Музыкалық білім

БІЛІКТІЛІГІ

  • Музыкалық білім мамандығы  бойынша бакалавры

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Оқу үдерісін сапалы ұйымдастыру және педагогикалық үдерісті басқару;
  • Білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары болашақ музыкалық-педагогикалық қызметке даярлау қабілеттілігі;
  • Зерттеушілік дағдыға ие және өзіндік зерттеушілік жұмыстарды жоспарлауға,  орындауға, жетекшілік етуге, салааралық ғылыми бағыттарды үйлестіруге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау;
  • Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын, Қазақстан тарихын, музыкалық білім берудің тарихы мен әдістемесін, қазіргі ақпараттық технологияларды, мемлекеттік тілді, ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде шетел тілдерін білу негізінде әлеуметтік-гуманитарлық білімді қамтамасыз ету.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Теория мен практиканы ұштастыра отырып педагогикалық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары  мен кәсіби қызметке даярлауды қалыптастыру;
  • Кәсіби білімнің іргетасы ретінде музыкалық-педагогикалық және арнайы сипаттағы базалық білім, дағды және жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыру.

 БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Рухани мәдениет діннің мәні мен шығу тегіне қатысты әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы негізгі білімдерді, түркі халықтарының тарихи тағдырындағы ролін білу;
  • Жаһандану мен интернациялизацияландыру жағдайында отандық ғылымның дамуының заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын; ғылыми танымның әдіснамасын; белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктерін зерттеуі;
  • Ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша базалық білімдерді меңгеруі.

Қолдана білуі: 

  • Музыкалық білім  мамандығы  бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет, өнер  шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік іс-әрекетін табысты жүзеге асыра алуы;
  • Музыкалық білім  мамандығы  бойынша білім беру саласындағы кәсіби қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін меңгеруі тиіс.

Біліктілігі:

  • ерттеу саласындағы жүйелі түсініктерін, осы сала бойынша зерттеу әдістерін қолдану шеберлігін көрсете білуі;
  • ұлттық және шет елдердің мәдени-тарихи құндылықтарын, көнеден қазіргі заманға дейінгі мәдениеттің дамуы кезеңдерін білуі;
  • жаңа және күрделі идеяларды сынай отырып талдау, бағалау және жинақтау іскерлігі;
  • өзінің білімін және жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және қоғамға жеткізу біліктілігі;
  • білімге негізделген қоғамның дамуына үлес қосуы.

Құзіреттілігі:

Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
  • Философия

Коммуникативтік модуль

  • Қазақ (орыс) тілі
  • Ағылшын тілі-(Деңгей 1)*
  • Ағылшын тілі-(Деңгей 2)*
  • Түрік (қазақ) тілі-(Деңгей 1)*
  • Түрік (қазақ) тілі-(Деңгей 2) *

Модуль-Психология және физиология

  • Психология және адам дамуы
  • Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы

Модуль-Музыка сауаты І

  • Музыка теориясы І
  • Музыкалық этнография
  • Дауыс тренинг

Модуль- Мектеп педагогикасы

  • Педагогика І
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

Модуль- Орындаушылық шеберлік І

  • Музыкалық аспап І (фортепиано, баян, аккордеон, домбыра, қобыз)
  • Хорға дирижерлік ету І

Модуль-Музыка тарихы

  • Қазақ музыкасының тарихы
  • Шетел музыкасының тарихы

Модуль- Орындаушылық шеберлік ІІ

  • Музыкалық аспап ІІ (фортепиано, баян, аккордеон, домбыра, қобыз)
  • Хорға дирижерлік ету ІІ

Модуль-Музыка сауаты ІІ

  • Музыка теориясы ІІ
  • Сольфеджио

Модуль- Музыка мұғалімнің орындаушылық шеберлігі

  • Музыкалық білім беру әдістемесі
  • Сыныптан тыс музыкалық тәрбие
  • Музыкалық аспап ІІІ (фортепиано, баян, аккордеон, домбыра, қобыз)

Модуль-Басқару, ұйымдастыру, бағалау

  • Инклюзивті білім беру
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
  • Білім берудегі менеджмент

Модуль- Орындаушылық шеберлік ІІІ

  • Музыкалық аспап ІҮ (фортепиано, баян, аккордеон, домбыра, қобыз)
  • Хорға дирижерлік ету ІІІ
  • Заманауи әндерді орындау

Модуль-Орындаушылық шеберлік ІҮ

  • Музыкалық аспап Ү (фортепиано, баян, аккордеон, домбыра, қобыз)
  • Хорға дирижерлік ету ІҮ
  • Хор класы І

Модуль- Түркі музыка өнері

  • Қоғам және музыка
  • Жеңіл және классикалық музыка

ЖОО электив модулі

  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Ясауитану
  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы
  • Саясаттану
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
  • Мәдениет және дін
  • Әлеуметтану
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Құқық негіздері
  • Экономикалық теория
  • Ататүрік принциптері
  • Сыни ойлау
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Еңбекті қорғау
  • Мәңгілік ел

ЖБТ 1 Музыка мұғалімі

Модуль- Студиядағы жұмыс

  • Студиядағы жұмыс
  • Түркі дүниесінің ән өнері

Модуль- Музыкамен сүйемелдеу

  • Концерттік хор
  • Фортепиано

Модуль-Музыкалық технология

  • Музыкалық білім беру әдіснамасы
  • Ән дәстүрін зерттеудің әдістемесі

ЖБТ 2  Жеке орындаушы

Модуль-Дыбыстану

  • Гармония
  • Қазақтың дәстүрлі әншілікм өнері

Модуль-Оркестр

  • Әуенді-ырғақтық тәрбие
  • Аспаптық ансамбль

Модуль-Музыка тану

  • Музыкалық эстетика
  • Музыка мәдениеті

Оқытудың қосымша түрі

  • Дене шынықтыру

Кәсіби тәжірибе

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

1-курста Ясауи университетінде өтетін «Оқу тәжірибесі» – 3 апта;

2-курста  қалалық мектептерде өтетін «Үздіксіз педагогикалық тәжірибе» – 15 апта;

3-курста қалалық мектептерде өтетін «Үздіксіз педагогикалық тәжірибе» – 15 апта;

4-курста облыстық, қалалық мектептерде өтетін «Өндірістік тәжірибе» – 10 апта;

4-курста Ясауи университетінде өтетін «Диплом алды тәжірибе»  – 5 апта.

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • А.Байтұрсынов атындағы № 1 жалпы орта мектебі
  • № 23 жалпы орта мектебі
  • Саз мектебі
  • Н.Төреқұлов атындағы № 8 жалпы орта мектебі
  • Бөген   жалпы орта мектебі

Қысқа мәлімет

Мамандығы
Музыкалық білім
Мамандық шифры
5В010600
Факультеті
Өнер
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
Күндізгі
Таңдау пәні
Шығармашылық емтихан
Профильдік пәні
Шығармашылық емтихан
Өту балы
Мамандық бойынша 2 шығармашылық емтихан -50 балл Тест қортындысы бойынша қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндерінің балдары алынады
Оқу ақысы
443 300 тг