5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қаматамасыз ету

БІЛІКТІЛІГІ

5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары: — Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бітірушілердің кәсіби қызмет обьектісі болып келесі обьектілер саналады;

  • Есептеу машиналары, кешендері, жүйелері және желілері;
  • Ақпарат өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелері;
  • Автоматтандырылған жобалау жүйелері;
  • Есептеу техникасы құралдарының және ақпараттық жүйелердің бағдарламалық қамтамасыз етілуі (бағдарламалар, бағдарламалық кешендер мен жүйелер).

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Ақпаратты-бағдарламалық кешендер компоненттерінің сәулетін және оған сәйкес адам-машиналық интерфейстерін жобалау;
  • Ақпаратты өңдеудің және басқарудың компьютерлік жүйесін жүзеге асыру үшін бағдарламалау құралдарын, есептеу техникасы құралдарын қолдану;
  • Кәсіби қызмет обьектілерінің жұмыс істеуімен байланыстағы ақпараттық есептеу үрдістерінің бағдарламалық және математикалық модельдерін зерттеу және құру;
  • Есептеу техникасы жабдықтары мен жүйелерінің, процестердің, құбылыстардың математикалық модельдерін жүзеге асыру және талдау;
  • Кәсіби қызмет обьектілерін зерттеу және өңдеу процесін ұйымдастыруда инструментальды бағдарламалық жабдықтарды және есептеу техникасы жабдықтары технологиясын таңдау.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Жүйелерді талдаудың сапалық және сандық әдістерін, жүйені баяндаудың теориялық-жиындық әдістерін;
  • Модельдеудің негізгі кластары және модельдеу әдістерін, үрдістер модельдерін құру ұстанымдарын, жүйе модельдерін ЭЕМ-де қалыптастыру, алгоритмдеу және іске асыру әдістерін;
  • Басқару теориясының негізгі ережелерін, сызықтық үзіліссіз және дискретті басқару жүйелерін талдау және синтездеу әдістерін;
  • Есептеу жүйелерінің сәулетін құру үрдістерін;
  • Бағдарламалық бұйымды өндіру технологиясын, әдістерін және жабдықтарын;
  • Түрлі мақсаттағы автоматтандырылған жүйелерді әзірлеу және пайдалану кезінде тіршілік қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз ету ұстанымдарын.

Қолдана білуі:

  • Обьектілерді және құбылыстарды жүйелік талдау әдістерін, істі зерттеу және шешім қабылдауды;
  • Автоматтандырылған жүйелердің ұйымдастырушылық, функциональдық және техникалық құрылымын талдауға арналған формальды ақпарат, жүйемен шешілетін есептер құрамын анықтауды;
  • Ақпараттық технология әдістерін және оның автоматтандырылған жүйелерін әзірлеу және жобалау кезіндегі құралдарын.

Біліктілігі:

  • 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры

Құзіреттілігі:

  • Технологиялық процесстердің кезеңдерімен, өндірісте еңбекті қорғау процесстері және қоршаған ортаны қорғаумен байланысты мәселелерде.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
  • Философия

Коммуникативтік модуль

  • Қазақ тілі
  • Ағылшын тілі
  • Түрік тілі

БАЗАЛЫҚ КӘСӘПТЕНДІРУ МОДУЛЬДЕРІ

Модуль –Дискретті математика

  • Дискретті математика
  • Компьютер сәулеті I

Модуль  – Интерфейстер

  • Перифериялық құрылғы және интерфейстер
  • Графтар теориясы

Модуль  – Интернет технология

  • Бағдарламалау ІІ
  • Интернет технологияларыІ

Модуль  – Желілер және графика

  • Компьютерлік желілер І
  • Компьютерлік графика І
  • Ақпараттықорғау және криптография

Модуль  – Бағдарламалау

  • Бағдарламалау ІІІ
  • Компьютерлік графика ІІ

Модуль  – Бағдарламаларды өңдеу

  • Бағдарламаларды өңдеудің құрал-жабдықтары
  • Операциялық жүйелер (Lunix /Unix)

Модуль  – Жүйелік бағдарламалау

  • Жүйелік бағдарламалау
  • Компьютерлік желілер ІІ

Модуль –Компьютер сәулеті

  • Бағдарламалау ІV
  • Компьютер сәулеті ІІ
  • Компьютерлік есептеулер

Модуль 9 – Мәліметтер қоры және бағдарламалау

  • Visual Studio Net
  • Жүйелік бағдарламалау
  • MS SQL on Unix

ЖОО электив модулі

  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Cаясаттану
  • Экономикалық теория
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Түркі халықтарының дүниетанымы (Ясауитану)

ЖОО электив модулі

  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Cаясаттану
  • Экономикалық теория
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Түркі халықтарының дүниетанымы (Ясауитану)

ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ

Модуль  – Дерекқор жүйелері 

  • Шешім қабылдау теориясы
  • Дерекқор жүйелері

Модуль  – Автоматтандыру және жобалау

  • Төлем жүйелерін автоматтандыру
  • Жобалауды ұйымдастыру
  • Комбинаторика

Кәсіби тәжірибе

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіькен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

1-курста «Оқу тәжірибе»- 3 апта

2,3-курста «Өндірістік тәжірибе»- 3 апта

4-курста «Өндірістік тәжірибе»- 10 апта

4-курста «Диплом алды тәжірибе»- 5 апта

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  1. Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімі
  2. ЖШС МКҰ «Несие-КZ»
  3. ТОО «Дәуір»
  4. ТОО «Астана құрылыс конструкциясы»
  5. Түркістан аудандық телекоммуникация
  6. «Kaz Micro Finance» «Микрокредиттік ұйымы» ЖШС-гі
  7. Түркістан қаласы Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Есептеу техникасы және бағдарламалық қаматамасыз ету

Мамандық шифры

5В070400

Факультеті

Инженерия

Оқу деңгейлері

Бірінші жоғары білім

Оқу түрлері

Күндізгі

Таңдау пәні

Физика

Профильдік пәні

Математика

Өту балы

50-100

Оқу ақысы

343000 тг