Жунисов Нурсейт Мухидинович
Компьютерлiк инжинерия кафедрасының меңгерушісі, PhD

Компьютерлік инженерия кафедрасы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Компьютерлік инженерия кафедрасы 1999 жылы ІТ саласында бәсекеге қабілетті мамандар дайындау мақсатында жеке кафедра болып құрылды. Оқытушы-профессорлар құрамы оқытудың қазіргі заманауи технологиялары мен жаңа әдістерін, студенттердің танымдық ақпараттық  қызметін жандандыру құралдарын кеңінен қолданады. Кафедрада Түркия және 9 түркітілдес мемлекеттерден келген 10 ұлттан құралған шетелдік студенттер бар.
Кафедрада 2 мамандық бойынша бакалаврлар және 1 мамандық бойынша магистратура мамандықтары дайындалады.
Кафедрада «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегерлері мен республикалық деңгейде марапатталған ғалымдар қызмет етеді.Республикалық пәндік олимпиадаларда бірнеше рет 5В070300-Ақпараттық жүйелер, 5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтарының студенттері 3-орынды иеленген. ҚР БҒМ ұйымдастырған студенттердің үздік ғылыми жобасы конкурсының жеңімпаздары І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып келеді.
Кафедра жанынан Cisco академиясы ашылған және курстар ұйымдастырылып, сертификаттар беріледі. «КТЗ» АҚ-мен жасасқан келісім- шарт негізінде мамандықтың студенттері дуальдік жүйеде білім алуда. Академиялық ұтқырлық бойынша бірнеше студенттеріміз бен магистранттарымыз Еуропа мен Азия мемлекеттерінде 1 академиялық кезең бойында білім алуда, алыс және жақын шет елдердегі алдыңғы қатарлы университет профессорлары кафедрада дәрістер беруде.

Мамандықтың оқу жоспарларындағы жеке пәндер блогы бойынша жұмыспен қамтылған (еңбек келісім-шарттарын жасасқан) оқытушы-профессорлар құрамының штат бірліктерінің жалпы саны – 11. Оның ішінде 2 ғылым кандидаты, 2 PhD,  5 аға оқытушы, 1 магистр қызмет атқарады. Аталған мамандықтардың міндетті курстарын кафедраның тәжiрибелi, бiлiктiлiгi жоғары оқытушылары жүргiзедi және эллективті курстардың тақырыптары қазiргi заманғыақпараттық технология салалары бойынша соңғы жетiстiктерiне жұмыс берушінің ұсыныстарын негiздей отырып таңдап алынған.
2017-2018 оқу жылының жарты жылдығында кафедрадағы профессор-оқытушылардың индикативті оқу-әдістемелік жұмыстары  өз деңгейінде орындалуда.
2017-2018 оқу жылы 1, 2, 3, 4 курс студенттеріне және  2 курс магистранттарына өтілетін пәндер бойынша силлабустар, жұмыс оқу  бағдарламалары және оқу-әдістемелік кешен дайындалды.
2017-2018 оқу жылындағы оқу-әдістемелік семинар жоспарының орындалуы түзілген, оқу жылының 1-ші жарты жылдығында 3 баяндама жоспарланған, 3 баяндама баяндалды және семинарда талқыланып, жетістік жақтары оқу процесінде қолданылу мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылды және талқыланды.

Ғылыми жетекшісі Амиртаев Қ.Б.Үсен Ж.Ж. III дәрежелі Диплом.«Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің X Республикалық пәндік олимпиадасы, Алматы, 2018.
Ғылыми жетекшісі Досанов Н.Е. Ташен Е. «АЙМАҚТАРДА ИНВЕСТИЦИЯ ҚАЖЕТТІЛІГІН АНЫҚТАЙТЫН БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАУ».«Елбасының жаңа қазақстандық патриотизммен ұлттық идеологияның қалыптасуындағы рөлімен қызметі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағы, Астана, 2018.
Ғылыми жетекшісі СадыбековР.Ш. Алмас П.Қ. Белсенді жүйелерді басқаруды бағалаудың ақпараттық жүйесін құру.«Елбасының жаңа қазақстандық патриотизм мен ұлттық идеологияның қалыптасуындағы рөлі мен қызметі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағы, Астана, 2018.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық, университет ішілік байқаулары, пәндіқ олимпиадалары,  . факультет аралық студенттер арасында бірнеше спорт түрі бойынша спартакиа ұйымдастырылды.
Компьютерлік инженерия кафедрасында 1-4 курс студенттер үшін «Компьютерлік графика» және «Бағдарламалау технология» үйірмелер жұмыс жасайды, сонымен қатар  спорт сүйер ер студенттер факультет профессор-оқытушыларымен бірге апта сайын волейбол, баскетбол ойындарын ойнайды.
Кафедрада тәрбие жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: Қоғамдық тәрбие;
Адамгершілік-рухани тәрбие; Салауатты өмір салты;Эстетикалық тәрбие ; Экологиялық тәрбие;  Ұлттық-рухани және патриоттық тәрбие; Құқықтық тәрбие.