Оспанов Болат Жұмағұлұлы
ө.ғ.к., Доцент м.а.

Орындаушылық өнер кафедрасы

«Орындаушылық өнер» кафедрасы – бәсекеге қабілетті, жеке тұлғалық қасиеттері дамыған, терең білімді, шығармашылық кәсіби ойлау қабілеті жоғары, ғылыми потенциалы мол, өнер саласының түрлі үздік мамандары жиналған университет құрылымының бірі. Кафедра 1995 жылдың қыркүйегінен бастап Актерлік өнер кафедрасы ҚР Халық артисі, «Тарлан» сыйлығының лауреаты, профессор Р.Сейтметовтің басшылығы бойынша 060200 – Орындаушылық өнер мамандығымен ашылып, 2000 жылы 050106 -«Музыкалық білім» мамандығымен, 2004 жылдан бастап, 050409 -«Хореография», 050403-«Вокалдық өнер», 050404-«Дәстүрлі музыка өнері» мамандықтарымен толықтырылып, білімгер-мамандар дайындауда. 2004 жылы Өнер факультеті болып бөлініп, 2006 жылы қайтадан Спорт және өнер факультеті болып біріктіріліп, сол факультеттің құрамында жұмыс жүргізді.

«Орындаушылық өнер» кафедрасы 2014-2015 оқу жылында құрылып, Өнер факультетінің құрамына енді. Бұл кафедра «Актерлік өнер» және «Музыкалық білім»  кафедраларының бірігуімен өз жұмысын жүргізуде.  Қазіргі таңда кафедра B027– «Театр өнер», В006-«Музыкалық білім», В028–«Хореография, В021– «Орындаушылық өнер», В025–«Дәстүрлі музыка өнері» мамандықтары бойынша білімгерлер дайындауда. Кафедра құрамындағы мамандықтар бойынша даярланған түлектер драма және кино актері, музыка пәнінің мұғалімі, хореограф-балетмейстер, дәстүрлі әнші, жеке орындаушы, камералық әнші және ұстаз, теледидар, радио, музыкалық редакцияларда, ғылыми зерттеу орындарында, театрлар, өнер және білім беру саласында қызмет атқарады. Кафедрада 1 пед.ғ.д., доцент, 2 ҚР Халық әртісі, 2 ғылым кандидаты, 2 ХҚТУ профессоры, доцент, 1 ҚР Еңбегі сіңірген әртісі және 3 ҚР Мәдениет қайраткері барлығы 27 ОПҚ қызмет атқарады. Кафедраның ғылыми потенциялының  пайыздық көрсеткіші 25%. Казіргі таңда ЖОО үздік оқытушысы (Р.Сыдықова) қызмет етеді.

В027–«Театр өнер», В021–«Орындаушылық өнер», В025–«Дәстүрлі музыка өнері», В006-«Музыкалық білім», және В028–«Хореография мамандықтары бойынша дәріс жүргізетін оқытушы-профессорлар құрамы – 30. Оның ішінде 1 ғылым докторы, 2 ғылым кандидаты, 2 ҚР Халық әртісі, 2 ХҚТУ профессоры, доцент, 1 ҚР Еңбегі сіңірген әртісі және 3 ҚР Мәдениет қайраткері 7 аға оқытушы, 8 магистр. Аталған мамандықтардың міндетті курстарын кафедраның тәжiрибелi, бiлiктiлiгi жоғары оқытушылары жүргiзедi. Аралық бақылау тапсырмалары, емтихан билеттерi, тест сұрақтары мен СӨЖ және ОБСӨЖ тапсырмалары ЖОО талаптарына сәйкес.

Кафедра ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптық бағыттары: Қазақстанның тәуелсіздігін мен бәсекеге қаблеттілігін нығайту аясында қоғам дамуының тарихы мәдени негіздерін ғылыми теориялық тұрғыда зерттеулер жүргізілуде.  Ғылыми бағыты: «Түркі халықтары мәдениетіндегі қазақ қолөнері мен дәстүрлі музыка өнерін білім мен тәрбие үдерісінде қолданудың өнертанымдық-педагогикалық негіздері» бағыты бойынша кафедра оқытушылары ғылыми мақалаларын Қазақстан Республикасы мен қатар Жақын және Алыс шетелдерде зерттеулерін жариялануда. Ғылыми-зерттеу жұмыстың тақырыбы мен  тіркеуден өткен номері (ҰҒАТО – ГосНТИ) «Болашақ өнер мамандарының заманауи технологияларын арттыру» тақырыбы бойынша Орындаушылық өнер мамандықтары студенттері жетістікке жетіп, өз таңдаған маман иесі болып ғылымын шыңдауда. Жыл сайын Республикалық студенттер арасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып, ҚР Білім және ғылым министрі тарапынан дипломдармен марапатталды.

«Орындаушылық өнер» кафедрасы оқытушылары діни экстремизм мен терроризм, теріс діни ағымдарға қарсы күрес жүргізу мақсатында студенттер арасында үгіт насихат жүргізілді. Студенттердің оқу жылы бойынан жатақханаларға орналасуы, жатақхана ішіндегі ережелерімен толық танысуы, ішіндегі тазалық ережелерін дұрыс қолдануы, тыныштық нормаларын сақтауы жатақхана айналасында тәртіп ережелерін сақтауы, қоғамдық мәдени іс-шараларға өз үлестерін қосу сынды тәрбие жұмыстары жоспарға сай өз дәрежесінде жүргізіледі. Біздің басты міндетіміз – сапалы білім мен сындарлы тәрбие алған білікті мамандар легін тәрбиелеп шығару.

Сонымен қатар кафедрада «Көзқарас» студенттер театры жұмыс жасауда. Бүгінгі студент болашақ өнер қайраткері, мәдениет қайраткері, қоғам қайраткері, ұжым басшысы, саяси өмірге белсене қатысушы, мәдениет пен өнер насихаттаушысы болуы қажеттілігін ұмытпағанымыз абзал. Басты мақсаты мен міндетіміз  — білім беру мен тәрбиені қатар жүргізу. Себебі, оқу үрдісі берілген білім мен тәрбие кәсіптік біліктілікпен ұштастырылғанда ғана жемісті болады.