының жалпы заңдары, әскери талаптары мен нормаларын түсінеді, іс-жүзінде қолданады.
Қолдана білуі:
- Оқу пәніне деген қызығушылығын танытады.
- Іс-әрекетте өзінің дербестігін танытады.
- Әдіснамалық мәдениетін көрсетеді.
- Жалпы әскери жарғыларды қолдана отырып іс-әрекеттерді ұйымдастырады
Біліктілігі:
- Оқу пәні бағдарламалары мазмұнын оқу-тәрбие үдерісінде қолданады.
- Электронды түрде ақпаратты алады, басып шығару құралдарын пайдаланады.
- Оқу тәрбие үдерісін кәсіби әдістемелік, деңгейде ұйымдастыруда қабілеттілік танытады.
- Жалпы әскери жарғыларды құндылық ретінде қарайды, іс-әрекеттерді басқаруда сенімділік танытады.
Құзіреттілігі:
Болашақ бастапқы әскери дайындық мамандарының маманданған құзіреттілігі жұмыс берушілердің талаптарына сай болуы қажет.
Мемлекеттік міндетті модуль
— Қазақстанның қазіргі заман тарихы
— Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілде)
— Философия
Коммуникативтік модуль
— Қазақ тілі
— Ағылшын тілі
— Түрік тілі
БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛЬДЕРІ
Модуль – Жалпы әскери жарғылар
-ҚР қарулы күштерінің жалпы әскери жарғылары
-Мамандыққа кіріспе
Модуль — Әскери дайындығын ұйымдастыру тәсілдері
-Әскерге дейінгі жастардің далалық жағдайдағы дайындығы
-Саптық дайындық
-Әскери саяси география
Модуль — Әскери дайындығының практикалық пәндері
-Атыс дайындығы
-Жергілікті жерді бағдарлау
-Әскери қоян-қолтық ұрыс
-Жаңа технологияны оқыту
Модуль — Әскери басқару және әскери құқық
-Әскери патриоттық тәрбие негіздері
-Әскери басқару және әскери құқық
-Жаппай қырып жою қаруларынан қорғану
Модуль – Әдістеме
— Бастапқы әскери дайындық пәнінің оқыту әдістемесі
— Соғыс қарулары және техникалары
— Төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс
ЖОО электив модулі
-Түркі мемлекеттер тарихы
-Ясауитану
-Тұлға аралық коммуникация психологиясы
-Саясаттану
-Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
-Мәдениет және дін
-Әлеуметтану
-Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
-Экология және тұрақты даму
-Құқық негіздері
-Экономикалық теория
-Ататүрік принциптері
-Сыни ойлау
-Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
-Еңбекті қорғау
-Мәңгілік ел
ЖБТ1 Бастапқы әскери дайындығының практикалық бағыты
Модуль — Саптық дайындық
— Әскери саптық әуендік тәрбие
— Әскери қолданбалы спорт түрлері
Модель — Әскери дайындық
— Запастағы офицердің әскери дайындығы
— Қарулы күштерде дене дайындығын ұйымдастыру
Модуль — Әскери мамандандыру пәндері
— Қазақстанның әскери тарихы
-Тактикалық дайындық
ЖБТ2 Бастапқы әскери дайындығының теориялық бағыты
Модуль -Технология
— Әскери информациялық технология
— Әскердің қару-жарақтармен қамтамасыз етілуі
Модуль — Әскери барлау
— Барлау
Әскери ойындар мен кешендер
Модуль — Әскери психология
— Әскери психология мен педагогика
— Әскери инженерлік дайындық
Кәсіби тәжірибе
Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда қөрсетілген мерзімде бойынша өткізіледі:
1-курста 3-апталық «Оқу тәжірибесі»;
2,3-курстарда 15-апталық үздіксіз «Педагогикалық тәжірибе»;
4-курста 10-апта «Өндірістік тәжірибесі» 5-апта «Диплом алды тәжірибесі»;
Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?
— Оңтүстік Қазақстан облысында Түлкібас ауданындағы «Машат» шатқалында
— Қалалық «Дарын» мектебінде;
— Орта және арнайы орта оқу орындарында;
— Жалпы орта мектептерде;
— Гимназияларда;
— ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы Зияткерлік мектептерінде;
— ҚР қорғаныс Министрлігінің Облыстық,қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерде;
— ҚР ІІ Министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдерде.