6М070300-Ақпараттық жүйелер

БІЛІКТІЛІГІ

6М070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша техника және технологиялар магистры

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу;
  • Жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;
  • Экологиялық, дене мәдениетін, этикалық, құқықтық мәдениетті және ойлау мәдениетін қалыптастыру;
  • Бакалаврды тілдік даярлау;
  • Кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру.
  • Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын, Қазақстан тарихын, қазіргі ақпараттық технологияларды, мемлекеттік тілді, ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде орыс және шетел тілдерін білу негізінде әлеуметтік- техникалық білімді қамтамасыз ету;
  • Кәсіби білімнің іргетасы ретінде ақпараттық және арнайы сипаттағы базалық білімді қамтамасыз ету;
  • Мамандық шеңберінде кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыларды қамтамасыз ету. Білім беру бағдарламалары біліктіліктің Еуропалық аясымен үйлестірілген Дублин дескрипторларына және ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес жасалады. 

Жалпы білім берудің міндеттері:

Жалпы білімділікке қойылатын талаптар:

—  ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік- техникалық жаратылыстану және техникалық ғылымдары бойынша базалық білімдерді меңгеруі;

—  есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, өздері жұмыс жасайтын қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік іс-әрекетін табысты жүзеге асыра алуы;

—  күнделікті кәсіби қызметте және білімді магистратурада жалғастыруға қажетті жаңа білімдерді алу дағдыларын меңгеруі тиіс. 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ 

Білімі:

6М070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасын аяқтағаннан соң бітіруші:

– ғылыми-ақпаратты жинақтау, өңдеу және сақтау әдістерін қоса қазіргі ақпараттық технологияны меңгеруі әдісін білуі, ғылыми ақпаратты игеріп және қолдануығ қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерді шешу және құра білу, ғылыми зерттеу, эксперименттік зерттеу қызметін таңдаған мамандығы бойынша енгізу және жоспарлау, жоғары оқу орындарында дәріс беру, басқару және зерттеу қызметін табысты атқара білуі тиіс. 

Қолдана білуі:

  • Дербес компьютердің техникалық және бағдарламалық құжаттарымен жұмыс жасайды;
  • Кәсіби есептердің алгоритмін және қасиеттерін қолданады, шешеді;
  • Операциялық жүйелерде жүйелік басқарушы бола алады;
  • Өзіндік математикалық модельдерді талдай алуы, әртүрлі есептерді шешу барысында бағдарлама құру және дайын бағдарламаны қолдана алады. 

Біліктілігі:

  • Дербес компьютер архитектурасына қатысты мысалдар келтіріп, мәселені шешу жолдарын түсінеді және дәлелдейді;
  • Заманауи есептеу техникасымен, байланыс түрлерімен, кәсіптік мақсаттағы ғаламторды қолдана білу және ақпаратты басқарады;
  • АТҚ-ды және физзикалық оқыту техникасы мен жолдарын өз бетінше шешім шығарады және өзгерте алады;
  • Қолданбалы мәселелерге қатысты жағдайлардың шешілу жолдарын ұжымда талқылап, ұйымдастырады. 

Құзіреттілігі:

  • Заманауи ақпараттық технологияларды меңгеру және кәсіби салада қолдануға қабілетті;
  • Ақпараттық техникалық құралдарды оқыту технологиялары мен жолдарын өз бетінше өзгертуге қабілетті;
  • Кәсіптік білімін жинақтауға, өңдеуге және жүйелеуге  және кәсіптік білімін өмір бойы жетілдірудің маңыздылығын түсінуге қабілетті;
  •  Мәселелердің дұрыс шешімін табуда математикалық және ғылыми принциптер, сандық әдістер, жабдықтар және нотацияларды қолдану мен  дамытуға қабілетті.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Ғылымның тарихы және философиясы
  • Шетел тілі (кәсіби)
  • Психология
  • Педагогика

Кәсіби міндетті модулі

  • АЖ-ны талдау, моделдеу және жобалау
  • Ақпараттық жүйелердің архитектурасы

Модуль — Ақпараттық желілер 

  • Заманауи талшықты оптикалық желілер
  • Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі мен басқару

Модуль-Жаңа технологиялар

  • Заманауи компьютер сәулеті
  • Бұлтты технологиялар (IBM)

Кәсіби элективті модулі

  • Жасанды интеллект негіздері
  • Бағдарламалаудың жаңа технологиялары
  • Ақпараттық жүйелердің инфрақұрылымы
  • Ақпараттық процестерді модельдеу
  • TCP/IP қауіпсіздігі
  • Нейрондық желілер
  • Кибер қауіпсіздікке кіріспе
  • Биоақпарат
  • Криптоанализ
  • обототехника және автоматтандыруда зерделеу технологиясы
  • Желі қауіпсіздігі
  • Криптографияға кіріспе

Кәсіби тәжірибе

  • Тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіькен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:
  • 2 курс-Педагогикалық (3 — апта) (үздіксіз)
  • 1курс-Зерттеушiлік (6 — апта) І
  • 2курс-Зерттеушiлік (6 — апта) ІІ

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Ақпараттық жүйелер

Мамандық шифры

6М070300

Факультеті

Инженерия

Оқу деңгейлері

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Оқу түрлері

Күндізгі

Таңдау пәні

Физика

Профильдік пәні

Математика

Өту балы

50

Оқу ақысы

646 300