Инженерия факультеті

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Жаратылыстану және инженерлік факультеті Университет Сенатының ұсынысы негізінде, 2002 жылы сәуір айының 26 жұлдызындағы Өкілетті Кеңестің N16 шешіміне байланысты N2/1550 19.08.2002 ж. бұйрығымен жеке факультет болып бөлініп шығып, 2004 жылы қазан айында «Жаратылыстану» және «Ақпараттық технологиялар және инженерлік» факультеттері болып екіге бөліңді, 2006 жылы тамыз айында Университет Сенатының шешімімен «Жаратылыстану» және «Ақпараттық технологиялар және инженерлік» факультеттері біріктіріліп «Ақпараттық технологиялар және жаратылыстану» факультеті құрылды. 2007-2008 оқу жылынан бастап Университет Сенатының шешімімен «Жаратылыстану» және «Ақпараттық технологиялар және инженерлік» факультеттері болып екіге бөлінді. Университет Сенатының шешімімен 2014-2015 оқу жылынан бастап факультет Инженерия деп өзгертілді.

9
Мамандық
374
Студент
80
Жұмыспен қамтылған
45
ОПҚ

Факультетте ғылым саласы бойынша жүргізілетін жұмыстардың бағыттар айқындалып, негізгі 2 тақырып белгіленіп, олар «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ- да тіркеліп, осы бағыттарда ОПҚ ғылыми жұмыстары жүргізілуде:
1) Қойшиев Т.Қ. –  “Жаңғыртылатын энергия көздері және энергия үнемдеу технологиялары”.
2) Марасулов А. М.  –  “Жаратылыстану саласындағы процестерді моделдеу және интеллектуалдық, ақпараттық-бағдарламалық кешендерді жобалау”.
2015 жылдың сәуір айында Инженерия факультетінің профессорлары техн.ғ.д., профессор  Т.П.Раимбердиев және техн.ғ.д., профессор Т.Қ.Қойшиев  Түркия тарапынан қаржыландыратын ғылыми жоба жеңіп алды.
2017-2018 оқу жылында Әлемдік рейтингтік ғылыми журналдардағы  жарияланымдарда Импакт факторы бар 10 мақалалар жариялады.

2018-2019 оқу жылында Инженерия факультетінде 3 үйірме жұмыс істеп келеді. Атап айтсақ Компьютерлік ғылымдар кафедрасында Интернет технологиясы, Компьютерлік инженерия кафедрасында «Бағдарламалау технологиясы» және Электр инженериясы кафедрасында «Жас энергетик»  атты үйірмелер.

Түркия республикасының Гази және Сакария университеттерімен ғылыми байланыстар орнатылған.

— 2017-2018 оқу жылында 5В070200-Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша Республикалық пән олимпиадасында АБА-511 тобының студенті Қоғашов Аслан ІІІ орын иеленді , ғылыми жетекшісі Шукенова Ғ.Ә.
— 2017-2018 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша факультетте 11 шетелдік ОПҚ дәріс өтті.
— 2017-2018 оқу жылына Әлемдік рейтингтік ғылыми журналдар 10, ҚР БжҒм Білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынатын басылымдарда 46 мақала жарық көрді. Жалпы соммасы 4,0 млн тенге құрайтын 2 ғылыми жоба орындалды.
—  2018-2019 оқу жылынан бастап Инженерия факультетінің студенттері дуалді оқыту жүйесі бойынша аптасына 1 кун Кентау трансформатор зауытында практикалық сабақтар өтеді
—   Инженерия факультетінде 2018-2019 оқу жылында 11 мемлекеттен келіп 63 шеттелдік студенттер білім алуда.