Сейдахметов Ермек Ергешович
профессор

«Дене тәрбиесі» кафедрасы

Кафедра 2014 жылдың 1-ші қыркүйегінде «Дене тәрбиесі» атауымен құрылды.

Бүгінгі таңда кафедраны  профессор  Сейдахметов Ермек Ергешович басқарады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 31.10.2018ж №603 Бұйрығымен бекітілген «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклының үлгілік оқу бағдарламалары» негізінде оқытылуда.

Студенттерді дайындауға қажетті білім беру үдерісінде пайдаланылатын, ұйымдастыру және іске асыру үшін жабдықталған оқу қабинеттері мен спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу сабақтары өткізілетін арнайы, өскелең өмір талабы деңгейінде жабдықталған типтік ашық спорт алаңы, ашық кешенді спорт алаңы, күрес, спорттық ойындары, гимнастика, бокс, шығыс жекпе-жегі, тренажер залдары қызмет көрсетеді. Студенттерге дене шынықтыру арқылы аурудан сақтанудан, психикалық жақсаруға, тұлғаның қасиеті мен сапасын дамытуға кафедраның   профессор-оқытушылары құрамы арқылы жүзеге асады.

«Дене тәрбиесі» кафедрасында 17 профессор-оқытушылар қызмет атқарады. Олар 1п.ғ.д., профессор, 1 ҚР Құрметті спорт қайраткері профессор, 1 п.ғ.к., профессор, 1 п.ғ.к., доцент, 1 PhD доцент м.а., 10 аға оқытушы, 2 магистр-оқытушылар,1лаборант.

Сонымен бірге  жоғарыда аталған профессор-оқытушы құрамының 1 СССР спорт шебері.   Бүгінгі күнгі жалпы  дене шынықтыру пәні бойынша сабақ беретін,  ғылыми атағы бар профессор-оқытушылар құрамының саны  5,  ғылыми дәрежелік пайызы  29,4% құрайды.

Университеттің барлық мамандықтар бойынша 1,2 курс студенттеріне  сабақтар жүргізіледі. Дене шынықтыру пәніне  сабақ беретін оқытушы-профессорлар құрамы 17. Оның ішінде 3 ғылым профессоры, 1 ғылым кандидаты доцент, 1 PhD доцент м.а., 10 аға оқытушы, 2 магистр. Аталған мамандықтардың міндетті курстарын кафедраның тәжірибелі, біліктілігі жоғары оқытушы-профессорлар жүргізеді. Дене шынықтыру сабағы соңғы үлгідегі заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған. Аралық бақылау тапсырмалары, емтихан билеттері чек лист түрінде жүргізіліп ЖОО талаптарына сәйкес орындалады.

Кафедра ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптық бағыттары «ЖОО-да сауықтырудың инновациялық әдістерін зерттеу және оларды дене мәдениеті сабақтарында қолдану» ғылыми бағыт бойынша зерттеулер жүргізіп келеді.

2014-2019 оқу жылында «Дене тәрбиесі» кафедрасының  оқытушы-профессорлары студенттердің оқу жылы бойынан жатақханада жатқан студенттерге және факультеттердің студенттері арасында спорттың барлық түрі бойынша жылдық күнтізбеге сәйкес жарыстар өткізіледі. Тәртіпті қадағалау мақсатында кафедраның  оқытушы-профессорлар құрамы  факультет өкіміне сәйкес кезекшілік жыл бойы атқарылады. Барлық мамандықтағы студенттерге түрлі бағыттағы іс-шаралар бойынша жарыстар өткізіледі. Университеттің оқытушы-профессорлар және студенттер арасында жыл сайын екі рет спорттың барлық түрі бойынша спорткиадалар өткізіліп оған кафедра оқытушы-профессорлары төрешілік атқарады.

Напишите свой вопрос

 

×