Хореография

БІЛІКТІЛІГІ

  • Хореография мамандығы  бойынша бакалавры

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Оқу үдерісін сапалы ұйымдастыру және педагогикалық үдерісті басқару;
  • Жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;
  • Жоғары оқу орындарында, техникалық және кәсіптік оқу орындарында сабақтар жүргізу, өз кәсіби қызметінде әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың әдістерін пайдалану;
  • Нормативтік құжаттаманы білікті пайдалану, өз пәндік саласында инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, оқу-тәрбиелеу үдерісіне өз пәндік саласындағы инновацияларды енгізу нәтижелерін талдау және бағалау.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Теория мен практиканы ұштастыра отырып педагогикалық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары  мен кәсіби қызметке даярлауды қалыптастыру;
  • Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын, Қазақстан тарихын, қазіргі ақпараттық технологияларды, мемлекеттік тілді, ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде орыс және шетел тілдерін білу негізінде әлеуметтік-шығармашылық білімді қамтамасыз ету.

 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Қазіргі заман хореография өнерінің дамуы тенденцияларын білу;
  • Хореографиялық шығарманы құру және анализ жасау;
  • Білімді және хореографиялық арнайы пәндердің әдістемесін оқытып үйрете білуді және құрылымның прициптерін қалыптастыру және сол сияқты хореография пәндерін игерудің тәсілдерін үйрену тиіс.

Қолдана білуі: 

  • Хореография  мамандығы  бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет, өнер  шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік іс-әрекетін табысты жүзеге асыра алуы;
  • Хореография  мамандығы  бойынша білім беру саласындағы кәсіби қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін меңгеруі тиіс.

Біліктілігі:

  • зерттеу саласындағы жүйелі түсініктерін, осы сала бойынша зерттеу әдістерін қолдану шеберлігін көрсете білуі;
  • ғылыми зерттеулердің кешенді үдерісін жоспарлау, жасау, іске асыру және түзету іскерлігі;
  • жаңа және күрделі идеяларды сынай отырып талдау, бағалау және жинақтау іскерлігі;
  • өзінің білімін және жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және қоғамға жеткізу біліктілігі;
  • білімге негізделген қоғамның дамуына үлес қосуы.

Құзіреттілігі:

Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
  • Философия

Коммуникативтік модуль

  • Қазақ (орыс) тілі
  • Ағылшын тілі-(Деңгей 1)*
  • Ағылшын тілі-(Деңгей 2)*
  • Түрік (қазақ) тілі-(Деңгей 1)*
  • Түрік (қазақ) тілі-(Деңгей 2) *

Модуль-Би өнері І

  • Жасөспірімдер хореографиясы
  • Классикалық би өнері

Модуль- Би өнері ІІ

  • Халықтық-сахна биін оқытудың әдістемелік негіздері І // латынамерикан би («Е», «D» класстары)
  • Классикалық биді оқытудың әдістемелік негіздері // стандарттық би («Е», «D» класстары)

Модуль- Би өнері ІІІ

  • Классикалық биді оқытудың әдістемелік негіздері // стандарттық би («С» класс)
  • Халықтық-сахна биін оқытудың әдістемелік негіздері ІІ // латынамерикан би («Е», «D» класстары)

Модуль- Балетмейстер өнері

  • Балетмейстер өнері І
  • Тренаж

Модуль-Би өнері ІҮ

  • Классикалық биді оқытудың әдістемелік негіздері // стандарттық би («С», «В» класстары)
  • Би өнері І
  • Халықтық-сахна биін оқытудың әдістемелік негіздері ІІІ // латынамерикан би («С» класстары)

Модуль- Би өнері Ү

  • Хореографиялық мұра
  • Халықтық-сахна биін оқытудың әдістемелік негіздері ІҮ // латынамерикан би («В» класс)
  • Қазақ биін оқытудың теориясы мен әдістемесі І

Модуль- Музыка тарихы

  • Қазақ музыкасының тарихы
  • Шетел музыкасының тарихы

Модуль-Кәсіби би өнері І

  • Модерн І
  • Қазақ биін оқытудың теориясы мен әдістемесі ІІ
  • Дуэтті-классикалық биін оқытудың теориясы мен әдістемесі І

Модуль- Кәсіби би өнері ІІ

  • Қазақ биін оқытудың теориясы мен әдістемесі ІІІ
  • Дуэтті-классикалық биін оқытудың теориясы мен әдістемесі ІІ

ЖОО электив модулі

  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Ясауитану
  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы
  • Саясаттану
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
  • Мәдениет және дін
  • Әлеуметтану
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Құқық негіздері
  • Экономикалық теория
  • Ататүрік принциптері
  • Сыни ойлау
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Еңбекті қорғау
  • Мәңгілік ел

ЖБТ 1 Педагог-Хореограф

Модуль- Композиция

  • Модерн ІІ
  • Грим

Модуль-Шеберлік әдісі

  • Әлем халықтарының билері І
  • Актерлік шеберлік әдісі

ЖБТ 2  Балетмейстер хореограф

Модуль-Бал биінің техникасы

  • Спорттық бал биінің техникалық орындалуы
  • Жеке би

Модуль-Сахналық кеңістік                                                        

  • Сахна және өндірістік сауаттылық
  • Декорация және костюм

Оқытудың қосымша түрі

  • Дене шынықтыру

Кәсіби тәжірибе

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

1-курста Ясауи университетінде өтетін «Оқу тәжірибесі» – 3 апта;

2-курста қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығында өтетін «Үздіксіз өндірістік тәжірибе» – 5 апта;

3-курста қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығында өтетін «Үздіксіз өндірістік тәжірибе» – 5 апта;

4-курста қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығында өтетін «Өндірістік тәжірибе» – 10 апта;

4-курста Ясауи университетінде өтетін «Диплом алды тәжірибе»  – 5 апта.

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Балалар мен жасөспірімдер орталығы

Қысқа мәлімет

Мамандығы
Хореография
Мамандық шифры
5B040900
Факультеті
Өнер
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
Күндізгі
Таңдау пәні
Шығармашылық емтихан
Профильдік пәні
Шығармашылық емтихан
Өту балы
Мамандық бойынша 2 шығармашылық емтихан -50 балл Тест қортындысы бойынша қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндерінің балдары алынады
Оқу ақысы
371 800 тг